Операция "Ы" немесе Біз қалай қыз алып қаштық...

Көзім жеткені, өмір деген өзі солай екен. Жүре берсең — көре бересің… 20 жылдық өмірімде Құдай мені аз нәрсемен сыйламады деп ойлаймын. Қазір ойланып қарасам, осы уақыт ішінде көрген біршама күліп еске қызықтарым да аз емес екен

Бір ағам бар еді.Отызға таяп келгенше қыз-келіншек туралы ләм-мим деп ауыз ашпайтын. Көкем, жарықтық, үйлену туралы әңгіме бастаса, үйді тастап кетіп қалатын… Бір күні ағам да жалықты, білем… Келесі, осындай әңгіменің басы шықпай жатып, "Үйленем" деді. Көкемнің жүзінен таңырқаған смайлик жарқ ете қалды:
— Ойбай-ә? Қашаннан бері? Біреуің бар ма?
— Жоқ…
— Енді, өзіңе-өзің үйленбейтін шығарсың?
— … ағамда үн жоқ…
Ал, күн өтіп, кемпір-шал қосақтасып қыз іздеді дейсің Базар өткен барлық адамнан қыз сұрап

Бір-екі аптадан соң көкем:
— Тышқан көкеңнің (Құдамыздың погоняласы) қызы бар екен. Үлкен қызы биыл мектеп бітіріпті. Жолығып көрсең қайтед?— деді.
Ағам үнсіз басын изеді.Бір-екі күн өтіп ағаммен еріп қызбен кездесуге де бардық. Әңгіме жаман болмады. Тағы жолығатын болып қайттық. Жеңгелерден келген сахих өсектерге қарағанда, қыз да кетәрі емес көрінеді. Бірақ 5-6 айдай күту керек екен-мыс.

Түннің ортасына дейін жалғасқан жанұялық кеңестің жарлығы бойынша күте алмайтын болып шештік. Қыздың ата-анасы қарсы емес еді.«Жәкем-ау, сенімен құда болсам, арманым болмас еді, бірақ, қыздың райына не дей аламын» деген сияқты әңгімелерді локаторым шартсыз қабылдап қойған еді. Сонымен жол біреу! Алып қашатын болдық! Әрине, жоспарсыз қалай болмақ?! Шыбындардың айналып ұшу жоспарына дейін түк қалдырмай тізіп шықтық! Сөйтіп операцияны бастадық…

*Ескерту: бұл тек сауаттандыру мақсатында ғана жазылып отыр. Қайталауға тырыспаңыз. Өйткені барлық әрекетті тек қана профессоналдар орындаған. Мұнда айтылған шаралар арқылы қыз ап қашып кетіп, тордан бір-ақ шықсаңдар мен жауап бермеймін. Тем более біздің жағдайымызда ауылдағы аймақтық полиция (участковой) өзіміздің ағамыз еді


1) Қызды аудан орталығына кездесуге шақырдық.
! Ол келісті. Бірақ, жеңгесімен бірге шығатын болды.
2) 2002 жылғы су жаңа (ол кезде су жаңа еді) НИВА автокөлігін жуып шайып жолға дайындап қойдық.
! Сол күннен алдын келін түсіруге дайындық деп жайлаудағы үйден қой артып әкелгенбіз
3) Ағамның шашын қиып, жеңі қысқа көйлегі мен қара шалбарын кигізіп, рух берумен болдық.
4) Қыздың үйіне бардық та қыз бен жеңгесінің көздерін гүл-гүл жайнатып көлікке отырғызып, үлкен жолға шықтық!
5) Сәл жүрген соң рөлде отырған ағам, «оппоооооооо» деп қалтасын қарай бастады. Мен білмегенсіп не болғанын сұрадым. Ол портмонесінің (ол кезде бұл сөзді қайдан білеміз?! Кәшөлөк қой) үйде қалып кеткенін, тездетіп бұрылып барып алып қайтуымыз керек екендігін айтты.
6) Осылайша 100км/сағ жылдамдықпен ұшып келіп, үйге кіріп кете салдық. Қыз бен жеңгесі ШОК!

Ары қарай белгілі ғой, келінді үйдегілер кіргізіп алды. Көндірді. Ағам екеуміз ауылдан кетіп қалғанбыз. Беташар күні келіп, неке оқылды. Арғы жағы точно белгілі енді…

Қазір, екеуі бақытты да баянды ғұмыр кешіп жатыр. Үйлеріне қонаққа барғанда өткен оқиғаларды қуанышпен еске алып отырамыз. Ұл-қыздары бар. Қызығын көрсін!

Бұл постыммен алып қашуды жақтап жатқаным емес, әсті… Тағдырдың не дайындағанын кім білсін…
Бөлісу:

24 пікір

aksakal
Не де болса Қара сақалдан басыммын!
blackbeard
Абайдың баласымен «Ақ зат асыл ма? Қара зат асыл ма? деген диалогы есіме түсіп кетті
konvict
маған көмектесесің ғо
Daniar-Alan
Әбеке Қарасақал Куала-Лумпурдан келгенше күте тұр енД
Gastarbaiter
Өмір бақи жалғыз қалу қаупі болса да қыз алып қашпас едім.
Zilola
бәрі осылай сәтті аяқтала бермейді негізі
saken
уақытына ғана қатысты келіспеушіліктері болмаса, жалпы екі жақтың келісімі болып тұр ғой. Экшнге келе қоймайтындай жанры
ushkin
хе-хе)күшті. қайталап оқи берем) қайнар көзін жазбапсың ғой ))))
Milzhyng
көзді аясайш қайта оқи берсең зреня төмендейд
ushkin
сіз түсінбедіңіз, қарасақал неге қайталап оқи беретінімді түсінеді. )
AKA
Мен түсініп қойдым  Жақсы жазған, өте ұнады!
Khan
Анау көкең сияқты тормоздарға жыным құрысады. Қыздың бетіне тура барып әңгіме айта алмайтын неқылған еркек десеңші. Тура, Айжантабынның арманындағы «Тепсе темір үзетін, сөйлемейтін, тек тыңдай беретін» жігіт сияқты ғо
Milzhyng
за то Айжантабынның арманындағы жігіт сөйлемесе де, күндердің күнінде бір теуіп жұлынын үзіп жібереді ғой.

Тепсе темір үзетін, сөйлемейтін, тек тыңдай беретін
жалпы мына анықтама ауру псих сияқты. Айтматовтың мәңгүрті сияқты: үндемейді, тыңдай береді.
blackbeard
Әңгіме айтты ғой енді. Қызды күте алмадық та!!!
Daniar-Alan
Айжантабынның арманындағы «Тепсе темір үзетін, сөйлемейтін, тек тыңдай беретін»
Армандарың сол болса үстінен бөзі аузынан сөзі түскен біреулерді тауып алыңдар  біздің орта олай емес, әсіресе керектік орта
Gulistan
Сонда өзің нешеде болдың? :-)
Nurgisa
Бір жеріне қарамай, қыз алып қашып…
blackbeard
15 те едім по-моему! Ниваның жылымен Беташарды шатастырып алмаңыздар
JAKO
15, хмм,«болар бала...»-деген…
nurbolkhan_
Қатырған екенсіңіздер әнәсс! Әкел күнделігіңді «5». Аааа, айтпақшы ағаң тормыз екен
Arys_arlany
15 те едім по-моему!
тошны баласақал кезің екен ғо ))))