Жындар бар ма?
Жындар туралы көп естіп, көп оқып жүрміз. Расында жындар бар дейді. Оған дәлелге «Зәриәт» сүресінің 56-аятын келтіреді: «Мен жындар мен адамдарды өзіме құлшылық қылуы үшін жараттым». Алдында мен домовой туралы пост жазып едім. Оған сенгендер бар, сенбегендер бар. Мен жаңа ютубтан мына видеоны көріп отыр едім. Тура орта жеріне келгенде, анау жігіт дүкенде тұрғанда зат құлайтын жеріне келгенде стөлдің үстінде тұрған зат құлап кеткені. Жарық сөніп тұрған. Автоматты түрде қосуға тура келді.
Осы тектес видеолардың көбі фэйк.
Музыкасы арлықы ақ дірілдетуге болады.
Жынды деп жатамыз ғой ішіне жын кіріп кеткен адамды.
Өзім сенемін…
Мұсылман жындар мен кәпір жындар болып бөлінеді.
Ал перішенің жын екенінен хабарым жоқ.
Жындар ауа мен оттан жаратылған. Оттың жалыны көрінбейді. Құрамындағы қатты молекулалар ыстықта жалтырап көрінеді. Сол үшін де жындар көзге көрінбейді. Жалын екіге бөлінеді: зулмани және нурани. Екеуін де көзбен көру мүмкін емес. Зулмани жалыннан жындар, нурани жалыннан періштелер жаратылған. Топырақтан (әр түрлі элементтерден) жаратылған адамдағы элементтердің органикалық күйлерге енетіні сияқты, періштелер мен жындардағы оттың да түрі өзгеріп, кез-келген сипатқа ене алады.
Жындардың да мұсылманы, кәпірлері бар. Періштелер мен жындар жаратылу тұрғысынан бір-біріне жақын. Періштелер қадірлі, ал жындар қадірсіз. Періштелерде жарық бөлігі, ал жындарда от бөлігі басым. Періштелердің жындарға жақындығы адамның жануарларға жақындығына ұқсайды. Адамзаттың ұлылары періштелерден қадірлі, жындар да жануарлардан қадірлі болып есептеледі.
Көне философтардың біразы және Қадарийа тобының (тағдырды адам жаратады деп сенетіндер) кейбір өкілдері жын мен шайтанға сенбеді. Осылайша, Ислам дінінен шықты.
Құран Кәрімнің “Зарият” сүресінің 56-аятында: «Адамдар мен жындарды Мені танып, Маған құлшылық етулері үшін жараттым» деп айтылған. “әр-Рахман” сүресінің 74-аятында жындардың жұмаққа баратындығы туралы айтылады. Яғни, мұсылман жындар жаннатқа кіреді. “әр-Рахман” сүресінің 31-аятындағы «Сақаләйн» кәлимасы да «Ей, адамдар мен жындар» дегенді білдіреді. “Нас” және “Жин” сүрелері де жындардын бар екенін ашық түрде дәлелдеуде. Жынның бар екенін көрсететін аяттарды басқа мағынаға бұрмалайтындар Ислам дінінен шығады. деген екен
Енді ойланып қалдым: адам күшті ме, жын күшті ме?
Тілекке жын қонды деп шықты халық. Себебі: жасы қырық үшке келгенде, «басқа әйелді сүйіп қалдым!» дегенді шығарып, масқара очм. Ағасы Мұратбек келді де:
— Э лібәдтің дауылбайы, тағы осылай еркелесең — тігем нақ! — деді.
Тілек, яки халықша айтқанда — жын — жым болды. Қырық бес жасын тойлағанда елден, әйелінен ағыл-тегіл жылап, кешірім сұрапТ деседі ел артындағы аңыздар мен көнекөт қариялардан қалған әңгімелерде.
Тағы біраз күннен соң кухнядағы жеңгеме «бауырсақ пісіріп жатырсың ба?» деп айқайлайтын көрінеді. «Жоқ» десе, мұрныма бауырсақтың иісі келді депті.
Енді бірде Ембіде төбелесте қайтыс болып кеткен бір жігіт бас жағында темекі шегіп отырған көрінеді. Тағысын-тағы сондай әңгімелерді көп айтатын. Онысына ешкім аса мән бермесе керек.
Ақыры сол ағам асылып өлді.
Жуынатын бөлмедегі кір жаятын жіп үзілген, батареяда бір белдік тұр. Ақыры өзінің бір қара шалбарын қиып-қиып… Соншама аласұрып өзін қинайтындай, не итермеледі екен оны?