Түркия-Қазақстан (тікелей репортаж)

Матч басталды. Ойын басында Нұрдаулетов пен Эмре фейр плей туралы бірер сөз айтты. Қайрат Нұрдәулетов капитанымыз, елұранды айту барысында даусы жарқын-жарқын шықты. Айтпақшы, ұлттық құрама сапында Смақов жоқ. Біржола қош айтысқанын білетін шығарсыздар…
Бөлісу:

170 пікір

Nurgisa
Түріктер баса көктеп жатыр. Біздікілер қарсылас алаңына енді ғана шықты. Бұрыштама доп берілгелі жатыр.
Nurgisa
Волкан Демирел әуелеп келген допты нық ұстады.
Жалпы, жанкүйерлер де мысты басатынүлкен фактор ғой… Түрік командасы жақсы сезініп жатыр ауылдастарының тақым қысқанын…
Қайрат осы ретте қақпамызды қауіпті сәттен аман қалдырды…
Nurgisa
Алғашқы минуттарға қарап, Гуус Хиддинк шәкірттеріне тез гол соғуға нұсқау берген сияқты әсер қалуда. Дүркін-дүркін шабуыл, тегеурінді соққылар…
konvict
10 минөтте қауіпті шабуылдың бетін ұайтарды. қақпаға кіретін допты қағып қалды бір қорғаушы
Nurgisa
Ойын шапшаңдығы жәйләп бәсеңдеуде… Бастапқы минуттардағы нөпір баялағандай.
Nurgisa
Ойынның он сегізінші минуты. Таблодағы есеп болса әлі өзгеріссіз… 0-0
dauren85
Қазақстаннан көрсетеміз деген еді тағы да сөздерінде тұрмады ғой
Nurgisa
Ойынды тамашалаушылар арасында Түркия президенті Абдолла Гүл де бар.
Nurgisa
Ойын KzSport арнасынан да берілуде.
Nurgisa
Біздің қорғныстағылар тактикалық түрде жасанды оффсайт жасауда ширақ қимылдауда. Ойын бірқалыпты ырғақпен өрбуде.
Nurgisa
Рефери Ардадан тұмар сияқты бір затын алып қойды. Болмайды ғой, Ардажан-оу.
meirzhan
Мынау евроға іріктелу ме?
Nurgisa
Иә, келер жылы Украина мен Польшада өтетін Евробәсекеге іріктеу ойындары.
Nurgisa
Гридиннің керемет шансы болды. Қақпашыдан асыра соққысы келіп еді, қиыс кетті.
Nurgisa
Ойбай, ойбай… Сол қапталдан көтерілген допқа алғаш түрік форварды жетіп, басын тосты. Қақпадан жарты метрдей қиыс кетті, бақытымызға қарай.
Nurgisa
Түріктер ойынды өз уысында жақсы ұстауда. Бүгін біздің тобымызда Әзірбайжан өз алаңында Бельгияны қабылауда. Өз алаңында олар 0-1 есебімен ұтылуда. Аз кейін Алмания Австрияны сынақтайтын болады.
Nurgisa
Эмре кезекті бұрыштама добын берді. Қисынды жалғасын таппады дегенмен бұл стандартты жағдай. Доп қақпашымыздың қолында.
Nurgisa
Шмидтгаль орталықта жақсы ойнауда. Оған қарсы Сабри ойын тәртібін бұзып, сары карточкамен заңды жазаланды.
Nurgisa
Ұлан допты жақсы көтерді, Гридин баспен бағыттап еді, теңбіл доп қақпаға дари қоймады.
Nurgisa
Гол. Түріктер соқты.
meirzhan
Еш арналардан көрсетпейді екен. хабар қайда(
Nurgisa
Бурак Йылмаз түсірді асығын алшысынан.
dauren85
Бағана жастарда осындай уақытта гол жіберген еді
Nurgisa
Енді алаң иелері еркінси ойнайды. Біздікілер қарымта қайтарамыз деп жүріп, қорғаныс редутын қараусыз қалдырып кетпесе екен деп тілей отырайық.
Nurgisa
Естеріңізге сала кетейін, Түркия құрамасымен бұдан алдын үш мәрте кездестік. 2004 жылдың 9 қазанында Стамбұлда 4-0 есебімен, 2005 жылы Алматыдағы орталық стадионда 0-6 есебімен, былтыр елордамызда 0-3 есебімен тізе бүктік. Түркия командасына әлі гол соғып көрген жоқпыз.
dauren85
Қазақтардың қарқыны жаман емес осылай ойнай берсе есепті теңестіруге үміт бар сияқты
Nurgisa
Топтасымыз Әзірбайжан өз алаңында Бельгиядан жеңіліп жатыр, 0-1, ойынның 85 минуты өтуде.
Nurgisa
Соғылған голдан соң алаң иелері желікпей, жартылай күшке салып жатқаны байқалады. Біздікілер шама-шарқынша әрекеттенуде…
Nurgisa
Түрік Ричардстың алыстаған бағыттаған соққысын Мокин оңай олжалады.
Nurgisa
Эмре көрді «тұздап». «Жалап өтті».
Nurgisa
Бірінші таймның бітуіне бір минут қалды. Аса көп қоса қоймас рефери, айтарлықтай кідіріс болмады бірінші қырықбесминуттықта.
Nurgisa
Хайруллин айып добын асырды, біздің үшінші нөмір бірінші жетті. Жоғары кетті бағанадан.
dauren85
Қазақтар 40 метрдей жерден айып соққысын тебеді біздің үмітіміз осындай стандартты жағдайларда ақталып қалар
Nurgisa
Ал Әірбайжан есепті теңестірді. 90 минутына таяды ол жақтағы ойын.
meirzhan
Түріктер допты көп ұстайды екен.
meirzhan
Шмидгаль деген біздікі ме?
dauren85
Иә германиядан тауып алғанымыз ғой
dauren85
dauren85
Бірінші тайм аяқталды екіншісі қалай болар екен
Nurgisa
Түркия құрамасы сапында ойнап жатқандар:

Balta H.
Belozoglu E.
Demirel V.
Yilmaz B.
Gorman M.
Ekici M.
Inan S.
Kazim Kazim
Kesimal S.
Korkmaz E.
Turan A.

Қазақстан құрамасы келесідей ойыншыларды қосты додаға:

Mokin A.
Gridin S.
Khayrullin M.
Kirov A.
Konysbaev U.
Logvinenko Y.
Mukhtarov M.
Sarioglu S.
Nurdauletov K.
Schmidtgal H.
Shakhmetov
meirzhan
Sarioglu?
Nurgisa
Горман мен Сарыоғлұның орындары ауысып кетіпті.
Nurgisa
Голдан кейін түріктер сабасына түсті. Жеңілдегенсіді. Екінші таймда аса көп қапыда қалдыра қоймас. Ары кетсе екі доп соғар.
meirzhan
Эмре гол салуға шақ қалды.
Nurgisa
Бірінші таймның қайталауын көріп отырған сияқтысың
meirzhan
42 минут болды сол кезде.
dauren85
Екінші тайм басталды
Nurgisa
Оң қапталдағы Бурак қорғаушыларды дурак қып жүр…
Nurgisa
Біздікілер де қақпаға қарата тепкісі келеді… Бір тебісте біздің соққыны… рефери қайтарды… Түркияның қорғаушысы амплуасында.
Nurgisa
Түріктерде алғаш алмасым. Селчук Шахин шықты оныншы нөмірдегі Екиджидің орнына.
meirzhan
Менде енді алмасып жатыр.  5 минутқа кеш.
dauren85
5 минут өтті әлі өз жарты алаңымыздан шыға алмай жүрміз
Nurgisa
Тоқсаныншы минутқа кейін екі құрама да 3-3тен алмасым жасайтын шығар деген ойдамын. Біздікілер сырт алаңда ойыншылар тәжірибе жинақтасын дер, Гуус болса кіл тарланбоздан жасақталған сабститтурды жіберер кемірмекке.
Nurgisa
Қақпамыз алдындағы қауіпті сәт. Мокин сәтті ойнады бірге-бір шыққан Ричардстың соққысына тосқауыл қойып.
dauren85
2інші голды жіберіп ала жаздадық
Nurgisa
ГООООООЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛ!!!
Nurgisa
Фантастикалық гол соқтық біз!!!
dauren85
Гоооооол Қазақтар гол соқты
Nurgisa
Ұлан соқты.
dauren85
Түріктердің қақпасына тұңғыш гол соқтық
dauren85
Жарайсың Қонысбаев
meirzhan
УРААААААААААААААААААААА!
Nurgisa
Оң қапталдан өзі шабуыл өтіне шыққан Ұлан Қонысбаев айналасындағы екі қорғаушыға пысқырмай, өткір бұрыштан арғы «тоқсандықты» дәл көздеді. Өте әдемі гол болды.
Nurgisa
Енді есепті ұстап тұрамыз деп, жаппай қорғаныста жатып алуға болмайды.
Біз сайтта, Гридин оффсайтта…
dauren85
Қап ойыннан тыс қалды Сергей
Nurgisa
Эмре Белозоғлұ жарақат алып қалғанға ұқсайды. Ақсаңдап жүр.
dauren85
Түріктер ойыншы алмастырғалы жатыр
Nurgisa
Эмрені Гөкхан Төре алмастырды.
Nurgisa
Оң қапталдан Казим Казимнің ыңғайсыз добын Мокин нық ұстады.
Nurgisa
Мұқтаров қолмен ойнады. Түріктер тебеді қазір.
dauren85
Біздің қақпаға пенальти
Nurgisa
17 нөмірлі Мокиннен айла асыра алмады!!!
Nurgisa
Штангаға тиіп, кері қайтты доп.
dauren85
УРАААААААААА Түріктер пенальти соға алмай қалды
Nurgisa
Түріктер алдымен жіберіп алды, қазір пенальти соға алмады… Қаты ашуланбаса болғаны… Пенальтиді жібере салу керек пе еді…
Nurgisa
Шмидтгаль аздап жарақат алып, қайта ойынға қосылды.
Nurgisa
Ойпырмай ә, есеп дәл осылай өзгеріссіз қалса… Не болар екен.
Nurgisa
Ойынға Остапенко қосылды. Хайруллинді алмастырды.
dauren85
Бізден Остапенко алаңға шықты
Nurgisa
Біздікілер асықпайды. Онысы түсінікті де.
dauren85
Осы есепті ұстап тұра алсақ жақсы болар еді
Nurgisa
Жарайсың Мокин! Оң қапталдан әуелете берілген допқа жеткен түріктің баспен соққысын әдемі қайтарды.
Nurgisa
Ойынның таза уақытының бітуіне жиырма минут уақыт бар әлі.
Nurgisa
Түріктердің қақпасы маңындағы қарбаласта Шмитдгаль сол аяқпен тепкенсіді. Доп едәуір ұзақ кетті қақпадан.
Nurgisa
Дұрыс, осылай саспай, жинақы ойнауға баяғыдан бері не кедергі болды екен десейші…
Nurgisa
Бұның алдындағы іріктеу циклында Бельгияда, сырт алаңда сенсациялық итжығысқа қол жеткізгеніміз есте әлі. Бүгін де сол тектес нәтиже тіркелсе, жеңістен кем болмас еді мәртебесі.
Түріктер доп асырды. Қорғаушылар аутқа жіберді.
dauren85
Қап кетеремет мүмкіндік болған еді
Nurgisa
Бірге-бір әдемі шығып еді. Контршабуылда… Дәл қақпашының қолына жолдады допты… Ұрымтал сәт еді сөзсіз.
meirzhan
Хиддинк мырзаның жүйкесі ептеп сыр бере бастағандай.
Nurgisa
Бурак қауіпті позицияға шықпақ еді, біздің жігіттер оған жол бермеді…
Nurgisa
Уууфффф… температуралар көтеріліп жатыр біздің қақпа маңында… Бірінен соң бірі жауып жатыр соққы дегенің…
dauren85
Не боп кетті әлі голды санамады ма
Nurgisa
Қызық жағдай болды… Түріктердің голы алдымен саналып (арасында президенттің қуанышты күлкісі көрсетіліп), кейін ол саналмай тасталды
meirzhan
гол саналмады. оффсайд
Nurgisa
оффсайт емес, Бурак біздің қорғаушыны итеріп жіберді деген «айып» тағылды.
meirzhan
еще өзі жарақат алды
Nurgisa
Қақпамыз алдында сәт сайын қауіпті жағдай. Бұлттар сейіле қоймады әлі.
meirzhan
мокин доп ұстап алды
Nurgisa
Қос командада да ойыншы алмастырылды.
Nurgisa
Ойынның бітуіне 8 минут уақыт қалды…
dauren85
Енді 10 минут шыдасақ болғаны
Nurgisa
Бурак тағы бір мәрте көрді баспен. Қиыс кетті.
Nurgisa
Біздікілер де көрді. Несі бар… Бұл жолы нашарлау шықты талпыныс…
Nurgisa
Ертең көресіңдер түрік прессасын. Хиддинкті жерден алып, жерге ұрады
meirzhan
Ақтөбе 88 арасында отыр.
Nurgisa
Қазір түркиялық онлайн сайттарда қандай коменттер жазылып жатыр екен…
Nurgisa
Бір әшкөнің исі аңқиды… Тез піссе екен.
Nurgisa
Ұланның орнына Таңат шықты алаңға. Рақмет, Ұлан саған.
Nurzhol
Ай жарап тұр біздікілер!!! Көкеевті шығару керек!!!
Nurzhol
Алдағы қонақта Әзірбайжандар мен Белгиямен ойнайтын матчты KZsport1 арнасынан көрсететін болды. (Комментатордың сөзі)
Nurgisa
Түріктер біздің қорғаушы мен қақпашының соқтығысып қалып, жерде жатып қалуына наразылық танытып жатыр. Уақытты әдейі созып жатырсыңдар деп.
Nurgisa
Қап… Қауіпті соққы белгіледі бізге…
Nurgisa
Соңғы өткел… Шыдаңдр, жігіттер…
Nurgisa
Мокин епетейсіздеу қателік жасап қойды…
Nurgisa
Йесс!!! корнерге кетті…
dauren85
Ойынға қанша минут қосты екен?
meirzhan
Мокин шын жарақат алды ма
dauren85
Бір Түрікті ойыннан қуды
dauren85
Қап 100 пайыз гол соғатын мүмкіндікті жіберіп алды Гридин
meirzhan
шынында күшті сәт еді гол соғуға
dauren85
Тағы да біздің қақпаға жақын жерден айып соққысы
Nurgisa
Жіберіп алдық ең соңғы сәтте…
dauren85
Түріктер ақыры дегеніне жетті ме
Nurgisa
Бір ұпай уысымызда сияқты еді… Сынаптай сырғып кетті…
dauren85
Қап қолда тұрған ұпайдан айырылып қалдық-ау
Nurgisa
Бүгінгі онлайн конференцияда болған барлық керекинфолықтарға үлкен рақмет. Жеңіліске қарамастан, бүгінгі ойынға ризамын. Жігіттеріміз жақсы ойнады. Салымыз суға кете қоймауы керек. Беранек командамызды келесі матчтарға тас-түйін дайындап шығарса екен деп тілек айтамыз.
meirzhan
Жақсы дәстүр екен.

Осы ойын келесі ойындарға үміт сыйлады.
konvict
Ептібаймайд арда ай, сцука екен нақтың
dauren85
Дегенмен керемет ойын болды жарайсыңдар жігіттер
konvict
Қойыма 7 минут қосқан төреші
Nurgisa
Соңына қарай кідірістер болды аздап. Сосын, соңғы айып добын теберде ұзақ дайындалды. Арасында Нұрдәулетовке сары карточка көрсетілді…
meirzhan
жанкүйерлер секторында бәрі норм ба екен. менттер қозғалақтады ғой
meirzhan
Рикошетпен соғыпты ғой.
konvict
Ішім удай ашып тұр-ше
meirzhan
айтпа, жігіттердің көңіл күйі де сұмдық шығар. сәтсіздік болды. автогол
meirzhan
Арданы неге ардақтап жүр. рикошет болды емес пе. еще штрафнойдан
konvict
Эх, десеңші. кеттім ұқтайм
konvict
дымға желание жоқ
Nurgisa
Тобымыздағы неміс машинасы Австриямен ойынын 6-2 есебімен бітіргелі жатыр.
Күннің айшықты ойыны Нидерландыда өтті, жергілікті құрама команда Сан-Марино қақпасына (әрине) жауапсыз 11 гол боратқан.
meirzhan
Іріктеу аяқталды ма әлде басталды ма?
Nurgisa
Бел ортасынан асып үлгерді, негізі.
asaubota
Ресей мен Финляндия ренжітпеді бүгін. он бес мыңға 1.93 коэффициент шығарып берді.

енді француздардың тілеуін тілеп отырмын

Onlasyn
Албания 1 — 2 Франция
Gulistan
Ой, рахмет репортаждарыңа! Сендермен бірге футбол көргендей болдым, қиналып та кеттім соңғы голды күткен мезеттеріңдергі посттарды оқимын деп.
konvict
Хиддинк ойын соңында берген сұхбатында:" мен ойынға емес, қортындыға қуаныштымын" депті
meirzhan
Ойындағы түрінен көрініп тұрды.
asaubota
дәл қазір Қазақстан мен Түркия қыздары ойнап жатыр. 1-таймнан кейінгі есеп 0-0
saken
қай жерде? қандай турнир?
asaubota
Еуропа чемпионатына іріктеу матчтары. әрине мұндай маңызды ойынды ешкім көрсетіп жатқан жоқ.

ойынның бітуіне 25 минут қалды, әзірше алда келеміз 1-0 Лариса деген қыз соғыпты.

мына жерден қарап отырмын нәтижесін: www.spbo.com/bf_en.htm
asaubota
23-00де Еларнадан көрсетеді екен
asaubota
2-0 89-минутта Қырғызбаева салды
saken
бәрекелді!
ойын Қазақстанда болып жатыр ма?