Антилопа*


Бұл антилопаны (қазақшасын білмейді екенмін, сөге жамандамаңыз) қайдан көргенімді айтайын ба? Университет ауласында, кітапхана қасынан.

Кітапханашыны күтіп есік алдында тұрғанмын агент шұқылап, бірнәрсе қыбыр еткенді көзімнің қиығы шалып қалғаны. Бұл не болды екен деп қарасам, осы антилопа тұр. Басында жасанды (чучело)деп ойлап қалғанымды жасыра алман. Анықтап қарасам, бүйрегі бүлк-бүлк етеді. Ой, мұндай қуанбаспын, есіме бірден “Золотая антилопа” деген мультик түсіп кетті. Естеріңізде ме, тұяғын серпігенде алтын теңге шашатын антилопа жайлы мультик бар ғой, міне, дәл сол мультик көз алдыма келе қалды. Өзі сондай сүйкімді, қасына жақындасам үркіп қашып кетер деп алыстан суретке түсіріп алдым. Бұл әрекетімді көрген жұрттың назары антилопаға ауды. Қасына жақын барғандардан қорықпайды өзі. Тұрып-тұрып, қарап болсаңдар мен кетелін дегендей жәймен басып жөніне кете барды.

Альмира ханым универің зоопарк деген еді бір пікірінде, расымен солай Ең көбі маймылдар десем қате болмас.

Енді тағы не көреді екенмін деп бұл жазбаны да аяқталын назар салып оқыған Сіздерге алғысымды білдіре :)

*Уордпресстен көшіріп салдым өтініш бойынша, негізі клон деген нәрсені жақтырмайтын едім, мен сияқты жан болса араларыңызда, кешірім сұраймын :)
Бөлісу:

17 пікір

monti
тух джан, оқыдым ғо әйтеуір))) сағаныңа көп рахмет)))
мынау қызық кен, бірақ анау маймыл клеткасыз деген қорқынышты, все таки тырнап алу қаупі бар, мынауда қызықше)))
кітапхананың бұрышы, күйген бе? әлде көк шалған ба? ;) ағаштар неге жыйып қойған?
balzaminka
маймылдар кәдімгідей жайылып жүреді. Олардан қорқып жатқан менен басқа ешкім жоқ :)

Кітапхана қасындағы ғимаратта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, содан да көрініс шамалы ;)
blackbeard
Мына суретті біріншілерден болып көргендерден бірі едім
Arhun
Қателеспесем бұл еліктің /косуля/ бүлдіршіні емес пе? түү, неткен сүйкімді өзі…
Nurgisa
Альмира ханым универің зоопарк деген еді бір пікірінде, расымен солай Ең көбі маймылдар десем қате болмас.


Не ғой, @balzaminka, университетте кімдер оқиды сонда?! Абыржып отырмын.
balzaminka
okityn process januarlarga arnalmaganyn eskersek, adamdar okidy
Gastarbaiter
Камень жопа
Антилопа
Цу Йе Фа!
satibaldi
Ең көбі маймылдар десем қате болмас.

Ал олардың арасынан студенттерін айырып алу — үнді мұғалімі үшін шығармашылық пен кәсіби білгірліктің шыңы.
Gastarbaiter
Расист епті Дәруіш пигмейлерінің көрмеген азабы бар ма))
balzaminka
deja vu?
satibaldi
Құрыған программа.
balzaminka
al magan unaidy
satibaldi
Сен мен @VKM-ның жек көретін заттарың бар екеніне күмәнім бар.
balzaminka
Ganew meiramyn toilap jatrmz, ne legkaya pauza kakaya-ta
satibaldi
Үнділердің тұрмысы неге нашар екенін енді түсініп келе жатқандаймын.
balzaminka
1 makala jazp jibersenz osy joninde, suranyp-ak turgany