Ораза айтта үш үйге кіру парыз ба, аңыз па?

Бүгін танысым звондайды.
-Айттадың ба, -деді бірден. Жұмыста кезекші екендігімді, ертең айттайтынымды айттым.
-Болмайды, Ереке үш үйге айттап кіру парыз,- деп қояды діндарсып.Өзі не үшін парыз екендігіне дәлел де айта алмайды.(Ахи-ша дәлел сұрап едім))).Тек естіген нәрсесін айтып қояды. Сосын осы әңгімені тағы бір танысымның аузынан естідім. Сосын таныстарымнан сұрай бастамаймын ба, байқап қарасам көпшілігінде осы түсінік. Үш немесе жеті үйге айттап кіру парыз. Ондай парыздың жоқтығын ұқпайды көбі. Көпшілігі елден естіген. Ел арасында жүрген осындай аңыздың бірі — Қадыр түні Қадыр ата келеді, соны тосу керек. Қалай тосса да бәрібір, тосса болды. Өткенде бір қыз агент арқылы Қадыр ата келіп па еді, көрдіңіз ба деп сұрап қояды. Білгенімше түсіндіруге тура келді. Жалпы діни мейрам, іс-әрекеттерге қатысты осындай түсінік халқымыздың басым бөлігінде бар сияқты. Бұдан соң түрлі секта көбеймегенде қайтеді.
Ұсыныс: Діни басқармаға діни ағарту бойынша жұмысты жандандыру керек. Халықтың діни сауаттылық деңгейін, жаңағыдай қарапайым нәрселер бойынша анықтау керек (Сауалнама т.б) Сосын сол бойынша жұмыс істеген жөн. Меніңше бұл бағытта істейтін жұмыс баршылық.
Бөлісу:

22 пікір

Erbol
Бүгінгі қос бірдей мереке құтты болсын. Айттарыңыз қабыл болсын! Оразадан оразаға аман-есен жете берейік! Тәуелсіздігіміздің басты нышандарының бірі -Конституция күнімен де құттықтаймын!
konvict
Меніңше айттауды парыз санап алғандардікі қате. Дұрысын діни басқармадан сұрау керек
Erbol
Сұратпай өздері айту керек. Қарапайым діни ұғымдарды білмеген соң адасып жатыр қазақтар.Оған дәлел ваххабистер, зікіршілер деп шу болып жатқан жағдайлар.Діни басқарма осыны көріп отыр. Сондықтан халық арасында ағартуды қолға алу керек. Қарапайым ел діндегі жаңағыдай қарапайым нәрселерді білуі керек. Мешітке баратын, намазхан ел онсыз да біледі. Өкінішке орай мешіттегі имамдар тек соларға ғана уағыз айтумен шектеліп отырған сияқты.Қалың бұқарамен жұмыс істеу керек.
Пікір түзетілген: 30 тамыз 2011, 23:50
konvict
Қарапайым діни үғымды білгендіктен емес, немқұрайлылықтан. Дін десе пенсияға шыққанда оқитын намаз деп елестетеді олар. Барлық кінәні діни басқармаған артуға болмайды. Олар да қолынан келгенше қызмет жасап жатыр. Осы жерде уағыз айтатын дағуатшы келсе үре түрегеледі. Шынында олар дінге шақырып жатыр ғой

П.С кеше жазайын дегем бұны. Сайт жабылып жаза алмай қалдым
satibaldi
Ислам дінінен хабарым таяздау (ибо Иоанн Біріншішақырылғанға иман келтіргенбіз), бірақ айттау — бес парыздың ішінде аталмаған сияқты. Дачы.
Erbol
Жоқ, Сәке бес парызға қатысы жоқ. Исламда бұл бес негізгі парыздан бөлек парыздар бар ғой. Мысалы: Айт кезіндегі парыз деген сияқты. Соларға "Үш үйге айттау керек" дегенді қосып алған.
satibaldi
Соларға "Үш үйге айттау керек" дегенді қосып алған.
Рақат екен нақ.
satibaldi
Исламда бұл бес негізгі парыздан бөлек парыздар бар ғой.
Негізгі-қосалқы деген парыздар меніңше таза қазақша жаңалықтар.
Erbol
 
Исламда бұл бес негізгі парыздан бөлек парыздар бар ғой.
осыны дұрыс терминмен жеткізе алмадым.
nurjanbay
әр нәрсенің өзінің парызы болады. тек қана бес парыз емес қой. парыз көп. Исламдағы бес парыз: иман, намаз, ораза, зекет, қажылық. намаздың сыртында бекітілген алты парыз: дәреті болу, ұятты жері жабық болу, таза жерге тұру, уақытты білу, қыблаға қарау, ниет ету. намаздың ішіндегі алты парыз: тәкбір айту, қиямға тұру, қирағат оқу, рукуғте болу, сәждеде болу, соңғы отырыс. намаздың бекітілмеген үш парызы: қиямда «роббана ләкәл һамд» дегенше тұру, «субханалла» дегенше отыру, себеп болғанда намаздан өз еркімен шығу. дәреттің төрт парызы: бетті жуу, қолды шынтаққа дейін жуу, бастың төрттен біріне мәсіһ тарту, аяқты тобыққа дейін жуу. ғұсылдың үш парызы: ауызды терең шаю, мұрынды терең шаю, толық жуыну. таямумның төрт парызы: таза топырақ табу, ниет ету, топыраққа бір ұрып екі қолды сүрту, топыраққа бір ұрып бетті сипау. хайызда бір парыз: 3 күннен 10 күнге дейін. нифаста бір парыз: 40 күн. мұсылман ер мен әйелге бір парыз: ілім іздеу. адал тамақ ішу парыз. ата-ананы құрметтеу парыз. отанды сүю парыз. патшаға бағыну парыз. әрқашан шындық айту парыз. аманатқа қиянат жасамау парыз. осылай кете береді.
asaubota
мысалы жақында Гренландияда тәулігіне 21 сағат ауыз бекітетін жалғыз мұсылман туралы оқыдым. ол жақта жалғыз ол, баратын үш үйі жоқ. не істейді сонда?
Erbol
Ол енді айттай қоймас, баратын жер болмаса. Бірақ айт күні істелетін шараларды істейтін шығар. @Onlasyn-нын жазбасындағы:
1. Ерте тұру.
2.Ғұсыл алу.
3. Мисуак қолдану.
4. Хош иіс себу.
5. Жаңа және таза киім кию.
6. Араздарды татуластыру.
7. Қабірлерді зиярат ету.
8. Жүзік тағу.
9. Жылы жүзді болу.
10. Кедейлерге садақа беру.
11. Көп дұға оқу, тәубе ету.
satibaldi
6. Араздарды татуластыру.
Палестин мен жөйіттердің арасына түскен есептеле ме?
satibaldi
7. Қабірлерді зиярат ету.
Даулы мәселе.
Onlasyn
Даулы мәселе.

неге даулы мәселе?
satibaldi
Бұған қоса, Оралдың Антоновка селосында тұратын жалғыз қазақтың да мәселесін көтеруге болады. Өзі онсыз да онша мұсылман емес, ал баратын үйлерінің барлығы дерлік атеистер мен христиандар.
patick
Оф-топ. Мәскеуде кеше болған Ораза-айт:

Nurgisa
Охо!!! «Таңқалдырды»…
Kuralai
Мұсылмандар көп екен. Бірде мир арнасында, Петербургта құрбан айт кезінде құрбандықты көшеде шалды. Балалар шошыды деп дау көтеріп жатқан.
nurjanbay
қыбла бағытымен сәйкес келген көшені тауып алыпты.
patick
Орталық мешітке жиналған ғой
nurjanbay
айт күні кем дегенде үш сайтқа кіріп айттап пікір жазу парыз дегенді де шығару керек.