Құрама командамызға қолдау көрсетейік!!!

афиша

Қыркүйек айының 2-жұлдызы мен 6-жұлдызында, Алматыдағы орталық стадионда еліміздің футболдан жастар ұлттық құрамасы ойнайды. Алғашқы кездесу Румыния жастарымен болса, екінші кездесу Словакия жастарымен өткелі отыр. Бұл ойындар 2013 жылы өтетін жастар арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу матчы болмақ.
Барлықтарыңызды жастарымызға қолдау білдіруге шақырамын.
Бөлісу:

17 пікір

saken
ойыннан қалып қоймайық!
asaubota
осы жастарға қатты қолдау керек. ертең негізгі құрамада ойнайтындар осылар. Алматылық керекшілер, бірігіп барып көріңдер.
saken
Ауылдас достарымның бәрін шақырып жатырмын. Алматылық әр Керекші өз достарын ертіп барса, өте жақсы қолдау болар еді.
VKM
стадионға қанша адам сыяды ?? Сияды ма?
Пікір түзетілген: 28 тамыз 2011, 17:29
saken
Уикидегі ақпаратқа сенсек 23 804 адам сияды деп жазылыпты
Zamirka-san
Қолдауын қолдаймыз-ау, бірақ бұл бәтшағарлар үлкен ағаларына тартып алаңда салпақтап жүрмесе…
asaubota
үлкен ағаларына қарағанда «молодежканың» ойыны әдемі. шын беріліп ойнайды, өйткені барлығы қазақстандықтар.
saken
Бүгін футбооооооллллл!!!
Gastarbaiter
Енд не дейсің мағаааааан!
Nurgisa
Бүгін османлы империясының бүгінгі тұқымы мен сәбе өкіметінен еншісін алып шыққан екі команда арасында бір баратаға пұдбол болад. Мүмкіндігінше азырақ голмен жеңілуге барымызды салатын шығармыз.
asaubota
«кім жеңсе де бәрібір, бәріміз түркіміз ғой» деп әруақ сайысында шаршап, шалдығып, қалғып кеткен топты сілкіп оятып жіберейін бе?
Nurgisa
Қой, әдемі ұйықтап жатыр, бұза көрме…
Kuralai
Жоға, осыдан 2-3 жыл бұран есімде Түркия құрамасы орталық стадионда біздікілерді 6:0 есебімен жеңген. Қатты ренжіп жылағам. Сондықтан көрмеймін
Nurgisa
0-7 емес пе еді? Былтырғысын айтып отырсаң, 0-3 есебі тіркелді. Ал одан алдын Алматыдағы «Орталықта» оңбай ойсыратқан…
asaubota
жалпы есеп 13-0 бүгін 16-ға жеткізетін шығар Ресейлік "қазақстандықтар".
Kuralai
Ресейлік "қазақстандықтар" демейді ғой оларды. Қазақстан жеңілді дейді. Сол жаман