Жүгері жейсіз бе?
Бала кезімізде күзді күні ауылдың айналасына егілген бидай, күнбағыс, жүгері алқаптары жайқалып тұратын. Біздер, яғни маңайдағы ұсақтар, шыдамай, бір-бір велосипедке мініп алып, егістікке барып, шала-мала піскен жүгері собығын шетінен ақырын үзіп, үйге әкеп, пісіріп жейтінбіз. Тұз сіңіп піскен бұрқыраған иісі де керемет еді…
Ал қалада жаздың соңын ала сауда-саттық жерлерде сатыла бастайды. Бұрындары орталық базарлардан ғана көретінмін, биылғы жылы мен тұратын Цементшілер ауданында да не көп, жүгері сатып отырған апалар көбейіп кетіпті. Кешкісін жұмыстан қайтып жатқан елдер жапа-тармағай алып жатады. Егер сіз де сатып алып, жеп жүрсеңіз… мен сияқты... адам ағзасына тигізер пайдасын білген де артық етпейді. Жүгерінің емдәмдік /диеталық/ көкөністерге жататынын білуші ме едіңіз?
Жалпы, өсімдік ретінде, жүгеріні осыдан 12 мың жыл бұрын Мексикада қолдана бастаса керек. Алайда, собығы қазіргі түрлерімен салыстырғанда 12 есе кішірек болған, ұзындығы небәрі 4 сантиметрден аспаған екен. Көптеген үнді тайпалары жүгеріні тағам ретінде пайдаланған. Үнді шіркеулерінің қабырғаларынан ертеректе салынған жүгерінің кескіндері табылған деседі. Ал еуропа елдері арасында жүгері Христофор Колумбтың арқасында кеңінен тараған. Дәндері Еуропаға ХҮ ғасырда келсе, Ресей бұл көкөніс түрімен ХҮІІ ғасырда танысқан. Көбінесе оны Крым, Кавказ, оңтүстік Украина сияқты жылы өлкелерде өсірген. Бүгінде Мексикада жүгерінің сары, ақ, қызыл, қара, тіпті көк түсті алуан түрін өсіреді. Мексикандықтар ата-бабалары сияқты көп мөлшерде пайдаланатын көрінеді. Айталық, Мексиканың орташа тұрғыны жылына 100 кг. жүгері жейді екен.
Пайдасына тоқталсақ, жүгері дәні дәруменге, минералды заттарға бай. Соның ішінде, құрамында обыр ауруларынан сақтайтын қышқылдар, ағзаға пайдалы крахмал, протеин,қант, майлар, аскорбин қышқылы мен минералды тұздар көп кездеседі. Оған қоса, жиі пайдалансаңыз, холестерин деңгейін, асқазан жолдары қызметін реттейді. Құрамындағы К дәрумені жүрек қантамырлары жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне септігін тигізсе, Е дәрумені теріге, шаштың өсуіне оң әсер етіп, сонымен қатар, қартаюдан сақтайды. В дәрумені ұйқысыздық, мазасыздықпен күрессе, С дәрумені иммунитеттің көтерілуіне, Д дәрумені тіс ауруларына, сүйектің қатаюына пайдасы зор. Халықтық медицинада жүгеріні бауыр мен өт жолдарын тазарту үшін қолдануға кеңес береді екен. Ал бетіңізге маска жасасаңыз, ажарыңызды келтіріп, теріңізді ағартады.
Пайдалы кеңестер*http://www.allwomens.ru-дан аударылды.

Енді оның пайдасын оқып мәз болып қалдым. Рахмет сізге!
Жеген қыздар «жүдеді»
Минералды собықтан
Үзілмейді күдері
— Жүгері.
ПС. Негізі жартылай піскен жүгерінің дұрыс қорытылмайтындығын айтқам.
89 жылы біздің үйді салуға 4 дагестандық жігіт келді. Күніге кешке жүгері пісіретін. Жас, дәмді жүгері. Ең алғаш сол кезде жеп көргем.
Асқазанмен проблема болғанда дәрігерлер соншама тексерістен кейін «кукурузные рыльца» жазып берген «суын ішерсің» деп, пайдасы болған-болмағаны есімде жоқ, ал шашқа пайдасы бар екенін бірінші рет естіп отырмын.
Көжесін де жасап көрем бе деп отырмын.
жазда базар жаққа барған сайын жүгері алатын болдық. ұлыма да ұнады.
Негізі жүгерінің толық дәнденіп, түсі сап-сары болғанынан гөрі, ашық сары түсті, дәндері толық жетілмеген кездегісі дәмдірек әрі жұп-жұмсақ, сүт татып тұрады! Ал, жүгері шашағы жоғарыда аталып өткендей көп сыррқатқа таптырмас ем! Әсіресе, өт жолы, асқазан аурулары кезінде тамақтан кейін шашақты суға қайнатып, тұнбасын ішкен жөн!
Бадынақ жүгеріні де жеймін.