Қазақстанның келесі президенті кім болады деп ойлайсыз?

Елдің саяси хал-ақуалынан интернеті ашық жұрт бек хабардар. Мемлекеттік менеджмент бір билеушінің қолында ұзақ шоғырланса түбі стагнацияға апарып соғады деген гипотеза бар. КСРО ыдырап, мүше елдер өзді-өзі болып, тәуелсіздігімізді жария еткелі елбасының жетекшілігімен биыл 20 жылдық межені бағындырмақпыз. Ертелі-кеш Ақ Ордаға жаңа басқарман келеді. Сіздің ойыңызша ол кім болуы мүмкін? Сізге шексіз билік берілсе, бүгінгі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық келбетінде не өзгерістер жасар едіңіз?

Қазақстанның келесі президенті кім болады деп ойлайсыз?

Бөлісу:

70 пікір

konvict
Меніңше Тасмағанбетов болатын секілді. Себебі оның қазақшалығы басқаларға қарағанда басымырақ. Және жұртқа жағымды жағынан көріне білген.
satibaldi
Сен де саясатқа? Кетшнақ
konvict
Сен саясатпен айналыспасаң саясат сенімен айналысады ©
satibaldi
Коалициялық Үкімет болад та, Президент әншейін символика боп қалад.
patick
Ия, біреуді сайлай салады. Еш өзгеріс болмайды. Сол баяғы Қазақстан болып қала береді.
Пікір түзетілген: 27 тамыз 2011, 14:13
Zako
Әрбір қазақстандықтың басы (ой-санасы, ескі менталитеті) өзгермей, биліктің басындағылар (жүйе) өзгермейді. Қайсысы келсе де сол Қазақстан Қазақстан болып қала бере ме деп ойлаймын мен де. Өйткен халыққа бәрібір.
Пікір түзетілген: 30 тамыз 2011, 07:51
satibaldi
Тоқаев дегенді тізімнен алып тастаған дұрыс шығар. Кәрі птеродактильдің жасындай жасы қалғанда, онша құлық таныта қоймас таққа.
e_zhalgas
Бұл тізімнен Мәсімовті де алып тастаған дұрыс. Құлыбаевты да президент ретінде көру — әбестік. Тоқаев туралы әңгіме жоқ. Тасмағамбетов не істеп жүргенін түсіне алмадым. Оппозиция деген өтпелі нәрсе, бүгін — біреу, ертең — басқа.  

Қысқасы, мына тізімнен ешкім емес
satibaldi
Бағзы замандардағыдай қателескенің үшін басыңды алмайтын болғасын ұрватсың а?
e_zhalgas
Бұлай болжам жасауға әрекеттенген кез-келген адам маңдайымен тығырыққа барып тірелетін сияқты. Бір өзгеріс керек және ол жақын арада іске асуы қажет.
satibaldi
Меніңше АҚШ басып кіред де, ол кезде пенсияға шығатын Шварцнеггер губернатор болад.
a63a1
үйірге "Қара айғыр" дайындап жатыр
satibaldi
Меніңше @Zilola болад. «Оу, бир кулоғи чандық қиз, саясатпен айналыспайм, и ваще не разбираюсь!» дегенің қайда?" дейді аң-таң қара тобыр.
— Ну и лохи! — деп сақ-сақ күледі @Zilola Ақ Орданың балконынан.
Пікір түзетілген: 27 тамыз 2011, 14:29
Gastarbaiter
Өмірзақ Шүкеев
Ахмеджан Есимов
-екеуінің бірі болатын сияқты.
Zilola
Менi «саясатка бас жiпсiз жiберiлген» деп журер, сенiмiнiзге рахмет
Катын бастаган кош онбас деп бекер айтпаган шыгар, жугенсiз нокта деп те айтады.
Так что Дарига апаммен менiн кандидаттыгым каралмайды!
saken
Дарига апаммен менiн кандидаттыгым каралмайды!
Дарига әпшеңіз солай айтса жақсы болар еді-ау
Nurgisa
Бүкіл шетелдік сараптама орталықтары Құлыбаев болады дейді ізбасар «мұрагер». Тиісінше, олигарх және элитарлы топтар күйеу баланың ықтимал тандеміне қарсы күш біріктіруге оқталады деп айтылып қалып жүр.
e_zhalgas
Құлыбаев туралы соңғы уақытта осы тектес ақпарат көбейіп кетті. Соған қарағанда, ол оған қарсы жасалынып жатқан қысым болуы мүмкін деген де қорытынды шығаруға болады. Құлыбаевтың ешқандай лидерлік қасиеттерін байқамағанмын өзім, лидер болуға лайықты тұлға ретінде қарастырмаған болар едім.
satibaldi
Бәрін бірін-біріне айдап салып, өзің болып алғың келіп тұрған жоқ па?
e_zhalgas
жоғарыдағы комментті жазбай тұрып, өзімнің барбаросса-ойымды ашып, бірден жаза салайын деген едім. ешкім байқамай, өтіп кететін шығармын деп ойлағанмын  әп, бәлем!
balzaminka
әзірге халыққа танымал емес өте білімді, лидер бола білетін саясаткер бар шығар деп үміттенемін.
Katibaldi
Мен мына тізімге Шүкеев пен Қожамжаровты қосар едім. Негізі аяқ асты талас болса, ол екі клан Батыс немесе Оңтүстік (Шымкент) арасында өрбиді. Қазіргі президент жақтан сөзсіз ол Күлібаев командасы қосылады. Оны олардың қазіргі дайындық шараларынан анық байқауға болады. Жалпы біздегі саясатты болжап болмайды. Бір кісілердің көңіл күйіне байланысты түске дейін жоқ деген нәрсе түстен кейін бар болып шыға келуі мүмкін. Сондықтан біз атын атап отырған адамдардың арасында жоқ, беймәлім біреудің де сап ете түсуі ғажап емес. Түркіменстанда Бердімұхамедовты, Ресейде Путинді ешкім президенттікке үміткерлер қатарына қоспайтын, осындай болжам кезінде. Аяқ асты билікке келді. Уақыт көрсетеді.
boztorgai
Батыс немесе Оңтүстік

ақсақал өзі жолға салып кетпесе екі жақтың да қасқырлары өз үйірі бөлтіріктерін қоюға ұмтылуы мүмкін
Пікір түзетілген: 27 тамыз 2011, 19:55
asaubota
федерацияларға бөлініп кету ықтималдығын ешкім ойламай ма? мен мысалы орыс біреу болса бұл елде тұрмаймын, ондай басшыны мойындамаймын.
Zako
Жұмыртқа лақтыратындар да тұрмайды.
meirzhan
«Басқа» деп жауап бергендер көп болды ғой. Меніңше бұл жорамал емес, қалау.
saken
Меніңше бұл жорамал емес, қалау.
иә… менің қалауым Тоқтар Әубәкіровтың президент болуы. Бірақ Сатекеңнің айтқанына сенер болсақ, ол кісінің де қалған жасы кәрі птеродактильдің жасынан аз ғой. Көрерміз енді.
meirzhan
Космонавттардың денсаулықтары жақсы болады.
saken
айтқаның келсін!
meirzhan
Қуанғаныңа қарағанда бола қалса Пірім-міністір болайын деп тұрған сияқтысың ғой.
KILYZAMAN
Өздеріңше, бір президент сайлаған адамдар сияқты болып өзеуреулеріңе таңданамын(Бізден кім сұрапты?)… Хан кім болса ол болсын, Аллам хА(м)н талапайдан сақтасыншы
Пікір түзетілген: 28 тамыз 2011, 15:16
serjan
Тасмағамбетов пен Тоқаев екеуін де алып тастау керек мәселе біздің кімді қалайтындығымызда емес қой!
Delhi
Құлыбаевты дайындап жатыр дейді ғой, білгіштер.))Сол болатын болар.
satibaldi
Меніңше Галиктің пақаны болад.
Nurzhol
Маған бәрібір.
satibaldi
— Нұржол, құтты болсын: папаң Президент болд!
— Маған бә… маған бә… урр-рааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааа!!!
Nurzhol
Ауыздағы сөзді жұлып кетсе, шара жоқ
Пікір түзетілген: 29 тамыз 2011, 18:39
satibaldi
Меніңше, бұл жерде эксклюдинг әдісі («метод исключения») жақсы көмектесетін сияқты. Мысалы, кім точно Президент болмайд деп, алып тастап отырсақ.
Сонымен, 6 млрд адамды аламыз.
Мысалы — @serjan точно Президент болмайд. 5 999 999 999 адам қалды ма? @Kilyzaman точно Президент болмайд. 5 999 999 998 адам қалд. @VKM болмайд. 5 999 999 997 адам қалд. Осылай кете берсек ақиқаттың ранчосына жетіп қалатын сияқтымыз.
satibaldi
Обама болмайд: мемлекеттік тілдердің бірін білмеуі себепті. 5 999 999 996 адам қалд. Дәл сол себепті Саркози, Меркель, Расмуссен, Хиллари де бола алмайд. 5 999 999 992 адам қалд…
serjan
@satibaldi точна болмайды, өйткені президент адам болу керек.
satibaldi
Күдікті 5 999 999 991 адам қалд ендеше.
Пікір түзетілген: 29 тамыз 2011, 16:21
serjan
Маған себеп айтпадың ғой.
satibaldi
Орысша білмейсің, Солтүстік волостьттар тасын жұлып жылайды ғой. Елдің бірлігі мен тұтастығы үшін болмай-ақ қой енді, өтініш.
serjan
Что ты говариш? я что не знаю русский да?
деп айта берсем болды ғой оларға.
satibaldi
40 пайыз дауыссыз қаласың ғой мына қазақшаңмен. Тойыс — орысшаңмен. Орыстар түгілі, @VKM дауыс бермейд саған.
Пікір түзетілген: 29 тамыз 2011, 16:29
VKM
иә, сәбіз, пияз,қияр,қарбыздар да президент бола алмайды)))
VKM
 қуандым))
satibaldi
Неменеңе жетістің?
VKM
президент болмайтыныма, бірақ президенттің әйеліне кандидаттардан менің атымды сызып тастамаңызшы)))
satibaldi
Иә, @Zilola екеуің әлден керемет жұп сияқтысыңдар.
VKM
в смысле?
satibaldi
Смысл жоқ ешқандай. Сюрреализм. Авангардизм. Постмодернизм, @e-zhalgas-сстың.
Esmeralda
Малика )))))
Пікір түзетілген: 30 тамыз 2011, 15:07
Ottegin
Аталғандардан ешкім емес

www.youtube.com/watch?v=AC4sIkYCo0U
Пікір түзетілген: 29 тамыз 2011, 18:08
mampasi
Тоқаев пен Мәсімовты сызып таста мына тізімнен. Тоқаев старая гвардиядан ол зейнеткерлікке шығып кетеді, Мәсімовті де алып тастау керек шығар.
Мен мына тізімге Әсет Исекешевті қосар едім. Самғауы өте жылдам осы жігіттің
Zako
ЗЕйнет жасына жеткендер президенттіктен бас тартса, қанекей.
satibaldi
Барлығын сызып таста бұл тізімнен. 2012 жылғы астероид Вероника Бұрымынан өтіп, тура келе жатыр.
Пікір түзетілген: 29 тамыз 2011, 22:33
Zako
Сізге шексіз билік берілсе, бүгінгі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық келбетінде не өзгерістер жасар едіңіз?
сұрағына ешкім жауап бермей ме?
Zako
Қазіргі билікке қарсы адам келе қалса, қызықтың көкексі сонда болуы мүмкін. Талай адам қуғынға ұшырап, өткен-кенткен істердің былықтары ашылса, таң қалмаймын. Солай болу да керек сияқты. Сталиннің арты ашылады деп кім ойлады?!
Gastarbaiter
Сталиннің арты ашылады деп кім ойлады?!

Дәлірегі, ашуға тырысатындар пайда болды. Ал тарихта ол бәрібір жеңімпаз болып қалды.
satibaldi
Сталиннің арты ашылады деп кім ойлады?!

Сталиннің арты ашылды деп кім айтты? Ондай деректерді қайдан алдың? Нақ?
blackbeard
sailaualdy bagdarlamamdy kerekke salamyn