Қайырымдылық саласындағы ең шынайы сыйлық
Осымен бесінші жыл «Бауыржан» қайырымдылық қоры «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген сөзді ұран етіп, «Алтын Жүрек» сыйлығын ұйымдастырып келеді. Аталмыш сыйлық әртүрлі саладағы мамандарды, әр жастағы адамдарды біріктіріп келеді. Оларды біріктіретін қасиет – қайырымдылық.
«Алтын Жүрек» Қазақстандағы қайырымдылық пен меценаттық дәстүрдің дамуына ықпал етіп қана қоймай, сондай-ақ қоғамның назарын әлеуметтік мәселелерге бұрды, игі іс істеуге ынталандырды. «Бауыржан» қайырымдылық қорының мақсаты – осы жоба арқылы атымтай жомарттарға халықтың атынан алғыс айту. «Алтын жүрек» сыйлығының арқасында меценаттар мен қайырымды жандардың игі істері көлеңкеде қалмай, басқаларға үлгі болып келеді.
Соңғы жылдары елімізде үкіметтік емес ұйымдардың өткізіп жүрген қайырымдылық шараларын көптеп санауға болады, алайда ешқайсысы «Алтын Жүрек» сыйлығының деңгейіне жете алмады.
Биыл «Бауыржан» қайырымдылық қорының «Алтын Жүрек» атты жобасы 5 жасқа толып отыр. Жылдан-жылға үміткерлер де артып келеді. Мәселен, алғашқы жылы 70 өтініш қабылданса, кейінгі жылдары олардың саны 90, 110, 150 болды. Өтініштер мен құжаттар 1-тамыз бен 30-қыркүйек аралығында қабылданады. Марапаттау салтанатты кеші әдеттегідей 27-қазанда Абай атындағы опера және балет театрында өтеді.
«Алтын Жүрек» сыйлығы сатылмайды, сондықтан да барлығы шынайы. Өткен жылдар мысалы көрсеткендей, бизнес өкілдері тарапынан теріс пиғыл болғанмен, еш нәтиже болмады. Жоба ол қаражатты қайырымды істерге жұмсау керектігін ұқтырғандай.

1 пікір