«Маймылдар планетасының көтерілісі» немесе экшн философия
Свобода есть единственная характерная черта цивилизации…
Лев Ильич Мечников
«Маймылдар планетасы» — бір емес, екі емес, желісі бойынша жеті рет фильм түсірілген Пьер Буль атты жазушының ғылыми-фантастикалық романы.
Ал, экрандағы «Маймылдар планетасы» — бес фильмнен тұратын пенталогия (1968-1973 жылдары түсірілген). Менің көршім айтып жүрген, Тим Бертон түсірген «Маймылдар планетасы» (2001 ж.) – шын мәнінде 1968 жылы шыққан алғашқы фильмның римейкі.
Биылғысы – спин-офф, яғни бұрын жарық көрген туындының оқиғасын, кейіпкерлерін негізге ала отырып жаңа жобаның жүзеге асырылуы. Ал, жоба жүзеге асты ма, жоқ па, оны уақыт көрсетер.
Фильмды жарытып табыс таппаса да, прокатта омақаса құлады деп айтуға келмес, себебі мұндай мазмұндағы, бағыттағы туындылар көрермен тарапынан әрқашан қызығушылыққа ие.
Жеке өз басыма, техникалық-прогрестік аспектіден бөлек, тұңғыш рет режиссер болып отырған Руперт Уайттың еңбегінің көрерменге қажетті дозада адамшылық туралы ойларды жеткізе білгені ұнады.
Алғашқы жарты сағатта «көргенім дұрыс болды ма, жоқ па» деп күмәндансаң да, артынан бойыңды жақсы фильмнен алатын кәдуілгі қанағатпен қатар, үлкен масштабты ойлардың да кернейтіні бар.
Ол ойларға негіз болатын, әрине, бас кейіпкер – шимпанзе Цезарь. Бет әлпетінің, қимыл қозғалысының, ең бастысы көзқарасының сауатты жасалғаны сонша, оның жасанды, графикалық бейне екеніне күмәнданып қаласың. «Аватар», «Кинг-Конг», «Сақиналар әміршісінің» арнайы эффектілерін жасаған Weta Digital компаниясы «Маймылдар планетасының көтерілісін» де қолға алыпты. Нәтиже көзге ұрып тұр.
Кім біледі, арнайы эффекті жасаушылардың шеберлігі болмаса, фильм сәтсіз шығар да ма еді… Алайда, негізгі кейіпкерлер — маймылдар кадрда сауатты көрінген соң, бірді-екілі актердың кәсіби таяздығы соншалықты «жынға тимейді».
Философия мен экшннан тұратын туынды әу бастан-ақ жаман болмауы тиіс-ті. Әлдебір жанама фактордың (мейлі ол табиғи эволюция болсын, мейлі ол фильмде көрсетілген вирус болсын) әсерінен санасы оянып, қатарластарынан оқ бойы озып кеткен тіршілік иесінің қоршаған ортаға деген көзқарасының өзгеруі өте шынайы шыққан.
Жылы үйде, адамшылық пен мейрімділіктің ортасында ер жеткен Цезарьдың агрессияға бой алдырып, тұқымдастарын жинап, көтеріліске шығуына ең бірінші Адамның кінәлі екенін фильмнен түсіну қиын емес.
Оқ пен оттың ортасында өлісі қалып, тірісі ту-талапайға ұшыраса да, адамзат қаласының (өркениетінің деп оқыңыз) ортасындағы алақандай орманға қол жеткізу, сол арқылы өзі көрмеген, алайда қанында бар қасиеттер арқылы сезінетін бостандыққа иелік ету бас кейіпкердің айтылмаған арманы болды.
Міне, осындай пафосты, жоғары идеяны анау-мынау блокбастерден қалыспайтын экшн кадрлар әрлеп отырады. Көпір үстіндегі қыбырлаған маймыл, тікұшаққа секірген горилла, темір лақтырған бабуин, қираған ғимараттар, тиянақты түрде ойластырылған қашу жоспары…
Бірақ, ақыр соңында Сіздің есіңізде Цезарьдың орман ортасында тұрып
Ал, фильм керемет! Маған ұнады, «Сезар» образы әсерлі шыққан, көпір үстіндегі шайғасты ерекше атап өткен дұрыс шығар. Фильмнің соңында табиғи заңдылық орнағанына қуанып отырмын, а-ля «Цезарь дома!».
Патик пен Цезар ұқсайды екен.
Эффекті шамамен Валл-и анимациялық мультфильмінен алған әсерге парабар.
Ертегісіне ертегі, тек… сондай жақсы ертегі. Пафосы да орынымен, пафоссыз эмоция болмас еді.
Фильм көңілге қонды. Жақсы жасалған, детальдары жақсы ойластырылған, денеңді бір минутқа бос ұстап демалуға мұршасы жоқ сыншысымақ болмасаң, бас аяғы жұмыр еш жері шошайып тұрмайтын туынды.Әдетте фильм жалпы нашар әсер тудырса, оның кілтипандарын тізуге құмартасың. Ал фильм жалпы жақсы әсер тудырғандықтан оның ұсақ түйегіне көңіл бөлуді артық санадым.
Көпшілік көңілінен шықты/шығады деп ойлаймын фильм. Бұндай фильмдер сирек ғой қазір.