...тіледім...

Көкірегімде күйі ойнап күдіктің,
Қарқылдаймын қарға құсап мен неге?
Жымиюды һәм күлуді ұмыттым,
Күлдірме де, бүлдірме де, емдеме…
Қарқылдаймын қарға құсап мен неге?
Адамдығым ар астында тапталып.
Түсініксіз менің жайым пендеге,
Жарытпаспын мен де оларға ақталып.
Жарытпаспын мен де оларға ақталып,
Жалқы себеп: Дүнияға бөтенмін.
Бес күндіктің табанында тапталып,
Марғау тірлік күнәсін де – көтердім.
Марғау тірлік күнәсін де көтердім,
Кінәлі боп кетпеу үшін ғайыпқа.
Сөйте тұра періште емес екенмін,
Бұйырмаңыз айыпқа…
Бұйырмаңыз айыпқа…
Артық айтсам жазаласын жүрегім.
Періште боп аттануды ғайыпқа,
Өзіме емес, өзгерлерге тіледім…
Табиғат АБАИЛДАЕВ
Бөлісу:

10 пікір

e_zhalgas
Респект! Жаңағы жаратылыстану терминдерінен түзу ғой мынау…
blackbeard
Табиғат АБАИЛДАЕВ
«ШымкентМех» тері өнімдері зауыты. Бізде пока өнім жоқ!
blackbeard
Минусқа рақымет қарағым
Zilola
Красава! сонгы екi жолга гашыкпын! мен сенiн фанынмын
blackbeard
 Бұл сөздер таныс шота
Abilakim
«Адам боп келдім өмірге, адам боп кету тілегім
Бәріңе соны тіледім...» деген жолдары бар Жәнібек Кәрменовтың толғауы бар болатын