Шекемтас пен агент


Бала кезімізде ауылда жүргенде ойынның нешеме атасын ойнайтынбыз. То есть жасырынбақ, есік алдына тегіс жерге мак сызып ойнау, қырға шығып тастан үй салу, арықтағы судан кішкене итбалықтарды аулау, қырға шығып "Қызыл ту" ойнау, үйге келсек шекемтас, доп, скакалкамен неше түрлі ойындарды ойнаймыз. Одан басқа, «Ақтерек, көктерек», «Жүзік жасыру, он шақты балалар қол ұстасып тұрамыз да, лабиринт болып шатасамыз. Көзін жұмып тұрған бір ойыншы келіп, біздің шатасып кеткенімізді жазып, қайтадан орнына әкелу керек. Сосын, қуаласпақ ойнаймыз. Онда „қаздар ұшып барады, оның саны қанша? “12» десе, кім 12-ші болып шығып, сол алақанына сарт еткізіп тигізсе, қалған балалардың бәрін қуалап жүріп ұстауы тиіс. Ал алақанын тигізбей дер кезінде тартып алса, ұра алмай қалған ойыншының өзі қуалайды. Адамның атын, қаланың атын жасырып ойнайтын кездер де есіме түсіп отыр. Оған себеп, zhanar-seitmat-тың «Жиде әлегі» әсер етіп, ауылымды еске түсіріп жіберді. Мен өз басым әсіресе шекемтасты, скакалканы, жасырынбақты, макты жақсы ойнайтынмын. Ал допқа онша икемім болмайтын. Ауылға барсам қазіргі кішкентай балалар біз сияқты ауылды басына көтеріп, шулап ойнамайды. Күндіз балық аулап, доп ойнасақ кешкісін жасырынбақ ойнап, одан қалса жиналып алып қорқынышты әңгімелер айтып отыратын кездеріміз-ай… Қазір че-то інілерім кішкентай сіңлілерім ваще ойнамайды да. Олар постоян түн ішіне дейін агентте отырады. ал маған сол агент дым қызық. Шекемтас ойынына арналған домалақ бес бірдей тасты суреттегі осындай тастардың ішінен теріп тауып алатынмын.
Бөлісу:

4 пікір

satibaldi
Енді? Базына??? Мораль??? Қорытынды??? Тоқетері??? Ең болмаса — ашетері???
Zilola
шекемтас екенiн ендi бiлдiм  ханталапай, карта, тыгылмашак, резинка, казаки, пионербол, города деген ойнайтынбыз
boztorgai
тастарды пішімі бойынша сұрыптайтынмыз ерекше есімде қалыпты