@anatili мен @Aliya_ocean азаттығымызды ұмыттырды

Өздеріңізге белгілі, twitter есімді микроблог ортасында @anatili аккаунты қазақ тілін өркендету мақсатында аптаның әр сәрсенбісін "Қазақи күн" деп жариялады. Әуел баста бірі жақтады, бірі даттады дегендей… Әрине, онсыз да тілім-тілім тіліңді жандандыра алмай жүргенде мұндай бастаңғыға "Құп" дедік. #kzday деген ілмек те жарық көрді. Әшейінде орысша безілдейтін талайлардың әр сәрсенбі сайын қазақша да тәуір жазып, сөйлей алатындарына көзайым болып, кәдімгідей қуанып қалдық. Өйткені, өзіміз үшін тек сәрсенбі емес, аптаның әр күні #kzday.

Бірақ…

Қазақта тәп-тәуір мақал бар. (Қазақта тәуір мақал көп негізі...) Соның бірі: «Мақтаған қыз тойда оc… ады» деп келеді. «Не боп қалды тағы?» дейсіздер ғой? Болғаны сол, кешегі сәрсенбіде @anatili жаңа бастама көтеріп, #kzday ілмегіне төрттаған құрастырғандарға Иса Байзақовтың "Құралай сұлу" өлеңдер жинағын уәде етті.



Алайда сөйлегіштер мен ақындардың дені еңбек демалысында жүрді ме әйтеуір бел шешіп кіріскендердің қарасы көп бола қойған жоқ. Сол азшылықтың бірі, @Aliya_ocean деп аталатын қара көз қарындасымыз:



деп салмасы бар ма… «Бұ қалай болғаны?..»



деген таңданысымызға қарамастан @anatili жарыстың қорытындысын жариялап, @Aliya_ocean-ды жеңімпаз етті:



Аң-таңбыз… Не боп кетті өзі? «Азаттығы ұмытылған ұлт болып» деген не сөз? «Азаттығымызды алдық, өз елімізге өзіміз қожайынбыз, тәуелсіздіктің 20 жылдығына қадам бастық...» деп қалпағымызды аспанға атып жатқанда, «азаттығымыз ұмытылғаны» қалай? Бұл сұраққа жауапты сіз бермесеңіз, мен түк түсіне алар емеспін…

Пысы: айтып кетейінші, көмейімді Иса Байзақовтың өлеңдер жинағы тесіп бара жатқан ештеңесі жоқ…
Бөлісу:

5 пікір

e_zhalgas
Твиттерге кірмегелі біраз болды. Мүмкін ол қыз ирониямен жазған шығар
asaubota
Twitter уже қызық емес, кіріп жүрген жоқпын. политиктер және басқа маразмдардың жиынтығы болып кетті. типа шаруа істелініп жатқан арена болып кетті.

қазір келемін, құсқым келіп кетті твиттер көз алдыма келген кезде.
sammita
біраз қызықтан құр қалдың))