Миллиардтар жылы



2011 жылдың бірінші жартысын да артқа тастадық. Алты айды қорытындылайтын уақыт келген де секілді. Ең алдымен, «Темір адамның» авторы Джон Фавроның өткен жылдың соңында айтқан сөзін келтірген дұрыс болар. Премьералары жаз айларына түскен блокбастерлер тартысы жөнінде ол «қанды шайқас» болады деп болашақты дәл болжаған-ды. Алайда, Джонның өзі де көрермен үшін күрестің миллиардерлер арасында болатынын білмеген шығар, сірә.

Әуелі, тарихқа аз-кем тоқтала кетсек. Инфляция секілді қосымша факторларды есептемегенде, біздің заманның алғашқы, нағыз миллиардері атақты «Титаник» болды. Джеймс Кэмеронның туындысы 1,8 миллиард доллар жинап, таңдай қаққызып, бәсекелестерінен қара үзіп кеткен болатын. Тіпті, сол кезде бұл көрсеткіш қол жеткізбейтіндей де болып көрінген (айтпақшы, «Титаниктің» 3D нұсқасын 2012 жылдың сәуірінде көре аламыз).

Алты жылдан кейін «Сақиналар әміршісінің» үшінші бөлімі миллиардер атанды. Осыдан кейін-ақ «миллиардер клубының» қатарына қосылушылардың арасы жақындай берді. 2006 жылы «Кариб теңізінің қарақшылары: өлік сандығы» аталған көрсеткішті бағындырса, 2008 жылы «Қара батыр» миллиард доллардан аса пайда тапты. Алайда, әділін айту керек, Ноланның туындысы «Оскарға» үміткер болып тұрған кезінде, прокатқа қайта шыққан еді.

2009 жылы Кэмерон «Аватарымен» елді тағы аузына қаратты. Джеймстың жинаған 2,7 миллиард доллары, міне, тағы, біраз уақыт киноөндіріс өкілдеріне көз көрген, бірақ, қол жеткізбес меже болар түрі бар. Голливудтық блокбастерлерге Темірқазық жұлдызындай болған «Аватардың» көрсеткішін Кэмеронның өзі-ақ күндердің күнінде бұза салуы мүмкін.

Бір жылдан кейін екі миллиардер қол ұстасып, бірге келді, олар «Алиса ғажайыптар әлемінде» және «Ойыншықтар хикаясы 3: Жаппай қашу» еді. Соңғысы, миллиардер фильмдардың арасындағы жалғыз анимациялық туынды болып отыр.

Енді осы жылға келсек. Алғашқы қызықты «Кариб теңізінің қарақшылары 4: тылсым жағалауда» жобасы көрсетті. Бұрынғы кейіпкерлерінен Джек Торғай мен Барбоссадан басқа ешкім қалмаған, теңіздің иісі де шықпайтын теңіз қарақшылары туралы фильм өзге емес, өз авторларын да таң қалдырып миллиард доллардан астам пайданы жамбасына басты. Осыған қарап-ақ Джонни Депптың таланты мен франшиза жанкүйерлерінің қайраты қандай күшке ие екенін бағамдай беруге болады.

Миллиардер клубынан үміткер болған «Трансформерлар 3: Айдың арғы беті» де діттеген мақсатына жетті. Екінші бөлімін ел ұнатпаған соң, режиссер Майкл Бэй қателерін түзетіп, намысты қолдан бермей, трилогияны тым жақсы аяқтауға тырысса керек.

Осы жылдың тағы бір табысты туындысы көзілдірік киген сиқыршы бала туралы серияның соңғы бөлімі болды. Осыған дейінгілері миллиардқа әне-міне деп жете алмай келіп еді, «Гарри Поттер және Ажал Сыйы: Екінші бөлім» бұл көрсеткішке ие болды.

Сонымен, 2011 жылы миллиардерлерге қарық болдық. Жоғарыдағы тізімге биыл тағы қай туынды қосылуы мүмкін? Біздің ойымызша, ондай жоба жоқ. Әрине, жылдың соңында көрермендерге жол тартатын, аяқ астынан «мінез көрсетуі» мүмкін «Тинтиннің басынан кешкендері» және «Етік киген мысық» пен «Шерлок Холмс 2», «Орындалуы мүмкін емес миссия 4» секілді аяққа тұрған блокбастерлерлердің жалғасын ұмытуға болмас. Оның үстіне, «Ымырттың» да кезекті бөлімі келе жатыр. Бұл жобалардың қай-қайсысы болмасын «Форсаж 5» секілді күтпеген нәтижеге қол жеткізуі мүмкін. Естеріңізге сала кетсек, көліктер жарысы туралы кезекті туынды киносыншыларды таң қалдырып 600 000 миллион доллардан астам табыс тапқан еді.

Осы аталған жолдардан қазір-ақ қорытынды шығара берсе болады. 2009 жылдан бастап миллиардерлердің элиталық клубына тек стереоскопты фильмдар (3D) кіріп отырды. 2012 жылы шығатын 3D фильмдердің санын ескерсек, алдағы уақытта атынан ат үркетіндердің санының айтарлықтай артуы әбден мүмкін деуге болады. Бұл жолда Кристофер Нолан сияқты абыройлы кинематографистер қызғыштай қорып отырған қарапайым фильм нұсқаларының стереоскопты туындыларға қарсы күресі жеңіске жетіп, береке таппасы анық. Себебі, қаражат сөз алған кезде, басқа дәлел-пайымдар күшін жоғалтады.

Қазірдің өзінде-ақ Питер Джексон, Майкл Бэй, Стивен Спилберг, Джордж Лукас, Ридли Скотт, Джеймс Кэмерон секілді киноөндірістің ығайы мен сығайы таңдау жасап, сырға тағып қойған 3D жобалар өнердің осы саласының болашағына айналатын секілді.

Мақала kinonews.ru сайтынан алынып, аударылды.
Бөлісу:

16 пікір

omarbirat
«Форсаждың» жақсы касса жинағаны Вин Дизельді қайтадан тартқандарымен байланысты шығар. Соңғы бөлімін «Форсаж Олстар» десе де болатындай — (үшіншіден басқа?) барлық бөлімдерде ойнағандарды түгел жинапты. Одан қалса, рестлер Дуэйн «Жартас» Джонсон қосылған.
Abilakim
«Форсаж-5» ұнады.
e_zhalgas
Өзім «Шерлок Холмс 2» фильмін күтудемін.

Пы.Сы. "Қара Батыр" — өлтірдің
qisyq
«Темный рыцарь» енді "Қара батыр" емес пе))) «Күңгірт рыцарь» деп аударайын дедім де, қойшы дедім.
e_zhalgas
Ағылшыншасы «Dark» еді ғой, «Black» емес. Демек, тура аудармасы "Қараңғы" не «Түнек» дегенге келеді. Бірақ, "Қара батыр" әдемі естіледі екен
qisyq
Ия, оны білемін ғой. Бірақ, "Қара батыр" өзіме жақын көрінді. Бізде ертегілер бар ғой "Қара мерген" дегендей. Сондай стилде
Esmeralda
О, Гарри Поттердің соңғысын міндетті түрде көру керек екен)
e_zhalgas
иа, балалық шағыңмен қош айтысқың келсе, Гарри Поттерді көр
qisyq
Кітабын оқып, бұған дейінгі жеті бөлімін жібермей көрсеңіз, қарауға болады. Бірақ… өзімнің көңілімнен шықпады.
Esmeralda
оқығам, көргем, бұны да көрсем әсерімді жазармын)
balzaminka
мына жакта кайфты керемет бузады го, ен кызык жерине келгенде антракт истеп и еще 3д очкиди сататындары жаман
patick
антракт истеп

мүмкін кинокөрсетілімде тірі актерлар шығып ойнайтын шығар, болливудсс
balzaminka
jarnamalyk uzilis)) sosyn bizdegedei anonstar emes, kadimgi tauarlar jarnamasy
patick
kadimgi tauarlar jarnamasy
Типі мынадай ма?:

«Маңдайға жабыстырылатын меңдер комплектісі. Енді желімсіз түрлері! Үш данасын алсаң, бесіншісі тегін».
«Ерлерге арналған сырғалар. Тағып ал да, қыздарды өзіңе қарат».
«Бұрын пайдаланылған кинокомпания сатылады, комплектісімен. Комплектіге: штаттық актерлер, биші қыздар, қайыршы-жалшылар, күн көзілдіріктері, сырға, кинокамера, дыбыстық аппаратура, жасанды меңдер мен кірпіктер кіреді.»
Пікір түзетілген: 25 тамыз 2011, 11:52