Зебрамен өтесіз бе?
«Зебрасы несі?» -деп ойлауыңыз да мүмкін. «Зёбра» деп «Ну, погодидегі» қасқыр айтпақшы ол- жаяу жүргіншілерге арналған арнайы жолақ. Өткел. Бұл өткел арқылы өзеннен емес, машиналар тасқынынан өтесіз. Бір сәт ойланып қараңызшы, Сіз үнемі арнайы жолдармен өтесіз бе, әлде жолды кез-келген жерден кесіп өте саласыз ба? Егер, арнайы жолмен өтпесеңіз өз өміріңізді ғана емес, жүргізушінің де өмірін күрт өзгертетініңізді ойлайсыз ба?
Өзім рульде отырғанда жол ережесін маған зиян тигізе отырып бұзғандарды солай боқтаймын. Маған зияны тимей, жай ереже бұзса, «Е, мынауың далбич екен ғой» деймін
www.predmetto.ru/img/items/b_153b845018897f81ce134c0eae2497a7.jpg
Зебрамен өтуге тырысам строго, түнде көлік аз кезде кейде қиып өтемін. Бірақ зебраға тоқтағысы келмей, аяқ киіміңе тіреліп тоқтаған көлікке қырсығып, асықпааааай қозғаламын
Көлікпен келе жатқанда ең жек көретінім, тасадан зып етіп шыға келетін, қасақана жолды қиып өтетін жүргіншілер
Біз өткенмен, кейбір шумахерлер оған да қарамайды, өткенде жап-жас қыз сол зебраңда қағып кете жаздады. Ал кейбірі тоқтаса да, «психовать» етіп, сигналды үсті-үстіне беріп, тура төбесінен басып өтіп бара жатқандай дегбірлері кетеді.
Машина жоқ болса да, жасыл жанғанын күтемін көбіне.
Мамам бұрын мектеп кезінен ақ, одан кейін КАЗГУде оқығанда ол «сабақтан қалсаң қал, емтиханнан да қал, қайта тапсырасың әрі кетсе, жолдың ортасынан өтуші болма деп» өмірі солай айтушы ед. Мамам жақын подругасының ұлын КазГУ алдында машина қағып қайтыс болғаннан кейін онда сондай қорқыныш болған сияқты.
tdk42.kz/v-uralske-proschalis-s-tamaroy-ancevoy.html
Өткенде универдің алдында зебрамен өтейін десем ағылған машиналар тоқтар емес, содан жыным ұстап кетті де зебраға тұрдым да қолымды көтердім. Өзім асығып келе жатқам, қабағым қатты айқасып кеткен ғо дим, машиналар тоқтады. Жолдың жартысынан өтіп, екінші жартысына келсем тағы да сол жағдай. Қолымды тағы көтеріп өтіп бара жатсам өзінше бір крутойский машина тоқтап, бірнәрсе-бірнәрсе дейді. Бұрылып зебраны көрсеттім де кете бардым, артта біраз машиналар бапылдап қалды. Кімге бапылдағандарын кім білген
Енді жүргізушілерден сұрайық: «Зебрадан өткізесіз бе?» деп.
Нәтижені ЖолПолға жөнелту керек