Жомарт жүрек...



Осындағы бір керекинфолас әріптесім жіберіп еді. Оқыдым. Мұңайдым. Тілекшілердің қатарындамын.

Өмірде қуанышпен қайғы қатар жүреді. Ал мына келіншектің егіз балаларының әкесі үшін, жанын арашалап қалу үшін жанталасып, барын жасап жатқанын оқып біліп, бей-жай қала алмадым. Тым болмаса, көмектің басы ретінде осында жариялап, сіздермен бөліскім келіп отыр. Кесапат айтып келмейді ғой. Жанашырлар табылып жатса, көмектесіп жіберерміз. Айтып отырған мәселем мынау:

vse.kz/index.php?/topic/350411-umoljaju-pomogite/page__st__0

Жағдай қалай өрбіп жатқанын оқып шықсаңыздар, жүрек езіледі. Қайран қалдым осы бір келіншектің табандылығына. Қолымыздан келсе, аянып қалмайық, алақаны аялы керекинфолық жаны жайсаң ағайын.
Бөлісу:

2 пікір

Nurgisa
Көп түкірсе көл ғой, адамның күні адаммен болатыны тағы бар. Рамазандай мүбәрак айда осы бір айтулы іс қайырлы бітсе қуанышулардың қатары тек көмекті алушылармен шектелмес деп ойлаймын!
Gulistan
Бұл акцияның жалғасып келе жатқанына бір жыл шамасындай болып қалды, осы уақыт аралығында көптеген қиындықтар болған. Әсіресе трансплантация мәселесі ушығып кетті, дегенмен Меруерт пен оның жолдасы үміттерін үзген емес. Біз де солармен бірге болайық!