Парақорлық этюдтері. Акт #9: "Форсайттар әулетінің әфсанасы"

— Қааааа*, фондта дым-дым қалған жоқ па?
— Қайдағы, өткенде соңғы алты мыңды үш-үштен бөліп алған жоқпыз ба?
Бірақ тәрбиеші Тазагүл еш саспайды. «Онда өзім бірдеңе қылам...» деп, үйіне кетіп қалады…
Ертеңіне, балабақшадағы ертеңгілікте тақпақ айтып, белсенді болған балаға — әкесінің үйінен алып кеткен… «Сага о Форсайтах» атты кітабын тарту етеді, бетінен сүйіп. «Негізі екі ме, үш пе томдық сияқты еді ғой?...» деп күмілжіген баланың атасына:
— Қойыңызшы! — дейді, өзі оқып тастаған адам құсап…



Қааааа*"қасқаааа!" деген одағайдың бір формасы.
Бөлісу:

10 пікір

AKY
Қааааа*
Осы сөзді мұтып қаппын, айтпай кеттім
Zilola
қасқа, ішшшә, кәпір, өөөлііім, не зат деген сөздер жақсы негізі
satibaldi
Не зат емес, «дізат?».
saken
"қайыршы" дегенде сөздер бар еД ))
asaubota
Қааааа  біздің жақта көп айтад
Gulistan
мен бірінші естіп отырмын, бірақ "өшшш" дегендеріңді естіп күлкіге қарқ болғам кезінде
Gamk
Бізде Қазалы жақта айтады. Сосын «о-о-о, көрбақ» деген бар Арал, Қазалы жақта.
AKY
көрбақ деген ең жаман сөз.