Парақорлық этюдтері. Акт #1: Қазандық операторы Сергей.
Газ қазандығының қандай қауіпті екенін мынадан білуге болады: оған жұмысқа тұратындардың дүкіменттерін менттер де тексеруші еді. Әйтпесе толық бір ауданның күлін көкке ұшырып жіберуге болады.
Сөйтіп, N. қаласының газ қазандығына бір Сергей деген орыс жігіт келеді. Ептібайымайдтың — білмейтіні жоқ. КИПиА-ны да жыртад, гидравликаны да шашад. Айналып қана кетейін сенен деп, кадрға жұтап отырған қазандық бастығы Мәметхан бірден 400 сом айлық жаздыртып, дереу жұмысқа алады.
Сергей амиго жұмысқа сондай тиянақты екен, ал аузына арақтан татып алмайтыны — бастығын тіпті экстазға түсіреді. Сөйтіп, елге сыйлы, «Сержан», «Сергейбала» деген ерке атпен белгілі болып, амиго жұмысты жапырып жүреді.
Күндердің күнінде, дәлірек — түнінде Мәметхан ағай үйінде алып бара жатқан ыстықтан оянады. Аспан Иелері — батереядағы су кемінде — 70 градус! Дереу шопырын ерттеп алып, қазандыққа құстай ұшады. Барса… Сергей сұлап жатыр! Сұлап жатқанда, қазандықты уақытша қолмен басқаруға қойып, КИПиА-ның бірдеңелерін жөндеп жатқан жерінен сұлап жатыр. Айқай-шудан соң, Сергейдің… эпилептик екені белгілі болады. Со күні Мәметхан амиго құдаларымен сілтеп, ұйықтап қалғанда, былай болады екен: үш қазандық жарылып, тұтас бір аудан жер бетінен жоқ боп кетеді екен.
Ал «дені сау» деген қағазды беріп жүрген — Рәзия апай екен поликлиникадағы. 3 сомға тіпті космонавттың денсаулығын жаздырып алатын, неміс перзентханасында еврей жұмыртқалаған бейбіт замандар болған деседі ел артындағы аңыз…
Шешесстің…

Адамның жүрегін айнытып күйген денесін көрсететін кино, ТБ курста көрсеткені еді.