Мишель Бакманн: "Туған күніңмен, Элвис" :)

АҚШ президенттігінен үміткер әйел Мишель Бакманн осылай Элвис Пресли қайтыс болған күні оны туған күнімен құттықтапты. «Бастамастан бұрын, қане, бәріміз Элвис Преслиді туған күнімен құттықтап қояйық» деген ғой. Біреуі түзетпек болған екен, оны Мишель ханым құлағына да қыстырмапты. Айналасында жиналғандардың көбі өздерінің кәдімгі тобыр екенін көрсетіп шулап жатыр )

П.С.: Алматыға келіп, «Привет солнечному Ташкенту!» деп сәлем берген Брежнев пе еді?
Бөлісу:

6 пікір

omarbirat
Президент болса, Мишель Бакманн әлгі бір әнектегідей топас американдықтарға соғыс ашатын шығар
Пікір түзетілген: 17 тамыз 2011, 10:13
patick
2007 жылы ма екен, әйтеуір Алматыға бір фестивальға келген Стивен Сигал үстінде Ресейдің жалауы салынған кофта киіп алыпты. Ресейдің бір қаласына келдім деп ойлаған ғой.
patick
Қателеспесем, мынау ғой деймін:

Nurgisa
Қап, мынау оңдырмапты ғой, ә… Элвис ана жақта артқа қарай үш мәрте сальто жасаған шығар…