Шашы ұзын қыз


Бұны жазуыма қазақ қызы туралы пост себеп болды. Ондағы айтылған жайлардың көбісімен келісемін. Дегенмен әжелеріміз қазақтың қыздары қазір шашын қырқып тастайтындығын айтып жатыр. Менің келіспейтінім, керісінше қазір шашы ұзын қыздар көп. Қыздардың көбінің шашы тым қысқа емес, иығынан асып тұрады да жайып жүреді немесе буып алады.
Мен Алматыда туып-өстім, ауладағы достарыммен орысша сөйлеп өскендіктен ата-анам мені мектеп таңдарда осындағы қазақ гимназиясының қазақ тілін тереңдетіп оқытатын тобына берді. Оқуды үздік оқыдым. Студент болғанда біздің топтағылардың көбі әр жақтан келгендер еді, оларды менің қазақшамның жақсы екені ғана таңдантып қоймады.Олар менің шашымның ұзын екеніне және оны өріп жүретініме де таңданды. Шашым қалың емес, аса жұқа да емес. Анам шашымды 8-9 жасымнан бастап қидыртпай өсіре бастады. Қазір шашым мынадай (суретте астыңғы жағы сәл түспей қалды):


Мақтанып отыр деп ойламаңыздар. Қиындығы өте-ееее көп. Әсіресе таңертең универге асыққанда тараудың өзі уақыт алады, егер шашты таңертең ерте жусаң тіптен қиын, фенмен кептіруге қаншама уақыт керек. Сосын қазір шашын өріп жүретін қыздар аз ғой, мен де өргім келмейді, жайып жіберейін десем, тым ұзын, сондықтан буып жүремін. Әрине, шашы менен де ұзын, менен де қалың қыздар бар. Бірақ осы шашымның өзі қанша әуреге салады, арнайы күтім керек, кейде өрген шаш арқаңда ауыр тартып, төмен қарай тартып тұрады. Әлі күнге анама жалынумен келемін, «шашымды қияйыншы» деп. Ол рұқсат берер емес, оның үстіне ауылдағы әжем де келген сайын «қызым, шашыңды қима, қайта қызыл лента тағып жүр, көз өтеді» деп күлдіреді.)) Ал мен қазіргі көп қыздар сияқты иығыма дейін қырқып, жайып жүргім келеді. Бірақ көп құрбыларым «шашың қандай ұзын, менде де осындай шаш болса ғой» деп қызығып та жүреді.
Қысқасы, біз әдемілікті сүйеміз ғой. Әркім өзіне жарасатын прическамен жүргенде тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын, біреуге ұзын емес, қысқа шаш жарасуы мүмкін, біреулердің шашы күтімге келмей өспеуі немесе денсаулығына байланысты өсіре алмауы мүмкін. Сондықтан қазақ қызы дәл мынадай болу керек деп кесіп айтуға да болмайтын шығар. Группамызда шашы қысқа қыздар да, ұзын шаштылар да, мини киетіндер де, хиджаб киетін (1 қыз) де қыздар бар, бәріміз татумыз. Қыздардың ибалылығы, инабаттылығы, имандылығы тәрбиеге байланысты.
Бөлісу:

70 пікір

Esmeralda
Ал сіздің шашыңыз қандай?
rakisheva
Вааааааау, круто! Шашын тема екен! Тфьу-тфьу көз тимесін Esmeralda  Үстіңгі суреттегі шаштың ұзындығына біздің шашты жеткізу арман шыгар  Бірақ барынша өсіріп жүрміз
Esmeralda
рахметсіздің де шашыңыз ұзын сияқты көрініп еді:-)
boztorgai
ия, бұрым дейтін керім сөз бартұғын
Erlan
Бурымы узын карындас, жан болмас саган табынбас))
meirzhan
Күшті екен.
Келісемін, Арғынның сюжетіндегі апалар асырасілтеп жіберген сияқты.
Пікір түзетілген: 13 тамыз 2011, 00:12
konvict
Мен бір қызды танимын. Шашы тобығына дейін жетеді. Ал, менің шашым қысқа
rakisheva
Өсірсей
konvict
Бірге өсірейік
meirzhan
5-ші қауымдастықтан екенін осылай мойындап қояды бұлар.
Пікір түзетілген: 13 тамыз 2011, 03:43
rakisheva
ммммммммм, олай емес қоооооооооооооой
meirzhan
Бүгін шаш өсірсе, ертең 5-ші қауымдастықтың прайдтарында жүрмесіне кім кепіл?
Lyaila
 Шаштарын ұп-ұзын етіп өсірген қыздарға қаттыыы қызығам! Ес білгелі шашым иығымнан әрі өскен емес, ай сайын шаштаразға бармасам өзімді біртүрлі сезінем, кейде шашым ұзын болса қалай болар екен деп қиялдап қоям
VKM
Менікі де сол.Сіңлімнің шашы қалың, жақсы болғасын,қимай өсірді. Ал менің шашым жұқа, сондықтан өсірмеймін.Қиып отырамын
AKA
Мәссаған  әдемі! Қимаңызшы, қыздың көркі — шаш, ұзындау болғаны жарасымды. Мен де шашымды өсіремін, анам түрлі-түрлі етіп өріп береді, өрілген шаш әдемііі көрінеді ғой. Әсіресе, Fishtail Braid ұнайды, оңай әрі сәнді
Пікір түзетілген: 13 тамыз 2011, 20:34
Esmeralda
рахмет, Fishtail Braid-пен шашы ұзын қыздар мектепте бір-біріміздің шашымызды өретінбіз, бидай сияқты өру деп атайтынбыз:-)
Gastarbaiter
Рапунцель
Esmeralda
Пікір түзетілген: 13 тамыз 2011, 23:50
Gastarbaiter
Казак кызы гана бурымды болады десендер кателесесындер. Шаш ору барлык улттарда бар. Тыпты негрлерде де.
Пікір түзетілген: 13 тамыз 2011, 13:12
KILYZAMAN
Бұрымы оқтаудай неміс қызы(бозбала кезім...) есіме түсіп кетті…
asaubota
бұрым қай кезде де сексилігін сақтады дейсің ғой, ата?
asaubota
өрген әдемі болып тұрады. бір рет такси ұстағанымда, рульде бір қазақ келіншек екен. қос бұрымды! шамалы сынып қалғам
Erkekyz
денсаулығына байланысты өсіре алмауы мүмкін.
Осыған байланысты мен де тоғызыншы сыныпта кесіп тастағанмын ұзын бұрымымды. Мен емес бүкіл мектептегілер көріп жылаған еді сол шашыма. Қазір қысқа шашым. Өзіме осы ыңғайлы. Вот жеңгем қалай қиды деймін, оның шашы тізесінен төмен болатын, тағы өте қалың еді. Өкінбеймін дейді, тек Қарақат Әбілдинаны көргенде ішім ашиды дейді.
Шаштарың  Қатты қалың емес сияқты жайып жүре берсенші, әдемі ғой
Сосын, дұрыс айтасың бәрі де тәрбиеге байланысты, шашта, киімде тұрған ештеме жоқ, тек ортасына лайықты киінсе болды.
Altygradus
жо мындай ұзын шаштарды жайып жүрсе дым әдемі көрінбит, түйіп жүргені не өріп жүргенің дұрыс екен
Esmeralda
иә көбіне жайып жүремін
AKY
Мен өсірватырм
Altygradus
қашанға дейін шыдар екенсің
AKY
Ну енД))) Андааай қып өсірмейм ғо.
monti
алдыңыздан түскен сурет неге жоқ көз алдымызға енді:
Esmeralda — кимбап пісіретін, Корей тілін оқитын, шашы ұзын қыз елестейтін болд

шашына көз тимесін!!! менің де шашым есіме түсіп кетті мен амалсыз кестіп, мерт/мерт болып уыстап түскен соң бірақ мен көбіне жуған соң фен қолданбай табиғи кепкенді қалайтынмын мені көтеріңкі, бұйра болды. қазіргі шашыма өпкем жоқ, рахат, бұрынғыдай айна алдына тұрып 1,5 сағатың кетпейді, ұйқыдан тұрып тарамай кете барасың
KILYZAMAN
… Кішкене ойлансаң, өзіңді өзің алдап отырғаныңды мойындауың мүмкін
monti
...
жоға айттым ғой разымын деп қазіргі күйіме де былай қарасақ, мектеп кезде ата/ана боршы, тыңдау керек болды, енді 20 асқан соң, тек шашпен әуре болудың керегі жоқ сияқты, менкі тым ұзын қалың болды, басыма салмақ, ну и зачем үйімдегілер ұзын шашты қалады екен деп ұстап жүремін бе?
KILYZAMAN
Кім айтушы еді әлгі — осы Керекшілердің біреусі.
Майдаланып(ұсақталып) бара жатырмыз
-деп.

1.Бит дейтін мәселе жоқ, Фен-Плойка-Шампунь тағысын тағылар
2.Таң сәріден тұрып қи күлшелеп немесе тезек жинап т.с.с
3.
4.
5.
6.
7.
Тізе берсек кете береді…
АНОХРОНИЗМ, АРХАИЗМ… т.с.с измдар деп келекетулерің мүмкін.
Ал менің ойымнан кетпейтін бір нәрсе — «Мүмкін тым еріншектеніп бара жатқан шығармыз...»
Пікір түзетілген: 13 тамыз 2011, 15:00
AKY
Қайран биттер, келмеске кетті ғой
Zilola
sol bitti bir eki ret koshirip akeldim, birak jersinbedi ma jogalyp ketti.
balzaminka
 жұмбақсыз, жұмбақсыз
Пікір түзетілген: 13 тамыз 2011, 17:12
Esmeralda
бұрынғыдай айна алдына тұрып 1,5 сағатың кетпейді, ұйқыдан тұрып тарамай кете барасың
позитив екенсіз
Erlan
Уайымдамаңыз гипстін ішінен тістелеп есіңді тандырады ))
Altygradus
иә менде кешеден бері соны айтудамын
asaubota
менің оң қолым білегімнен иығыма дейін гипсте болды. биттеген жоқ бірақ. қышыды, карандаш тығып қасыдым
Zilola
Menin shashym uzyn eken dep jursem ((
dark_nazgul
Мен шашымды жиырмаға келгенше өсірдім. Мама қиғыздырмайтын. Алдымен оқуыңды бітір, жұмысқа тұр, сосын ББЖ дейтін. Белімнен төмен түсетін. )) Бірақ шаршап кетеді екенсің… Қалың, жусаң кеппейді… Қыста сырт киімнің ішіне салсаң ыңғайсыз, сыртына жіберсең капюшон кие алмайсың. )
Бас киім киейін десеі, капюшоны бар киімнің сыртына жіберу тағы қиын. Вопшым, басынан өткендер түсінеді. Сол үшін добалдай қып шүйдеме түйіп жүрдім қанша жыл. Шпилькадан шүйдем тесілді. Сонымен қидым, арманыма жетіп. Мен шашымды қиған күні сіңлім менің бір байқаудан алған вазамды сындырып қойыпты. Мама іштей қорқыпты, мен далада жүргенде бірдемеге ұрынып қалды ма деп. Мен кешке шашымды шолтитып есіктен кіріп келгенде, мамам жылап жіберді…
Одан бері шашым қанша рет өсіп, қанша рет қысқарды ғой. Бірақ жауырынымнан төмен түсе бастаса, ауырлаймын, қысқартқым келіп тұрады. Мен үшін ең дұрысы — иыққа түсіп тұрған шаш.
Esmeralda
сіз айтқан ыңғайсыздықтар әрине бар.
ББЖ деген не?
Пікір түзетілген: 14 тамыз 2011, 00:43
dark_nazgul
ББЖ деген «білген боғыңды же» деген сөз )))
Erlan
Тақырлатып алып тастағым келіп жүр )) кунде жумайсың сосын
dark_nazgul
тақыр құйқа кірлеп, терлемей ме екен?
dark_nazgul
Қызымның шашын өсірмеймін… иығына түсіріп қана қиып отырамын. Керегі жоқ.
Esmeralda
қалауыңыз біледі ғой, аналарымызды тыңдамасақ тағы болмайды
Khan
Анау шаштарың апшягінің терезесіне шығуға ыңғайлы екен. Простыня іздеп әлек болатын едік те жас кезде
Esmeralda
Рапунцельдің мультигі есіме түсіп кетті;-)
manshukn
Менің де шашым ұзын, бірақ жұқа. Бірінші курста шаштаразға барып, ұшын ғана тегістеп беріңіз десем, бірталай шашымды кесіп тастапты. Өзімді сол кезде жаман сезінгем. Жұқа болса да қиюға қимаймын. Бір жағынан шаш белден асқан соң қимау керек, сосын ұзын шашты кесу, қыз өз бақытын кесу дегенді де естідім. Білмим, бұл да рас сөз шығар.
dark_nazgul
ұзын шашты кесу, қыз өз бақытын кесу
«Ойбай, шашымды кесіп тастадым, демек бақытымды кестім» деп, ойламау керек, болды.
Zilola
Menin shashymdy mektepte jurgende mamam kimaityn (apkelerimnin de). Papalaryn renjidi deitin. JOO-da barlygy kidy da, men gana 4-kurs sonyna dein jurdim shashpen. Sosyn 7 nauryzda kesip tastadym tym kyska etip, apkem papama zvondap aityp koiypty.
Papam «Kyzdarymnyn ishindegi en akyldysy Makpal dep jur edim, akyry ol da shashyn kesip tastady» depti. Auyr tidi osy soz. 2007 jyldan bastap kaita osirip jatyrmyn, birak kyrsyktiki ospei jatyr
nurjanbay
шаш туралы көп нәрсе айтылған екен. мен де айтайын.
ерте ме кеш пе әйтеуір бәріміз өлеміз. өлгенде жоқ болып кетпейміз. қиямет қайымда қайта тірілеміз. сол кезде адамдардың бәрі жалаңаш болады. Рамазан айында ораза ұстаған адамдарға Рамазан айы көмектесіп күннің ыстығынан көлеңке болады, үстеріне жұмақтан киім, тамақ-сусын алдыртады… айтайын дегенім Рамазан айының көмегі жетпеген қыз-келіншектер өздерінің ұятты жерлерін шашымен бүркейді екен. әрине шашының жеткен жеріне дейін.
sammita
меніңше әңгіме шаштың ұзын-қысқа болуында емес. Біреулердің шашы ұзын, бірақ күтімсіз болады. Тек шампуньмен жуа сала ма әйтеуір шаш магниттеніп, ұштары сиреп, сыпырғыш құсап тұрады. Ондай ұзын шаштың не керегі бар?
Жас келген сайын витамин, қажетті заттар жетпей шаш та өзгере бастайды. Күтім керек. Ал қысқа шаштылар бар мысалы, жылтырап, құнарланып, сусып күтімі жақсы екені көрініп тұрады. Иықтан төмен өсіріп, жақсы күтім көрсете алсам да жетеді мен үшін.
Алғашқы суреттегі қызға обал екен, рекорд үшін ғана өсіріп қиналып жүрген.
Zilola
Тек шампуньмен жуа сала ма әйтеуір шаш магниттеніп, ұштары сиреп, сыпырғыш құсап тұрады. Ондай ұзын шаштың не керегі бар?
Auyr tidi myna sozder ))
Men jua salamyn i vse, jelge keptiremin
sammita
фенмен жиі кептіру зиян, біз де желмен кептіреміз
Егер шаштың құрамына ағзадағы витамин жеткілікті болса, шаштың состояниясы жақсы болса, әңгіме бөлек
Zilola
kezinde fen men utikti koldanyp kurtyp aldym shashymdy. Endi sypyrgysh siyakty rasynda
sammita
маска мен бальзам жақсаң ТЕК ұшына ғана жақ. Шаштың түбі майланып кетеді жиі. Ұшына жақсаң қалпына түседі. Шашың онша ұзын емес қой деееп ақыл айтып қояын (или қояин ба ми ашып кетті)
Zilola
Menin belimnen asty shashym, tek ushtary guldep ketti  Kiyp tastauga jalki
AKY
Ұштарын қиып таста.
VKM
Ұшын қиып отырмаса,өспейді)))
Zhan
Бұрын қыздар шашым ауыр, басымды артқа қарай тартып кетеді десе сенбейтінмін. Қазір менде шашымның кәдімгідей салмағы барын сеземін. Қанша өсіргім келсем де почему-то иығымнан асқан емес