Мотоцикліңнің артында кім отырғанын қалайсың?

Тақырыпта көрсетілген сұрақ бойынша Ұлыбританияда сауалнама жүргізілген екен. Сауалнамада "Әйелдерден және еркектерден мотоцикліңнің артында кім отырғанын қалайсың?" делінген.
Сауалнаманың нәтижелері бойынша әйелдер арасынан 31 пайызбен тележүргізуші Сьюзи Пери алға шығыпты.
Актриса Анджелина Джолидің өз арқасына жабысып отыруын сауалнамаға жауап берушілердің 18 пайызы қалаған екен.
Үшінші орында өзі әнші,өзі биші әрі модель Шерил Коул 11 пайызбен тұрса, дәл осынша пайызды жинаған Рианна мен Бейонс онымен иық тіресе қатар тұр.
Еркектер арасында бірінші орынды иемденіп, 35 пайызбен алға шыққан қазіргі таңдағы атақты мотошабандоздардың бірі Валентино Росси.
Дэвид Бекхем болса 13 пайызбен екінші орында, ал актер Эван Макгрегер 10 пайызбен үшінші орынды иемденіпті. Эваннан тек бір пайыз төмен дауыс жинаған Брэд Питт төртінші орынды місе тұтты. Әрине сауалнама бойынша))))
Валентиноның суреті

Дереккөз
Бөлісу:

4 пікір

meirzhan
Неше түрлі сауалнамалар болады осы.
Ағылшындардың талғамы ерек сияқты ғой.
rakisheva
Джони Депп жок екен
19852407
бәрін қойындарщ сол, қазақтың жігіттері мен қыздарына жету қайдааа!?!
Пікір түзетілген: 16 тамыз 2011, 19:51