32 пікір

patick
файлобменникке жібермей тұр, вирус бар деп.
omarbirat
Базар жоқ. Керек болып жүр еді.
omarbirat
Керек адам табылмады
asaubota
сілтеме жаңартылды
Zere
Алдындағы excel нұсқасына қарағанда ыңғайсыз екен.
Aigolek
Уррррряяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяя!
Gulistan
Құрдас, рахмет! Бірақ менің көздеген екі адамым да тізімде болмай шықты. Ата-аналары уайымдайтын болды деп отырмын. Ал бір жиенім грантпен Ақтөбедегі медакадемияға түсіп тұр, бірақ оның ата-анасы «жер алыс, жағдай жоқ, оқыта алмаймыз» деп отыр.
Адамдар қызық қой, түссе де қиналады, түспесе де қиналады. Пенденің екі аяғын кеңге жайып, шүкіршілік еткенін көретін кез қашан туар екен деп отырмын.
Пікір түзетілген: 12 тамыз 2011, 12:03
ErNur
Білетіндерің мынаны түсіндіріңдерш мында менің танысым бар екен жалпы конкурс дегенде тұр. Бұл сонда оқуға түскені ме? Әлде конкурста тұр дегені ме екен?
serjan
Йә түсті, жалпы конкурс, ауыл квотасы, оралман квотасы дегендер бар, тізімде бар ма болды.
ErNur
Рахмет Сержан!
satibaldi
Мен бұл тізімде де жоқ екенмін. Сонда мен тапсырмаған болуым мүмкін бе?
serjan
Бұл тапсырғандардың тізімі емес, грант иегерлерінің тізімі емес пе
sigma
Логикаң мықты, +4 саған
sigma
Таңатпай мынаны жазып отырғаныңа қарағанда, Админұлын дүрыс жумағансыңдар ғой.
dark_nazgul
Қызық… 99 балл алған сіңлім тізімде жоқ… Әлде бір шикілік бар ма?
sigma
Қай мамандықты таңдап еді
dark_nazgul
Шығыстануға тапсырған. Төрт мамандықтың төртеуінде де жоқ…
sigma
Сол торт мамандығын айтсаңшы
sigma
Шығыстану мамандығы бойынша мемлекеттік тапсырыс казақ тобына 10, орыс тобына 5 грант.
Қазақ тобына 79, орыс тобына 65 талапкер құжат тапсырған болса, олардың ішінде алтын белгі 31, олимпиада жеңімпазы 4,3 жетім,1 мүгедек бар. яғни бұл дегеніңіз 39 талапкер басымдыққа ие деген сөз, оған ауыл квотасын қосыңыз.

Тізімдегілер Алтын белгі иегерлері екен
Пікір түзетілген: 13 тамыз 2011, 00:27
rakisheva
Рахмееееееееееееееет  Менің сіңілім бар екен тізімде, сондай қуанштымын
meirzhan
Құтты болсын!
rakisheva
Рахмееееееееееееееееет
konvict
Бақ.қз да бұл тізімді қате деп жазыпты ғой. baq.kz/kaz/news/cat/5/5352/?PHPSESSID=92d16003bfe2fade7ef1bd7a77b889ef осында
sigma
Бұл тізім емес, uchi.kz-ке шыққан тізімді айтып отыр. Ал мынау Егемен қазақстанға шыққан ресми тізім
sigma
Сіз айтқан мақалада бір ата-ана былай деген екен
Бұлбұл, ата-ана:

– Балам негiзгi пән ретiнде физиканы таңдаған едi. Орыс тiлдi қоспағанда 80 ұпай жинады. Таңдаған мамандықтарымыздың арасында Алматы қаласындағы Авиациялық академия да бар едi. Интернеттегi мәлiметке сенетiн болсақ, 76 ұпаймен орыс тобына бiздiң көршiнiң баласы түстi де, 80 ұпай жинаған бiздiң атымыз жоқ. Дегенмен министрлiктiң ресми ақпаратының жарық көруiн күтiп, дәмеленiп отырмыз. Егер интернеттегi мәлiмет расталса, бұл әдiлетсiздiк қой. Елдегi мемлекет құраушы ұлт өкiлдерi үшiн әдiлетсiздiк. Онда баламызды қазақша оқытып қажетi не?
Сөзіне қарасақ орыс тобына көршісі 76 ұпаймен түскен, ал ата-ананың „орыстылын алып тастағанда 80 ұпай„ дегеніне қарағанда баласы қазақ тобына тапсырған.
Және ата-ана сөзінен таңдаған мамандықтар ішінде Авиациялық академия (негі ол ЖОО) бар деуіне қарағанда қалған үш мамандықтан үміт жоқ.
Ал енді грант қорытындысына келер болсақ қазақ тобындағылардың ұпайлары екі талапкер 70, бір талапкер 75 ұпаймен тұскен екен, қалғандары 80 жоғары. Төмен ұпай жинағандары ауыл квотасымен түскендер. Бұл авиация академиясының барлық мамандықтары бойынша дерек. Сондықтан ренжудің қажеті жоқ сияқты.
Пікір түзетілген: 13 тамыз 2011, 00:56
konvict
Ойбай, мен ешкімге ренжіп отырғаным жоқ. Жай анда қате деп жазылыпты, мынау сол емес па екен деген ой келген
sigma
Сені емес әлгі ата-ананың ренішіне бола жағаным ғой, қазақ әйтауір бір мін тақпаса жүрмейді.
konvict
Ол енді рас. Баласының алған балыны қарамай мықты жерге тапсыртуға құмар. Соңында түсе алмай қалса жамандап шыға келеді. Мен 117 балмен грантқа іліге алмай қалды дегенді естігенмін
asaubota
Биылғы грант тізімінің шыққаны рас па? Жұрт біліп алдық деп жуып жатыр ауылда. Министрлік 15-іне шығады деп отыр. Біздің газетке де сол кезде шығуы керек.
Abilakim
менен де біреу сұрады ел жақтан хабарласып, бір сыбыстардың шығып кеткені анық олай болса