Сорлы газИттердің қулықтары
Сорлы газИттердің қулықтары немесе құрыған редакциядан қандай шығарма немесе газеит шығады?!
Соңғы уақыттарда бос уақытымның көбі және назарым арзанқол газиттерге ауды. Себебі де біразыңызға түсінікті болғандай қарақшыларды әшкерілеу. Осылайша талай газиттің бетін ашып, бір реттен шолып шықтым.
Менің Шымкентте шығатын газиттерге жасаған рейдім Оразаға тұспа-тұс келгендіктен бе, әлде басқа да себебі болды ма білмедім. Бір білгенім, арзанқол газиттердің біразының беттерінде Исламға қатысты діни мақалалар мен оған керағар болып табылатын және сайтани саналатын түрлі мақалалар да жарияланып жатты. Сонда ондай газитті шығарушылар дінге жақын адамдар мен өсек-өтірікке жақын оқырмандарды бір оқпен атып алмақ болмағанда басқа қандай мақсатпен іші ботқа болған газиттерді шығарады?!
Дүмшелікке жол берген кейбір газиттердің бір бетінен жалаңаш қыздың суреті бар лақпа мақаланы кездестірсеңіз, содан кейінгі бетінде тақырыбы «Алла, зина, Құран, Ораза, Зекет, ...» сынды діни сөздерден тұратын діни мақалаларды көруге болады.
Ақша үшін дарынсыз дүмше редакторлар не ізтемейді дегеннен басқа айтар бар ма?!

4 пікір