Оразада жұмыс уақытын қысқарту керек пе?



Ингушетия басшысы Юнус-Бек Евкуров өз жарлығымен ораза кезінде жұмыс уақытын бір сағатқа қысқартуды мақұлдапты. Негіздемесі — аузы берік мұсылмандар түскілік үзілісте бәрібір жұмыс орнында қалады. Біріккен Араб Әмірліктерінде де Рамазан айында сегіз сағаттық жұмыс уақыты алты сағатқа қысқартылады екен. Тұрғындардың діни ұстанымына қарамастан.

Араларыңызда ниет етіп, мың айдан да қайырлы айлардың сұлтанында аузы беріктер бар шығар. Атазаң қарпіне сай, біз өзімізді зайырлы мемлекет деп қабылдайтындығымыздан, дін және, тиісінше, діни канондар мемлекеттік басқару институтынан тыс қаралса керек. Дегенмен, ингуш бауырларымыздың прецеденті басқа елдерге үлгі бола алар ма екен? Мәселен, дәл осындай ерікті шешімді біздің де Елбасы құп көрсе, ондай шешімге симпатиям зор болар еді. Әсіресе, қазіргідей шіліңгір шілденің кезіне дөп түскен кезде, әжептеуір күш болар еді осы тектес ұйғарым. Аллаһ тұтқан оразаларыңызды қабыл, ниеттеріңізді кәміл етсін, құлшылық-ғибадатқа мойынсұнған мүмин бауырлар!
Бөлісу:

29 пікір

asaubota
былтыр да сөйтті ғой ингуштар. былтыр менің де бастығым маған жұмысқа 11-де келуге рұқсат берді.
sammita
жұмысыңда жалғыз өзің ораза тұттың ба, әлде басқа да қасиетіңді ескерді ме басшылық
Nurgisa
Қасиетті Аршат
asaubota
бастық өзі де тұтты
Aldaspan
«Мұсылмандық — әсте әсте» — деген ұстанымның кесірінен ғой қысқартылмай жатқаны бізде де!!! әйтпесе добно мұсылман мемлекеті болып кететін едік! деп ойлаймын!!!
sigma
Осы мемлекетіміз несімен ұнамайды Сізге?
Aldaspan
Түсінігің түсініксіздеу екен қарағым. ұнамайды деген жазу жазғанымды қайдан көрдің?
sigma
әйтпесе добно мұсылман мемлекеті болып кететін едік! деп ойлаймын!!!
Осы жерде жазулы тұр.
Минус қойғаныңызға рахмет
Aldaspan
Жұп болсын минус!
meirzhan
Бізде ондай шешім қабылданбайды. Себебі біз зайырлы мемлекетпіз. (Кез-келген діни талапа дайын жауап: «Себебі біз зайырлы мемлекетпіз)
omarbirat
Жұмыс кестесін 8-17 қылып өзгертіп алдық (жалпы оразадан кейін де осылай кете береді). Түскі бір сағат демалысты мәшинеде ұйықтап алуға жұмсап жүрмін
TERISKEY
Бір сағатымыздың өзі ақша болған сәтте, қанша мұсылман болсақ та дәл мұны біздің жұмыстағылар қолдай қоймас, 1 айда 25 сағатынан айырылу кімге оңай тисін?!.
Nurgisa
Жалпы, жұмсақтау кестеге ойысу идеясы жасалынабілуі тұрғысынан істелінебілінетін нәрсе ғой. Елбасымыз да, басқа да ірі атқамінерлеріміз де айт намаздарында мешітте болады, көреді, біледі, мысалы. Әрине, оллаһи-білләһи бұл қарар қаралуы, қабыл көрілуі міндетті деген рай жоқ, әлдекімнің емешегі езіле қоймас ондайдан. Дегенмен, қамқор пейілден туған жанашыр жест болар еді, мәселен.
Aldaspan
а?
asaubota
баурым, бір рет банға жібердік, кейін жылы сөйледік. мындай троллинг жасауыңды қойшиш.

суперультрарадикал ұлтшыл болсаң барсаңшы өзің сияқты сайттарға. сенің мында ондай асыраұлтшылдығың бес тиынға да керек емес.
Aldaspan
Ренжіме бауырым!
asaubota
ренжідім. келесіде мәңгілік банға жіберем.
blackbeard
суперультрарадикал ұлтшыл
Мынауыңыз мықты сөз екен Аршеке
Maya
Ой біздің жұмыста керісінше менің уақытымды жеп қояды. Кейде тіптен 3-4 сағат артығымен отырамыз. Түсте тамақтанбасамда үйге барып намаз окып келемін. Жұмыста намаз оқуға ынғайлы жер жоқ Кешке ертерек жіберсе жақсы болар еді, ауыз ашарға тамақ дайындап болғанша уақыт болып қалады.
Баршаңызға Рамазан мүбәрак болсын!!!
Nurgisa
Өкінішке орай, жұмысберушілер арасында кең етек жайған құбылыс бұл. Ақыңды артығымен жеу. Өзіне тиесілі сегіз сағаттан астам уақытты «мыңқ» етпей істеп жүргендер қисапсыз-ақ шығар. Біздегі еңбек қатынастарын реттейтін зәкүнге сай, қателеспесем, бір айда ары кетсе 16 сағат (ресми) артығымен істеуге (переработка) рұқсат бар. Одан асса, өз еркіңмен, ақысыз еңбек етесің. Тиісінше, ведомость толтырыларда бұл дилемма көбісін ыңғайсыз жағдайға тірейді.

Мықты регламентті ұстану және оның орындалуын қадағалау, қарамағындағы ісшілердің құқын аяқасты етпеу мәдениетті жұмысберушінің қасиеті дейік.

Ал, Ислам ынтымақтастық ұйымының төрағасы болып отырған елімізде осындай шешімнің қабылдануы заңды әрі өнегелі қадам болар еді, меніңше.
aues
Ал біздің патрон мүлдем режимді алып тастады. кешігуге де ерте қайтып кетуге де рұқсат берді. бұл да Аллаһтың берген жеңілдігі ғой енді. Бастығым аман есен болсын! :-)
TERISKEY
рақатееенннн--ааааййй!!!
asaubota
Түркияда қалай екен бұл жағынан? менің кезімде ораза қыс мезгілінде болып рахатты көріп едік, 16-30да ауыз аша беріп
AKA
Әпкемнің жұмысында жеңілдік қарастырылған, аузы берік қызметкерлер әпкем де жұмыстан 1-1:30 сағатқа ерте қайтады, бастығы рұқсат берген. Жұмыс уақытын бір сағатқа қысқартса, ештеңе өзгере қоймайды деп ойлаймын, онда да бір айға ғана ғой…
Aizhantabyn
Шүкір! мен ылғи орыстың арасында жұмыс істесем де, кешкі беске дейін жұмысым, тіпті мені аяп, бастығым: «Ты сегодня домой идешь?», «Ну, Айжанка, все иди, завтра доделаешь» деп жібереді)))) Түскі үзілісім 40 мин, екінші қабатта диванда жатааааам музыка тыңдап! Шүкір, бір жақсы орынға жолығып, жақсы адамдармен істеп болып жүрмін.)))
Елде ондай заң қабылдамас, өйткені көөөөөөөөөөөөп адамдар түнге дейін жұмыс істейді. Демек уақытында үлгермейді. Ал жұмыс уақытын қысқартса, мүлдем үлгермейді ғой((( Әсіресе, мем.органдарда жаман екен((
monti
негізі көп кісілер қайта жұмсқа шығады ораза кезде, типы, жұмыс аштықты ұмыттыратын құрал негізі жұмыспен айналсқан дұрыс
менде ораза ұстап жүргенде, демалыс кезде әсресе, уақытты санап кететін едім, ал обед деген кейде менде былай ұмтылып та кетед, или кейде ерінем кабинеттен шықым келмей  егер ораза ұстадың екен, ешкімге кедергі болмай, өзің үшін ұстау керек сияқт, яғни ешқандай жеңілдік керек мес менің ойымша
nurjanbay
Ингушетия басшысы Юнус-Бек Евкуров өз жарлығымен ораза кезінде жұмыс уақытын бір сағатқа қысқартуды мақұлдапты. Негіздемесі — аузы берік мұсылмандар түскілік үзілісте бәрібір жұмыс орнында қалады
жұмыс орынында қалу деген жұмыс істеу деген сөз емес. түнде ауыз бекіту үшін тұрып ұйқым қанбай қалады. сол ұйқының орнын түскі үзілісте толтырам.
madlen
Исламский Банк Развитиядағы жұмысшыларға ораза уақытысында жеңілдіктер жасалады екен сондай, кеш келу немесе ере кету деген сияқты.