Досқалиев 7 жылға сотталды

Сот бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевке қатысты мүлкін тәркілеп, қатаң режімдегі колонияға 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті.
Еске сала кетсек, Ж.Досқалиевке қатысты қылмыстық іс 2010 жылдың қыркүйегінде қозғалды. Оған қызметтік лауазымын асыра пайдаланды, аса ірі көлемде пара алды, лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану арқылы бюджеттік қаржыны жымқырды деген айыптар тағылды. Сондай-ақ қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін жалған инсульт жасады деген де күдік келтірілді. Досқалиевтің өзі үкіммен келіспейтіндігін, Жоғары сотқа шаңымданатынын айтқан.
Дерек көзі: www.inform.kz/kaz/article/2397014
Бөлісу:

21 пікір

sammita
6 жыл аз емес… Обал болды.
Gulistan
Үйбай-ай деуден басқа аузыма сөз түспей тұр.
AKY
Қайдағы жоқ қылмыскерлер бостандықта жүргенде, сондай ғалымды соттағаны обал.
Nurgisa
Мысырда ғалымың былай «жатсын», президент те істі боп жатыр, мысалы. Атақ-шеніне қарап емес, әділет пен легитимдік мәселесінде біреудің ала жібін аттап-аттамағаның салынатын сияқты таразыға. Әлемдік практиканың меңзері сол.
Kuralai
Хүснү Мүбаректің жағдайының жанында Досқалиеа ағамыздыкі ойыншық. Өйткені, оның балалары да сыбайластары деп айыпталып отыр(
meirzhan
Мүбрәктің істегені мен Досқалиевтің істегенін салыстыруға да келмейді.
Gulistan
Тағдыры тәлкекке түскен адам Саддам Хусейн ғой, мыналар өз бастарына тілеп алған
meirzhan
Очкарик тым қатал емес пе?
satibaldi
Бір жарым жылдан кейін денсаулығы мен үлгілі тәртібіне байланысты босатылад.
sammita
Қорқытып үркітіп алған соң ба? Жақсыбек Құлекеев сияқты.
Пікір түзетілген: 5 тамыз 2011, 17:44
satibaldi
Жақсыбеков сияқты.
Қорғаныс Министрінсіз де қалдық па? Бауыреееееееееееееееееееем, ааааааааааааай!!!
Пікір түзетілген: 5 тамыз 2011, 17:42
sammita
 кешір, түзеттім.
satibaldi
Бәрі кеш: қырғыздар үш танк дивизиясымен Таразға қарай шығып кетті.
konvict
қырғыздар үш танк дивизиясымен Таразға қарай шығып кетті.
лібә…
Delhi
Қиын болған екен. Шалқып жүруге үйреніп қалған адам қалай болар екен…