Ұрыларға қарсы бірігіейік



Жігіттер, қыздар, бір мәселені бастаған екенбіз, ақырына дейін бірге барайық енді. Қазір олар да қарсы амалдарын жасап, бірігулері мүмкін. Біз алдымен барлық дәлелдерімізді жинап алайық, сосын осы іспен айналысатын бір заңгер, адвокат табайық. Сосын ТВ және жалпы БАҚ арқылы бір шу көтеріп, істі сотқа беру керек. Біздің қазіргі мүмкіндіктерімізбен мұндай шу көтеру қиын емес екенін өздерің де білесіңдер. Сосын авторлық құқық туралы біраз шу көтеріп жүрген депутат ағамыздан да көмек сұрау керек сияқты. «Крышасыз» болмайды. Сондай-ақ министрліктен де қолдау сұрау керек.
Бөлісу:

25 пікір

asaubota
шымкенттік ұсақ газеттерді қазбалай бермей танымал газеттердің де жастарға арналған айдарларын, денсаулық, тіршілік сияқты айдарларын да сүзіп шығу керек.

күманды материалдарды Гугл арқылы іздеп отырыңдар. тақырып атымен іздегенше мақаланың ішіндегі басты сөздерді жазып шықсаңдар тез табасыңдар. тақырыбын өзгерте салады. бірақ, Әйел денсаулығы сияқты газеттің журналисті сияқтылардың оған да фантазиясы жетпеген.
sigma
Бірігеміз, әшкерелейміз. Әр кім өз облысының беделді(беделсіз) газит-жорналдарын қараса біраз компромат жиналып қалад ау дим.
Сосын бәрін жинап жариялау керек
Mansy
Мен интернеттен оқыған материалдарды .Қызылорданның басты газеттеріннен оқимын гой дал соны көшіріп кояды көбі астына өз атын жариялап
Zako
Соны көрсетіп жіберсеңіз екен.
Mansy
олардын веб порталы жок акпараттык газеттер гой
Пікір түзетілген: 4 тамыз 2011, 23:48
19852407
  бұндай ұрылар бітпит бірақ
баяғыдан бар, бола беретін де шығар
студент кезде жазғанымызды аты білдей газеттердің журналистері ұрлап, қызық болған
Zako
Баяғыдан бері ешкім оларға қарсы сотқа талап арыз берген жоқ, оларға қарсы дау шығарған жоқ. Сондықтан олар осы күнге дейін жетті.
meirzhan
Иә… Блогшылар деген де күш екен…
Abilakim
«Батыр Баян» филімінде «Біріксек бізде де жер қайысқан қол бар екен ғой» демеуші ме еді)))
meirzhan
Жұзге, руға бөлініп, жайылымдық жер үшін таласатын қазақтар жау алдында, мысалы, жоңғарлар алдында күш біріктіп еді ғой, сол сияқты әдетте бірін-бірі минустап, қарсы шығып, кекетіп-мұқататын қазақ блогшылары плагиат алдында бірігкендей.
asaubota
Салнур журналымен хабарластым. олар да құптап отыр, қазір редакторлары жоқ екен. келгесін маған хабарласады.
timurrr
Менің бір мақаламды алып кетівед солар…
Gastarbaiter
«Біз көппіз. Есіміміз біздің — Легион!» — (Жаңа Өсиет. Марк 5:9 )
VKM
1.Адвокат жалдау.
2.Сол ұйымдарға официально хат жазу
2.Солардың жауабын алу
3.Министрдің порталына хат жазу
19852407
твдан жақсылап сойып салса да жетіп жатыр  

 позорррр, ұры «журниктар» шұлықтарын бастарына теріс айландырып киіп біраз күндік кросс жүгіріп тастар еді
Пікір түзетілген: 2 тамыз 2011, 19:58
meirzhan
Позор болатындай олар бәріне белгілі журиктер емес қой.
меніңше ең бастысы төлеттіру керек.
Пікір түзетілген: 2 тамыз 2011, 21:11
xawgim
bugan aptorlih huhih zangi bar hoy, ar aptor oz xigarmasining urlanganin bilse osi oringa arizdanwina boladi. alayda bizde keybir hazahting jahsi anderin uyhurlar awdarip alip oz anderi dep aytilip jurgenderi az emes,
meirzhan
Суреттеріңізге абай болыңыз. Шымкеттің газеттерінен көріп жүрмейік.
dark_nazgul
Бұл мәселе бізді ді толғандырады. «Матрица» ақпараттық жедел форматты бағдарлама болмаса да, Қазақстанның барлық аймақтарына тарайды және бізді облыс орталықтарында жұрт көп көреді. Біз де қалыс қалғымыз келмейді.
asaubota
иә, Матрицаға жақсы тақырып болатын сияқты. алдымен барлық дәлелдерді жинап алайық, істі бастайық сол кезде түсірсеңдер жақсы болады.
sigma
Бұндай айқай шуды кез келген канал түсіреді меніңше, тек жынд материал жинап беру керек. Дәруішөлгендіктер де қарап қалмас.