Қорғаушы қажет

Жаңа Шымкент қаласының Еңбекші аудандық сотына барып, талап арыз беру мен сот ісінің қалай болатындығы жайлы ақпар алып келдім. Анықтама беретін жерде отырған жігіттің айтуынша, сол аудандық сотта авторлық құқық мәселесіне қатысты іс соңғы бірнеше жылдың көлемінде қаралмағанға ұқсайды. Енді қарайтын болар ))

Сотқа арызды өзім бергеніммен артынша Шымкенттен кететін болып тұрмын. Орныма іске қатысатын сенімді өкіл ретінде тастап кеткелі тұрған адамым да мен сияқты сот істеріне араласып көрмеген адам болып тұр. Әлгі аудандық соттың анықтама беретін қызметкері сот ісінің ұзаққа созылмауы үшін және шәйнектердің былжырап жүрмеуі үшін авторлық құқық туралы заңнан жақсы хабардар адвокатты жалдауға кеңес берді. Жалдауын жалдаймын-ау, бірақ оның шығынын (ақысын) төлеу оңайға соқпайтын сияқты. Ол шығында ондаған есе етіп заң бұзушы тараптардан өндіріп алуға болады. Бірақ сол үшін де адвокаттың көмегі қажет болып тұр.

Егер Шымкентте заңгер таныс адамдарыңыз болса, осында бірдеме жазыңыздаршы, өтініш.
Бөлісу:

11 пікір

KILYZAMAN
Пікір түзетілген: 2 тамыз 2011, 16:31
sammita
бұлар тегін кеңес береді. Ары қарай істі жүргізуге жақсы ақша сұрайды.
KILYZAMAN
Білікті кеңестің өзі біраз нәрсенің көзін ашады ем еспе?
Іс жүргізуге филантроп адвокаттар туыла қоймаған шығар әлі…
sammita
Зако сұрақты нақты қойды ғой:
Егер Шымкентте заңгер таныс адамдарыңыз болса
деп. Мынадай адвокаттың мыңы жүр ғой әйтпесе.
Пікір түзетілген: 2 тамыз 2011, 16:38
VKM
Адвокат жалдамай болмайды.Бірақ 100 пайыз жеңетін іс деді білетін 1 адам.Моральный ущербқа адвокаттың ақысын да қосасыз.
asaubota
менің ойымша мұндай іске адвокаттар өздері таласатын сияқты. анық ұтатын іс қой.
Zako
Олар Интернет дегенннің заң арқылы «рәсімделмегендігін» ескере отырып, және бұрынсоңды мұндай істің қаралмағандығын ескере отырып, жеңетіндігімізге күмәнмен қарауда.
KILYZAMAN
Адвокат жалдаудағы мүмкіншіліктердің бірі оған өкілеттілік беріп, істің мәнжайын түсіндірсе жеткілікті болар деп ойлаймын.(Егер жұмысбастылықпен қол тимей жатса).
Zako
Ешқандай адвокатсыз-ақ «айырып» тастауға болар еді. Бірақ уақыт мұрша бермейді.