Бас редактор бұтақ қарап жүрген бе?
Осыдан бір сағаттай алдын "Ана мен бала" сайтынан бақандай 4-5 мақала ұрлап жариялаған "Әйел денсаулығы" газетінің (http://my.mail.ru/mail/ayel-densayligi/) бас редакторы саналатын Фатима ЖҮНІСОВАмен телефон арқылы сөйлестім. Осыған дейін 5-6 күн бойы тілдесудің мүмкіндігі болмап еді. Бұл қоңырауда ол кісі менің айтқан назыма бажылдап, өзіме бәле болмасы бар ма!
Бас редактор өзінің мұрнының астындағы газетте жарияланатын ұрлықы мақалаларға жауап бермейді екен. Өйткені ол газеттің әрбір бетін бір журикке бөліп береді екен. Негізі, барлық бетін бір журналистке беретінге ұқсайды.
Әр журналист өзінің жазған немесе ұрлап алған мақаласы үшін жауапты екен. Ал бас редактор мен редакция сүттен ақ, судан таза болып отыра бермек екен. Бірақ мені ол жағы қызықтырмайтынын ол кісіге ескерттім. Кімнің жауапты болатындығын сот анықтайтындығын ескерттім. Сөйтем, ол кісі біздің сайтымызды қарақшы сайттың нақ өзіне теңеп отыр екен. «Сасқан үйрек артымен сүңгиді» демекші, басына іс түскенде сотқа шағымданушы тарапқа бас салғаны осы болды.
Фатима ханымға ҚР-ның кез келген азаматының тиісті сот органдарына талап арыз беруге толық құқылы екендігін ескерте отырып, алдағы күндері сотқа талап арыз жазатындығымды айттым. Егер бас редактор қарамағындағы газеттің былықтарына жауапты болмаса, бұтаққа бас редактор бола ма, бас редактор бола тұра ұрлықы мақалалар жарияланып жатқанда бұтаққа қарап жүрген бе?!
Төменде біздің сайттан ұрланған мақалалар:
Мына мақала "Мәліметтер" сайтынан алынған.
Мына сол газиттің паспорты:
Заң бойынша шынымен де солай. Бірақ, редакцияның дәл анадай ұстанымы да дұрыс емес. Имидж, беделді ойламайтын редакция ғана әлгіндей жауап айтады.
Меніңше, егер әлгіндейлермен күрескісі кеп, ақша тапқысы келетін және өз құқықтарын қорғағысы келетін азаматтар болса БАҚ туралы заңды тыңғылықты оқып шыққандары абзал. Сосын, «күнәһарлармен» сөйлескенде ерекше мәдениетті болу керек. Бұл маңызды. Нақ-мақтарыңды тастаңдар.
Соттасып береке таппайсың деші, болмай бара жатса қарғайды ондайлар.
кешірімді қоя берші, хотя бы миллион төлей салсын)
Уа, Зако кел дос болйық» — дейтін шығар олар!!!
Фатима хануммен Шымкенттегі біз үшін материал түсіріп жүрген Бек деген жігіт сөйлесті. Бажылдап жолатпай қойыпты.
Жаңа ғана мен де сөйлестім. Салмақты да, сабырлы үнмен мән-жайды түсіндіріп берді. Өз ішінде разборка ашқалы жатыр екен. Фрилансер журналистердің жұмысы ғой дейді, олар дайын материал әкеледі, мен оның қайдан алынғанын тексеріп жатпаймын ғой дейді.
Менің ұққаным: «біздің журналистер де, сайттың журналистері де ресейлік бір сайттағы материалды аударып алуы мүмкін ғой» деп жалтарғысы келіп тұрған сияқты. Қалай дегенмен, екі адам бір мәтінді үтір нүктесіне дейін бірдей қылып аударуы мүмкін емес екенін білмей ме?
тағы да сөйлесеміз, Бек те, мен де.
Сөйтіп, жарты материал жиналады, келесі апта монтаж. ))