Ақын деген

Ақын елдің
Ардақтаған еркесі,
Халық мұңы жеткізе алса жырымен.
Ақын жаны таусылмайтын дария,
Шер толқытса шығар ойлар тереңнен.

Ақын деген,
Данышпан да, дана да,
Сырлы сөзін толғап айтса тереңнен.
Ақындарын қошеметтеп жатсада,
Адамдар аз жанын оның түсінген.

Сырын шертіп,
Мұңын шағып жүреді ол,
Асқар тауға, тыныш жатқан көлгеде.
Баладай боп
Еркелейді емеспе,
Бағалайтын адамдарға ол кейде.

Жағымпаздық,
Оған мүлдем жат қылық,
Бағынбас ол ешбір заман заңына.
Бірақта ол
Дайын тұрар әрдайым,
Жан қиюға әділдіктің жолында.

Шын ақынға,
Тұсау болмас еш нәрсе,
Қамықпастан қарсы тұрар дауылға.
Тамсандырып
Сырлы өлең терсе де,
Жағымпазды баламаймын ақынға.
Бөлісу:

10 пікір

satibaldi
Конструктивті сын дейсіңдер ме? Ық-ық, жеген екенсіңдер…
Пікір түзетілген: 2 тамыз 2011, 12:11
Nurgisa
Дәурен, сіздікі поэзиядағы тың форма, тосын жанр екен.
ErNur
Жағымпаздық,
Оған мүлдем жат қылық,
Бағынбас ол ешбір заман заңына.
Бірақта ол
Дайын тұрар әрдайым,
Жан қиюға әділдіктің жолында.

Мынандай ақындар аз ғой қазіргі таңда
satibaldi
Неге, Кеңсайда көрдім мен қаншасын.
ErNur
Қаншасын көрдің? Бөлісшейші ос жерде көргендеріңімен?
satibaldi
Кейбіреулерінің құлпытастарындағы қаріптер көмескіленген, бірақ «Момышұлы» деген біреуді анық оқығандай болдым.
KILYZAMAN
Пах шіркінай… Ақында — пенде! Мысалы: сарай ақындары
satibaldi
Кетші-әй өзің, жидіп бәдіктене бермей.
satibaldi
Мұны да оқыдым ақыры, мұндайды да оқыдым. Шықпағыр көз не көрмед: мұны да көрді-ау.