Ораза қабыл болсын, ұстаған жан!

Бүгінгі басталған оразаларын қабыл болсын достар тұтқандарың болса! 2006 жылы алғаш ораза тұттым. Кәдімгідей дайындалдым алдын ала. Өйткені өзім суды көп ішетін едім соған шыдамым жетпей қалам ба деп қобалжыдым. Боқтық сөздер де қолданысымда едәуір еді әрі сол кездерде. Соларды да азайтып, тіпті айтпауға тырысып өзімді «тәрбиелей» бастадым. Бір танысымның ұсынысы қызықтырып эксперимент жасадым десем де дұрысырақ болар. Оның ұсынғаны ораза басталардан он күн бұрын, ораза айының жартысы өткеннен кейін, содан соң аяқталғаннан кейін он күннен кейінгі кіші дәреттеріңді салыстырып көр, мен сүйткенмін деді. Сонда кәдімгідей нәтижесін көресін екен. Әр кезеңдегі дәреттердің өзгерісін байқайсың. Әрі бойыңды жеңіл сезініп, спортпен шұғылданғандай керемет күш байқадым өзбасым. Бірақ өкініштісі намаз оқи білмейтінмін. Әлі күнге дейін білмейтінімді мойындаймын. Кейін бір жерден осылай тек денсаулық үшін ораза тұту күнә дегенді оқып қалып артты қыса қойдық  Негізі ораза ұстағаннан кейін намаз оқу да шарт шығар. Ал былай пендеміз ғой, жалпы ниетіміз түзу, барымызша дұрыс жүреміз деп ойлаймын… Барлығымыз аман болайық. Жанымыз, арымыз, тәніміз сау болсын!
Бөлісу:

10 пікір

asaubota
осы «ораза ұстадың ба» дегендерге «жоқ» деп жауап берсең, «неге» деп сұраса ол әдепсіздік сияқты болып көрінбей ме?
Nurgisa
Енді, "әлхамдүлиллаһ, мұсылманмын!" дейтін әр адам үшін ораза бес парыздың бірі болғасын, «осы сөйлесіп отырған адамым мұсылман-ау» деп, одан «ораза ұстадың ба?» деген сауалына «Жоқ» делінсе, парыздың орындалауына не мәселе себеп болды екен деп қызығушылықтың артуы заңды сияқты. Әдепсіздік емес-ау. Бұл ретте, бәлиғат жасына жетіп, ораза тұтуына кедергі болатындай жағдайлар болмаса, мұсылман адамның аузын бекітуден баз кешуі біраз сұрақтар тудыратынымен санасу керек, меніңше.
asaubota
сен неге өзіңе қабылдап жатсың?  мен кәдімгідей зілмен, кінәлап сұрайтындар туралы айтып отырмын. как будто Ораза департаментінде главный сцпециалист болып істейтіндей дікіңдейтіндер болады ғой, соларды айтам.
Gulistan
Диетаға бола ораза ұстау күнә болып санала ма? Меніңше, осындай оймен де оразаға келген жаман емес деп ойлаймын, бір нәрсені ұғыну үшін соны байқап көру керек қой.
ErNur
Мен оны білмеймін. Бұл тақырыпта тәжірбием аз. Бүгіңгі алғашқы ораза күнінде өзімнің тұтқанымды еске алып, бөлісіп отырғанымды айып көрмессіздер. Ал енді бірақ осы денсаулыққа қажеттілік үшін керек болса, осы тап ораза айында емес басқа айларда кесте жасап алып жасап көрген артықшылық етпейтін болар деп ойлаймын.
asaubota
онсыз да мұсылман еместер сөйтеді ғой, оразаның медициналық тұрғыдан пайдалы екенін айтып.
Gulistan
Админ мырза, бүгін ғана көрген/оқыған, Ораза кезінде істеуге болатын және болмайтын іс-әрекеттер топтамасы қайда кетті?
asaubota
өшіріп тастаған шығар авторы
Gulistan
маған оразамен байланыстырғандары ұнайды.
Altygradus
Негізі ораза ұстағаннан кейін намаз оқу да шарт шығар. Ал былай пендеміз ғой, жалпы ниетіміз түзу, барымызша дұрыс жүреміз деп ойлаймын…
тарауихқа барып көр қатысып, тек былай имамы норм мешітке барсаң. Не үшін, не мағынасы бар екен түсіндіріп өтетін.
Пікір түзетілген: 1 тамыз 2011, 16:05