Жол жөндеу жұмыстары

-Бүгінгі күн ауа райы қандай жақсы. Солай ғой? (Әдетте ырымдап, басын жақсы бастау үшін, аялдамадағы қыздың аузынан алдымен «ия» сөзін есту үшін қоятын сұрақтардың бірі). Бұл жолы бір зейнеткерге айттым бұны. Қарап тұрсам, бәріміз Жеңіс даңғылындағы қазба жұмыстарының зардабын тартып жүрген тұрғындар екенбіз. Қаланың жергілікті тұрғыны ма деп ойлап қалдым. "Қал қала болғалы, осы көшені жылда қазады, астында алтын бар ма.." деп қояды жарықтық.
Клиенті жоқ болса, дүкен жетім. Қопарылып жатқан сол көшенің бойымен жаяулатып жүріп өтсеңіз, жол бойындағы дүкендер ашық: ішінде бұрынғыдай көптеп жүретін клиент адамдар жоқ. Заманның тынышында кризиске ұшырап қалмас па екен бұлар.
Бөлісу:

2 пікір

sammita
Оның екінші атауы Геологтар даңғылы. Жылда қазады.
Janasil
Менде біраз суреттері бар еді. Кешке салымын.