Қолсағат

Дедің бе дүниедегі сыйлы адамым,
Ұсындың көңіліңнің қилы амалын.
Санамнан сырғыр емес сандуғаш қыз,
Қол беріп, қолсағатты сыйлағаның.

Сен десе менде қанша тағат қалды,
Тұтаттың кеудемде өшкен сан оттарды.
Есептеп жүргендейін қоңыр сағат,
Екеуміз сайран құрған сағаттарды.

Шәрбатын сезімімнің татып тым көп,
Жаныма жақындайсың жақұт-нұр боп.
Уақыттың қадірін біл, қадірлім-ау!
Білмесең, сырғып кетер уақытпын деп.

Тал бойың нәзік күйге толы шығар,
Жігітті жанарыңның оғы сынар.
Сағатымның «тық» еткен дыбысында,
Жүрегіңнің «лүп» еткен соғысы бар.

Біздерге ұсынды ғой төрін ол да,
Жердегі ғашықтардың жолын оңда.
Білегімде берік боп сағат тұрса,
Дәл солай жан-дүниеме берік орна.

Жүрегім дүрсілдесе қанша қатты,
Сырғалым сыйлай білдің сонша бақты.
Жоғалтып алам ба деп қорқам сені,
Жоғалтып алған күні қолсағатты.
Олжас ҚАСЫМ
Бөлісу:

10 пікір

AKA
Сағатымның «тық» еткен дыбысында,
Жүрегіңнің «лүп» еткен соғысы бар.
...ұнады!
satibaldi
Балағат. Мұны оқығанша, біреу боқтап кетсейші-ау!(((
satibaldi
Дедің бе дүниедегі сыйлы адамым,
Ұсындың көңіліңнің қилы амалын.
Санамнан сырғыр емес сандуғаш қыз,
Қол беріп, қолсағатты сыйлағаның.
Уа, үндескен ұйқастың құрбаны, «санамнан кетер емес» десең де болар еді!
AKA
Алдында жариялаған екенсіз бұл өлеңді, 27 маусым 2011, 21:03
Abilakim
Бізде бір ай өткен соң жазбаларымызды қайта салып отырайық…
Abilakim
Қабырға сағат
Мен емес дүниедегі сыйлы адамың
Ұнайды-ау өзіңе осы қинағаның
Санамнан кетер емес, сар шымшық қыз
Қол беріп, қабырға сағат силағаның

Сен десе менде қанша тағат қалды,
Сөндірдің кеудемде өшкен сан оттарды.
Есептеп жүргендейін сол бір сағат,
Өзіңсіз өтіп жатқан сағаттарды.

Қабырға тұр сағаттың қонысы боп
Сағат қой… менде оның жұмысы жоқ
Сағаттың тықылдаған дыбысы бар
Жүректің дүрсілдеген дыбысы жоқ

Сүйсем де жаным сені қанша қатты
Өзіңсіз қаншама ақ таң атты
Ұмытып кетем бе деп қорқам кейде
Батарейкасы отырса сол сағаттың