Шымкенттік қарақшы газеттер
Шымкентте не көп, арзанқол, өсекке жақын газет көп. Сондай-ақ, Интернет ресурстардан мақала ұрлайтын, тонайтын қарақшы газеттер көп. Бір ғана мысал, Akzere-нің мына мақалалары Шымкентте шығатын «Айкерім» газетінде жарияланған:
Ақылмен жуынамыз
Әдемі болу өнері
Бұл газет "Ана мен бала" сайтының да бірнеше мақаласын 2-3 санында бір емес, бірнеше мақаладан жариялап отырған. Ұрланған әрбір мақала үшін 50 мың теңге айыппұл талап еттік. Алайда, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген адамның (ЖК БФЖИРОВ Н.А.) ондаған мақала үшін миллиондаған теңге айыппұл төлеуге шамасы жетпейді екен. Сондықтан бар айыпты Алматы қаласындағы соттардың көмегімен өндіріп алуды және ондай арзанқол қарақшы газеттердің әрекеттерін шектеуді көздеп отырмын.
Ұрылар тізбегі
"Ана мен бала" сайтының ондаған мақаласы «Балбөбек ай» журналының 4 санының 3-еуінде сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз жарияланып келген. Ол журналдың үстінен де сотқа арыз жазамыз.
Шымкентте шығатын «Шаңырық kz» газеті мен "Әйел денсаулығы" газеттері де "Ана мен бала" сайтынан мақалаларды ұрлап жариялаған екен. «Шаңырық kz» газеті бір емес, бірнеше санында сайтымыздағы мақалаларды ұрлап жариялап отырған. Бұл газеттің қожайыны сол ЖК БАЖИРОВ Н.А. деген жеке кәсіпкер болып отыр.
P.S.
Суреттерін жариялайын десем, Интернет-кафедегі компьютерге телефонымның драйверін орната алмадым.

Жалпы өңірлік газеттерге тән нәрсе ғой бұл. АЛ егер де рұқсатсыз мақала жариялар, астында дерек көзі ретінде сайт атын көрсетсе бұл заңға қайшы бола ма?
Мен оқыған газеттерде жай ған астына «Интернеттен алынды» немесе «Интернет материалдары» деп қоя салады.
Жалпы интеллектуалдық құқықты бізде көбі білмейді. Құқықты бұзушылар да, құқық иелері де.
Ресей газеттерінен аударып баса берген жағдайлар көп газеттердің.
Мен @Zako сияқты жүгіретін уақытым жоқ. Оны да түсінуге болады, білдей бір сайтты ұстап отыр, оған материал салу үшін қаншама уақытын жібереді, дым пайда таппайды. Оған қоса оның мақалаларын жариялап пайда тауып отырғандарды көріп, іші ашитыны сөзсіз. Сол себепті оны қолдаймын. Аударма болса да ол да еңбек қой.
Қарақшы газеттердің сумаңдаған суғанақ қолдары аздап тыйылар ма еді.
Екіншіден, Ақзере деп жазсын, тіпті түпнұсқасын жазсын, кейбір адамдар өзінің мақаласының, не аудармасының арзан арт сүртуге жарамайтын қоспарақта жариялануын қаламайды. Ол жағын да ескеру керек.
Үшіншіден, аударған адамдар жоғарыдағы айтылғандардың негізінде авторлықты (аха, аударманың да авторлығы болады) қорғамақ болса, алдымен өзі де автордың еңбегін сыйлап, авторы «Пәлериан Тугенваль», ал аударған Таршагүл Мырқымбаева деп жазуы керек. Авторы көрсетілмеген жерде, сайттың адресін жазуы керек.
ӘРине, кейбір аудармаларды өзімдікі деп тығып жіберсең де, оның түпнұсқасын ешкім іздеп жатпайды. Бірақ тым болмаса, әлгіндей заңдарды талап етуге моральды құқығың болады.
Егер өзің барлық жазылған, жазылмаған авторлық заңдар мен этикеттерді бұлжытпай орындайтын болсаң, әлбетте СаянҮш сияқты соттан ұтқаның 2000 теңге болса да, ақиқат пен әділет жолында ақырына дейін тістесіп, араздасуға болады.
Бірақ мынандай бірағы бар, автордың рұқсатынсыз(оған ешқандай төлемақы төлеместен) оның еңбегін, статьяларын, кішігірім өнімдерін кей жағдайларда пайдалануға болады.
Мыналарға мысалы авторлық заң арнайы рұқсат береді:
1) Автор мұндай пайдалануға арнайы тыйым салмаған жағдайда, оның жазбасын пайдалану, дереккөзін көрсете отырып.
2) Коммерциялық мақсат көзделмеген жағдайда автордың не авторлық құқық иесінің есімі аталған жағдайда.
3) Ақпараттандыру, зерттеу, сынау, суреттеу, үзінді келтіру (бүкіл бөлім, тарау, томымен үзінді келтіруге болмайды әрине), мысал келтіру, салыстыру және полемикалық мақсатта кішігірім туындыларды дереккөзін көрсете отырып пайдалану.
Ж.т.б
Авторлық құқық идеяларға, концепция, қағидаттарға, ережелер мен тәсілдерге, процесстер мен жүйелерге, амалдар мен техникалық шешімдерге, ұйымдастыру жолдарына, ашылған жаңалықтарға, фактілерге және программалау тілдеріне ЖҮРМЕЙДІ, ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ
Ал егер барлық заңдар сақталып, ұрланған болса онда басқа мәселе.