"Ит сорлысы көшбасшыға ереді"....

— Мама, мені ертең өзіңмен бірге ала кетші…
— Мен жұмысқа барам ғой…
— Мен үйде сенсіз қалсам, менің жүрегім қатты қамығады. Өтінемін, мама, мені өзіңмен ала кетші. Мен сенсіз қалай өмір сүремін?

Шыдамадым. — Жарайды, ала кетем…
Таңертең қызымды диагностический центрға апарып, дәрігердің қабылдауынан кейін үйге әкеп тастап, жұмысқа кетем ғой деген жоспарым далада қалды.
Таңғы сағат сегізде шыққаннан екеуміз қалада түске дейін қаңғыдық.
Тоғыздағы қабылдауға әрең үлгеріп бардық. Одан шығып, «БТА» Банкіндегі ақшамды алу үшін жарты қаланы троллейбуспен аралап ол жеттік. Одан шығып, ауруханада жатқан ағатайымызға (үлкен балам) бардық. Ол өзі бір ыңғайсыз жерде тұр. Одан шығып, менің жұмысыма баратын автобусқа отыру үшін бір квартал жаяу жүрдік…
Сол бір төрт сағат ішінде қызым бір жылады, шаршады, шөлдеді, қарны ашты, «көтершіге» басты… Автобуста екеуміз құшақтасып отырып ұйықтап қалып, түсетін жерімізден өтіп кете жаздадық.
Не керек, әйтеуір келдік. Жұмысымды істеп отырмын, әйтіп-бүйтіп. Бір абзац жазып тастаймын да, қызымды тосып келемін, тағы бір он минуттан кейін қолын жуам, енді бірде ол бояп тастаған тақтаны сүртем… Жаңа бір әріде печенье үгітіп тастапты жерге, оны жинап келдім…
Мені қойшы, ілесіп шыққанына өзі өкініп жүр. Одан да бауырымды бағып, үйде отырсам ғой деп ойлаған шығар…
Бәрінен мына жердегі жұрт ертең майда-шүйде заттарын іздеп қала ма деп ішім қылпылдап отыр…
bk
Бөлісу:

19 пікір

Janasil
Тақырыбы қызық екен.
sammita
заттарды ақтарып отыр ма)) Қызыңыз неше жаста еді?
dark_nazgul
4 жаста. Ақтармайды ғой, бірақ бала емес пе, көзіне түскен майда заттарды ойнайын деп ала салады.
just19
Тақырыбы неге анадай? Түсіндіріп беріңізші?
dark_nazgul
Көш кезінде көштің басы қасында жүрген адамға ерген ит бәрінен қатты шаршайды екен ғой.
satibaldi
«Ит сорлысы көшбасшыға ереді»....
???
omarbirat
Тақырыпқа қарап, саяси жазба екен деп қалдым. Сөйтсем…
Rafaello
Кейде еркек болғың келіп кете ме?
dark_nazgul
Мына каментті мен қалай көрмегем, жаным))) мен кейде емес, үнемі еркек болғым келіп жүрем ғой)))))))))))))
asaubota
алғашқы жазбасы екен Назгүлдің. сол кезде үйде қалған бала да қазір өсіп, печенье үгітіп жүр ау, ә? :)
dark_nazgul
— мама, бұлай істеуге қалай дәтің барды?
— Не істеп қойдым мен?
— Неге емшекқабыңды шешпей жатасың, мен түні бойы дұрыстап емшек ұстай алмадым.
Міне, сол кезде үйде қалған баланың айтатын әңгімесі қазір)))))))))))))))))
Gastarbaiter
Осындай ескі тақырыптарды альбом ақтарғандай ақтарып отырам мен де. Кей жерлерінд "өй, менде мына сурет те бар екен ғой, қалай ұмытып кеткем. Мә, мынаң қара мына жерде мен қандай арықпын, мына жерде мен как раз ана кімге фанат боп жүр едім" деп. Тура сондай сезімдер.
dark_nazgul
Әсіресе, «не ғой, Қара Назгүл, қарындасым» деп, мені жігіт екен деп, өзіңше кемсітпек болғаныңды қалай ұмытайын))))))))))))))))))))))))
asaubota
сөйтті ма?
dark_nazgul
аха))) кейін өзі мойындады ғой)))) «мәссаған, сен қыз ба едің?» деп)))))))))))))))
Gastarbaiter
Ендеше тағы мойындайын, әркім өз тілінде сөйлеп, өз тілінде қабылдайтыны рас-ау, анау «сен қыз ба едің?» деген деанонимизация кезінде айтылатын кішігірім провокация түрі ғо, адамның атын/нигін «байқамай» қате немесе кіші әріппен жазу, еркекпен шатастырғансу, немесе қай кезде қашан танысқанын ұмытқансу, басқа бір никпен шатастырғансу, өтірік есіне түсіре алмау, «мен сені шал/апашка/ірірек/кішірек/бұдан жасырақ деп жүрсем и.т.д