Қай универде оқыған жақсы? (физика пәнімен, техникалық мамандық)

Барша Керекинфо тұрғындарына сәлем! 3 күннен кейін биылғы түлектер ЖОО-ға грантқа түсу үшін құжаттарын тапсырады. Оқушыларымның көбісі Алматыда оқығылары келеді. Бірақ Алматыдағы универлер жайлы білетіндері аз. Оқушыларым меннен де "Қайсы универ таңдаған дұрыс?" деп сұрап жүр. Менің Алматыдағы университеттер туралы білетінім шамалы. Керекинфоның қолданушыларының 52-сі Алматылық екен. Пікірлеріңіз КЕРЕК! Сіздердің ой-пікірлеріңіз қандай? Мүмкін тағы да қосатындарыңыз бар шығар?

Қай универде оқыған жақсы? (физика пәнімен, техникалық мамандық)

Бөлісу:

87 пікір

omarbirat
Бұл оқу орындарында оқымаған соң, қалай білім беретінінен бейхабар екенмін. Сонда да тізімдегілерден Ah yes АИЭС пен ҚазҰТУ (Политех мемлекеттік емес, ұлттық университет екенін ескерте кетейін ) екеуінің бірін таңдауды ұсынар едім. ҚБТУ бар сосын. ҚТЛ бітірушілерге СДУды да неге көрмеске?
Пікір түзетілген: 22 шілде 2011, 13:47
talgatjez
Рахмет, түсінікті.
ҚазҰТУ деп өзгерте алмадым)
Сосын КБТУ-да оқу ағылшынша ма?
omarbirat
Сондай болса керек.
satvaldo
кәзір естуiмше 3 тiлде де оқыта беред. базар боккеткен… сiздердiң (ктл) мықтылары ағылшын топтарына жазылады.
ZhansayaAinekova
53 балмен қандай оқу орнына түсуге болады; тандау пәні физика, 68 балмен биология пәні бойынша қандай оқу орнына түсуге болады?
VKM
КБТУ мен Политех)
Zilola
КазГАСА-ны усынар едiм.
talgatjez
КазГАСА туралы естімеппін. Сайтым көрдім. Әдемі екен. Рахмет, есепке алынды!
Gulistan
АИЭС қазір АУЭС болып өзгерді, алма матер мен үшін ыстық, осыны ұсынар ем!
talgatjez
Алма матерді меңгере амадым). Нақтырақ?
Ottegin
Латыншадан аударғанда-«аяулы анам» дегенді білдіреді, ертезаманның студенттері өзі оқыған университеттерін атаған ғо…
talgatjez
Еее, солай ма…
Serzha
гаудиамус туралы да білмейтін шығарсыз?
satvaldo
универ атауынан безiп кәйттен ұйнсыт болмақшы
meirzhan
Cіз де АУЭС-тен бітірдіңіз ба не?
TERISKEY
ҚазҰУ — жарқын болашақ кепілі! (а)
talgatjez
ҚазҰУ да техниалық мамандықтардан қайсы жақсы?
Ottegin
Механика және қолданбалы математика факультеті
monti
1.АУЭС- бітірген достарым бар қиналып оқимыз, тап мұндай методика ешқандай жерде жоқ деп жатады
2. АУЭС- ешқандай рекламасыз оқу орын дейд, сонда сабақ беріп жүрген кісі
3. АУЭС-ті КазГУдың физфак мұғалімі мақтайд, дұрыс бағытта кетіп барады…
talgatjez
Бұрынғы кеңес үкіметі методикасымен оқытатынын естегенім бар. Бір сыныптасым оқуын бітірмей 2-ші курстан өтпей, оқудан шығып кетіп еді. Қазір папасының жұмысында АХРАННЕГ болып жұмыс істейді. Тағы біреуі бар. Мамандық бойынша жұмыс істемейді.
konvict
Білім іздеген адамға кез келген оқу орын жақсы. Ынтасы жоқ адамды Гарвардқа апарсаң да түк үйренбейді.
talgatjez
Ынтасы бар адамға мүмкіндік те, сәйкес жағдай да болу керек. Таргуды бітіргендерді жұмысқа алмай ма?
konvict
Таргуды бітіргендерді жұмысқа алмай ма?
Көкең болса он бірінші кластан кейін де жұмысқа кіре аласың
satibaldi
Сенің кейде көлемді де қысқа тост айта білетін қабілетің ұнайд маған.
saken
егер электроэнергетика саласына қатысты мамандықты таңдасаң АЭжБУ (Алматы энергетика және байланыс университеті) дұрыс. Инженер-электрик ретінде айтарым.
Басқа техникалық мамандық таңдасаң Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ ұтымдырақ деп ойлаймын.
talgatjez
АЭжБУ (Алматы энергетика және байланыс университеті)-ның сайты бар ма?
neoman
Мынау ең жақсысы деп айта салу оңай емес. Оның үстіне университетті таңдаумен қатар мамандықты да таңдау керек.

Техникалық бағытта, әрине, ең дұрысы — ҚБТУ. Бірақ онда мұнай-газ саласы мен компьютерге жақын мамандықтар ғана оқытылады. Келтірілген екі саланың біреуін қаласа, ҚБТУ-ға тырыссын. Әрине, оқушыңыз 5-ке оқыған немесе солай оқуға тырысқан талаптылардан болса. Сабақ қазақ-орыс тілдерінде. Ағылшынша сәл білгені өзіне жақсы.

АИЭС екінші орында мен үшін. Білім беруге және парадан аулақ жүруге тырысатын ЖОО-ның бірі.

СДУ-ды да қарастырып көру керек. Түріктердікі болғасын ол жаққа ешқашан көз салмаппын.

Одан кейін Политех. Мұнда мамандық саны көптеу.

ҚазГУ-дың механика-математика факультеті де мақтауға тұрарлық.

КазГАСА да жаман емес деп жатады, онша хабарым жоқ. Архитекторларды дайындайтын бірден-бір оқу орны ғой енді.
talgatjez
5+! Жақсы сараптама! КБТУ-да оқығылары келеді. Бірақ алған балдары жет ме ойлап жүр. 94-96 жетер ме екен?
neoman
Негізі ҚБТУ-ды қоспай-ақ қоюға болатын еді: онда грантқа Алтын Белгі иегерлерінің ішіндегі үздіктер (яғни 125-ке жақын нәтиже көрсеткендер) ғана ілінеді.
ҚБТУ-дың кетіп бара жатқан ештеңесі жоқ, қай универ болмасын талаптылар бәрібір жарып шығады
Gulistan
1.АУЭС- бітірген достарым бар қиналып оқимыз, тап мұндай методика ешқандай жерде жоқ деп жатады
— бұнысы дұрыс, көбі бірінші сессияда кетіп жатады.
2. АУЭС- ешқандай рекламасыз оқу орын дейд, сонда сабақ беріп жүрген кісі
— аты шықса да, шықпаса да, жарнамасы басында әлсіз болды, қазір ғой тәуірленіп келе жатқаны

Біз оқуға түскен жылы факультетімізде тек екі қазақ тобы болды, орыстар мен орыстілділер көп болғандықтан, өзімізді біртүрлі сезінетін едік, оның үстіне оқулықтар түгелімен дерлік орысша болды.Қазір жағдай түзелген, шүкір ғой, тек оқуға ынта-жігер болса…
monti
Біз оқуға түскен жылы факультетімізде тек екі қазақ тобы болды, орыстар мен орыстілділер көп болғандықтан, өзімізді біртүрлі сезінетін едік, оның үстіне оқулықтар түгелімен дерлік орысша болды.Қазір жағдай түзелген, шүкір ғой, тек оқуға ынта-жігер болс
… кажся, тех.мамандарға тілдік кедергі жоқ сияқт

Техникалық бағытта, әрине, ең дұрысы — ҚБТУ
грант саны шектеулі емес пе ол жақта? тез/тез нетіп алмаса)))

очм грантқа түсіп тұрған балдар айналайн ғо! құттықтау менің атымнан, оқушыларыңа @talgatjez
talgatjez
АУЭСте оқыдыңыз ба? Қандай мамандық?
Gulistan
Біз оқыған кезде (2000-жылдар басы) негізінен 3 факультет болды: Жылу энергетикасы, Электр энергетикасы және Радитехника және байланыс факультеттері.Сырттай оқыту мен Байланыс саласындағы экономика қосалқы болып саналды. Кейінірек біздің факультеттің өзі бірнеше тарапқа бөлініп, кафедралар күшейіп, білім қоры, базасын молайтып, ф-тет болып жеке бөлініп шықты.
Пікір түзетілген: 22 шілде 2011, 19:13
talgatjez
Бітірген мамандық бойынша жұмыс істеп жүрсіз бе?
saken
айтпақшы… егер ғарыш саласына қатысты оқуға талаптанса оқушыңыздың біреусі, онда ше Байқоңыр қаласындағы Мәскеу авиация институтын рекомендеймін. Сабақ орыс тілінде демесеңіз, білім беру жағынан біраз оқу орнынан көшілгері. Әрі грантпен түсуге болады. Қазақстандықтарға арналған квота бар онда.
talgatjez
Жақсы ақпарат! Есепке алынды!
Aigolek
Бесеуин де окып битирген сон кай универ жаксы екенин айтам.
talgatjez
Оған дейін оқушыларыма грузчик бола тұрсын дейсіз бе?))
Aigolek
Оган дейин окушыларынызга университетти емес мамандыкты дурыс тандауына(алган балдарына карай)комектесиниз. Ойткени сиз атаган универлердин баринин авторитети бирдей болмаса да оте аз молшермен рангиленер еди. Те кана баскалары айтып жаткандай мамандыктары бойынша спецификациялык багыттары бир биринен озгеше. Сондыктан Сиздин сауалнаманыздын мани жок.
talgatjez
Оныңызбен толық келісемін. Бірақ ондай сауалнма жасауды үйретсеңіз… Тым ұзын болып кетпей ме?
Қойған мақсатыма жетп отырмын деп ойлаймын. Өйткені, пікірлердің арасында мынау универ жақсы немесе мынау дейтіндер шамалы. Көбісі, қай универде қандай мамандықты жақсы оқытып жатыр деп жазып жүр. Кешке қарай бұл посттың сілтемесін оқушыларыма жіберемін де, қай мамандық, қай универ таңдарын өздері шешер.
Aigolek
Менин синилим де биылгы абитуриент. Физикадан тапсырган. Онын балы 116. Орыс тилин есептемегенде 92 болады. Казир оте коп балалар жогары бал алады жане бари техникалык мамандыктарга тапсырады. Сондыктан да бул мамандыктарга конкуренция оте улкен. Мен синилиме универ тандауга комектеспейм. ойткени универ екинши маселе. Ен бастысы грант женип алу. Ол ушин мен синилиме мемлекеттик гранттын универлер арасына биыл калай болингени туралы жане былтыргы жылгы кай мамандыкка канша балмен тускени туралы акпараттарды тауып бердим. Менин байкауымша грант сандары катты озгермейди. ал абитуриентттардын бал саны бираз жогарылаган. осыларды ескере отырып кез келген адам кай мамандыкка кандай универге тапсырганда грант иемдену ыктималдыгы жогары болатынын болжай алады. арине 100 пайыз емес
talgatjez
Мұғалімдікті таңдасын, грантқа өтеді
talgatjez
алған ұпайы жаман емес сияқты. Грантсыз қалмас…
Aigolek
грантсыз калмайтыны тусиникти гой. биздин мемлекетимиздин саясатынын аркасында 50 балмен де грант женип алуга болады (мысалга откен жылгы гранттарда тениз колиги туралы мамандыктарда 50 ден 60 ка дейинги балмен грант женип алган). максат сураныска ие жаксы мамандыктын грантын женип алу.
talgatjez
Теңіз көлігінде сұраныс бар шығар…
Aigolek
кулкимди келтирмеш. Аралдагы кураган кемелерди рестоврациялау ушин ба? мен сураныс жок деп айтпайм. дурыс усыныс озине кажетти суранысты тудыратынына сенемин. ол жерде салыстырмалы турде алынган мысал болатын. тениз колиги туралы мамандыктармен Авияциялык мамандыктардын немесе мунай саласынын мамандыктарынын суранысын салыстыра алмайсын
Пікір түзетілген: 22 шілде 2011, 20:15
saken
Аралдагы кураган кемелерди рестоврациялау ушин ба?


негізі бөлініп отырған грант (теңіз көлігі саласы бойынша) сұранысқа сай шығар деп ойлаймын. Артық маман дайындаудың кімге қажеті бар?
Altygradus
Ақтау порты дамып жатыр ғой, әрине керек нәрсе
Altygradus
информатика жағынан ҚазҰУ жақсы. Сосын АиЭС норма болу керек, бірақ қазір мұғалімдер құрамы өзгеруде сондықтан аса білмедім.
talgatjez
Осы бар ғойғ, информатиканы бітіргесін, жылдан кейін жұмыс табуға бола ма? Білуімше көбісі ҰБТда физиканы тапсырып, грант көп бөлінеді деп, комп. технологияларға түседі. Информатитер көп болғаннан вакансия азаймай ма?
Altygradus
өзі қызығатын түрінен 2-3 сертификат алып ап, ағылшынды норма білсе жұмыссыз қалмас. Менің бұрынғы компаниямда барлық филиалдардағы бухгалтерияларының қатынасын бақылаумен ақ бүкіл жұмыс күні өтетін екі жігіт болатын, сондағылары 1C болатын. Сол сияқты жұмыстар жеткілікті ғой, узкий специализацияланған
blackbeard
Неге ішінде М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті (ТЕХ) жоқ?
talgatjez
Ондайды естімеппіз)) ренжіме
satvaldo
ай.ти. десе МУИТ, КБТУ, СДУ.
петроль десе КБТУ мен КазНТУ
химияның бықым-сықымы десе КазГУ
байланыс, радио-техника АИЄС
құрылыс КазГАСА
talgatjez
Ммм. Муит деген не?
satvaldo
жәңеден ашылған жоо. Межд-ый Ай.Ти. унив-т.
talgatjez
ааа, иә. ашылғанына 1-2 жыл ғана ғой деймін
Gulistan
Химиядан Даулетов деген ағай бірінші курста бірінші лекцияда «жымидың» деп аудиториядан шығарып жіберген, сөйтсе сабақ үстінде қабақ қатулы болу керек екенсодан әке деп, көке деп 1 аптада әррең кіргем рұқсатын алып. Физикадан Түркістан Байпақбаев деген ағай берді, енді алтын ағай! Высшматтан — Ералиев — сабақ түсіндіргенде образға еніп, кеңістіктерді түсіндірем деп, жар жағалап кететін
Еһһ, жаман мұғалім болған жоқ, әрқайсысы бір мектеп.Бір өкініштісі, көп мұғалімдеріміз қайтыс болып кетті, жандары жаннатта болсын!

ПыСы: ТЭЦ сабағынан берген Иманбаев — жеке тақырып! Ол туралы студенттері әлдеқашан кітап жазып тастаған болар.
Сағыныыып кеттім бәрін…
Пікір түзетілген: 22 шілде 2011, 19:30
satibaldi
бірінші лекцияда «жымидың» деп аудиториядан шығарып жіберген
Gulistan
ия, өзім де ұқпай қалдым
Gulistan
Бірінші сабақ болған соң сес көрсеткісі келген болар деп ойлаймын.
talgatjez
Иә, ондай болады.
Gulistan
@talgatjez- АИЭС — те жатақханадан қиындық жоқ болатын, қазір де солай. Мүмкіндігінше ЖОО түлектерімен байланыс ұстап тұрам, онда болып жатқан көптеген өзгерістерді естіп, біліп, назардан тыс қалдырмауға тырысам. Бұрынғыдай емес, қазір жаз кезінде оқуы жақсы студенттерді келісім бойынша шетелдік оқу орындарында тәжірибеден өтуге жібереді, оның өзіне үлкен талап және конкурс. Мәдени өмірі де кенже қалған емес, «Энтел» клубында көптеген шаралар ұйымдастырылып тұрады.
Пікір түзетілген: 22 шілде 2011, 19:25
talgatjez
@Gulistan, Пікірлеріңізден кейін АИЕС туралы стереотип өзгере бастады.
satibaldi
Монах Бертольд Шварц атындағы Химия Институтына грант көп беріліпті.
TERISKEY
@Edige ағам қайда? «Сырдария» университетін де бір мақтап жверіп, жоғарыдағы тізімге кіруіне ат салыспаймысыз?
meirzhan
Оқушыларына қай ЖОО тапсыру керек екенін іздейтін мұғалімдерді кездестірмеппін.
Пікір түзетілген: 23 шілде 2011, 00:40
konvict
Оқушыларына қай ЖОО тапсыру керек екенін мұғалімдерді кездестірмеппін.
Мен де
talgatjez
Керекшілерге рахмет!!! Оқушыларыма бұл посттың сілтемесін агентпен жібердім. Оқушыларыма пікірлеріңіздің пайдасы тиіп жатыр! Алғыстарын білдіріп жатыр.))
saken
көбіміз Алматыдағы оқу орындарын жазыппыз.
Аймақтардағы оқу орындарына да қатысты ақпараттармен бөлісе отырсақ. Мысалы кезінде Қазақстанда екі-ақ университет болғанын бәріміз білетін шығармыз. Сол белді Университеттердің бірі Қарағанды Мемлекеттік Университетінің білім беру жүйесі мықты дегенді естуші еді (әкем сол жақта оқыған). Одан кейін өзім танитын энергетиктерден байқаймын, Павлодардың, Өскеменнің техникалық саладағы оқу орындарында білім беру деңгейі жоғары сияқты.

Назарбаев атындағы Универ жайлы кім біледі екен?
Пікір түзетілген: 23 шілде 2011, 13:09
VKM
Өскеменнің техникалық саладағы оқу орындары
жақсы болып қалдым))))
satibaldi
Орталық Азия Университеті, Ақтөбе, Сәңкібай батыр көшесі. Бұрынғы троллейбус паркінің ішінде орналасқан, орындықтар — автобустыкі, оқытушы — шопырдың орнында отырып лекция оқид, @bazuka, раставжівер
Пікір түзетілген: 23 шілде 2011, 23:37
VKM
коридорное образование
satibaldi
Ол ештеңе емес, сонда сабақ беріп жүріп, троллейбус паркіне жұмысқа ауысып кеткен оқытушылар бар
Zhanylai
ҚазҰу-дың мехматы жақсы.
satibaldi
Несімен жақсы болыпты? Ғылым үшін ғылым???
Zhanylai
Ол жерді бітіргендер «жерде қалмайды» дееееп кепілдік беріп кеткен бе?? Білім жақсы, пара — мара жоқ. Дипломды Жылап жүріп әрең аласың. 3 алсаң, өміріңе ризааа боп кетесің!
Zilola
Қазақ бас сәулет құрылыс академиясында түсіп жылап жүрмесін.
Начерталку сдал студентом стал
Сопромат сдал можно жениться
ЖБК-у сдал отцом стал
дегендей ауыр сөздер бар. Жәйдан жай айтылмаса керек. Сессия кезінде жүнжіп кетесің реально  Тырнақ, қас, шаш алмаймыз, әйипесе сессияда өтпей қаламыз деген түсінік те болды
azilhanov
мен КБТУга туским келеди! мен каз 11 окимын орта мектепте! алтын белги иегеримин маган КБТУга тусу ушин УБТдан канша бал жинауым керек Кудай каласа! осы туралы малимет бересиздерма!!! сиздерден асыга жауап кутем
AydanaDauletova
Кеңестеріңіз керек? Әдебиет пәнін таңдап филология факультетіне қанша балмен гранқа түсуге болады? Грант қанша балдан басталады?