Жапония күнделігінен: Гловер Гарден есігі біз үшін ашық
Өткен постта мысықтар туралы сөзге тиек еткен едім, солармен жақынырақ осы Гловер Гарденның кіре-берісінде қайта кездестік
Нагасаки Бейбітшілік Паркінен шыға бере күн ысып кетіп, осы баққа тез жету болды ойымызда.
Айтпақшы, мәліш құйрық мысықтар туралы да комментте біраз жазба болып еді, оны @Altygradus өз блогында жеке постпен жарияламақшы екен, сол себепті мен ол тақырыптан тысқары кетем.
Қош, сонымен бақ алдындамыз.
Менің күзетшімкішкене ұйықтап алдым
Ұйқымды қия алмай келе жатқам:
Баққа кірген бойда мына көрініс алдымыздан шықты:
Баққа қатысты мәлімет:Glover Garden (グラバー園 Gurabāen?) Жапонияда кеме жасау, көмір өндіру және басқа да салаларды дамытуда өз үлесін қосқан шотландық кәсіпкер Томас Блейк Гловердің құрметіне салынған Нагасакидегі демалыс орны. Онда европалық стильде салынған көне Гловер резиденциясы орналасқан.Бақ Minamiyamate жотасында Нагасаки айлағына қарай орын тепкен. Гловер Жапонияға жас кезінде келіп, осы елде тұрақтап, ел экономикасына бірақ пайдалы істер жасаған, жапон қызына үйленіп, балалы-шағалы болған.Өзінен кейін келген бірнеше іскер европалықтарды тартып, ортақ іс бастаған. Олар өмірде жай ғана серіктестер ғана емес, сонымен бірге жанұясымен қатар араласатын жақсы достар болған.Қазіргі ұрпақтары Австралия, Жаңа Зеландия мен Америкаға көшіп кетсе де, жыл сайын музей қызметін атқарып отырған осы жерге келіп, жәдігерлерін жаңартып тұрады, қысқасы жергілікті билікпен жақсы қарым-қатынаста. Жапон халқы Гловер бастаған топтың кезіндегі ісін ескеріп, атап, құрметтеп сыйлайды. Мен осыны анық байқадым.
Жеке сайты мында
Ерінбей осы үйдің ішіне кіріп, екінші қатарынан сыртқа көз жүгіркенде мына мөлдірлілік шықты:
Үлкен аумақты алып жатқан осы бақ ішінде 19-ғасырда Жапонияға кемемен келген европалық саудагерлердің үйлері орналасқан. Қандай күшті! Демек олар бір жерде тұрған.
Шамамен алғанда әрбір үй іші осылай жабдықталған:
Аулалары:
Нагасаки Бейбітшілік Паркінен шыға бере күн ысып кетіп, осы баққа тез жету болды ойымызда.
Айтпақшы, мәліш құйрық мысықтар туралы да комментте біраз жазба болып еді, оны @Altygradus өз блогында жеке постпен жарияламақшы екен, сол себепті мен ол тақырыптан тысқары кетем.
Қош, сонымен бақ алдындамыз.
Менің күзетшім
Ұйқымды қия алмай келе жатқам:
Баққа кірген бойда мына көрініс алдымыздан шықты:
Баққа қатысты мәлімет:Glover Garden (グラバー園 Gurabāen?) Жапонияда кеме жасау, көмір өндіру және басқа да салаларды дамытуда өз үлесін қосқан шотландық кәсіпкер Томас Блейк Гловердің құрметіне салынған Нагасакидегі демалыс орны. Онда европалық стильде салынған көне Гловер резиденциясы орналасқан.Бақ Minamiyamate жотасында Нагасаки айлағына қарай орын тепкен. Гловер Жапонияға жас кезінде келіп, осы елде тұрақтап, ел экономикасына бірақ пайдалы істер жасаған, жапон қызына үйленіп, балалы-шағалы болған.Өзінен кейін келген бірнеше іскер европалықтарды тартып, ортақ іс бастаған. Олар өмірде жай ғана серіктестер ғана емес, сонымен бірге жанұясымен қатар араласатын жақсы достар болған.Қазіргі ұрпақтары Австралия, Жаңа Зеландия мен Америкаға көшіп кетсе де, жыл сайын музей қызметін атқарып отырған осы жерге келіп, жәдігерлерін жаңартып тұрады, қысқасы жергілікті билікпен жақсы қарым-қатынаста. Жапон халқы Гловер бастаған топтың кезіндегі ісін ескеріп, атап, құрметтеп сыйлайды. Мен осыны анық байқадым.
Жеке сайты мында
Ерінбей осы үйдің ішіне кіріп, екінші қатарынан сыртқа көз жүгіркенде мына мөлдірлілік шықты:
Үлкен аумақты алып жатқан осы бақ ішінде 19-ғасырда Жапонияға кемемен келген европалық саудагерлердің үйлері орналасқан. Қандай күшті! Демек олар бір жерде тұрған.
Шамамен алғанда әрбір үй іші осылай жабдықталған:
Аулалары:
Сосын, Қилы атай, біз мысықтардың құйрығын баққан папарацци болмадық қой, қайсібірін қуып жүрейік, «аааа» деп көрдік те қойдық. Жалпы былай, кадрға түскендері Жаннаның постында кейіпкер болмақ.
Елден европалық күйеуімен қыдырып жүрген жапон келіншектері көп болмаса да, біразын көрдім, бір — екі индус жігітін байқадым.
Алда гүлдер дүкенінен бөлек пост жарияланбақ.