Жарияны неге жасырады?

Сонымен бүгінді қосқанда 14-ші күн болды, журналистік зерттеуді өз дәрежесінде жүргізе алмағанымызға. Кедергі бар. Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатқан Исматулла Мақсұм, Саят Ыбырай және басқаларына қатысты іс бойынша ашық сот процесіне келген журналистерді сот қызметкерлері қатыстырмады. Ал, заңда жариялылық қағидаты бойынша, кез келген адам қатыса алатыны айтылған. Бірақ судья Қасым Қалмағамбетовтің айтуынша, оның «сот отырысы прессаға жабық» екен. Біз үш барып, үшіншісінде сот мекемесі ауласының есігінің алдынан «мәдениетті» құқық қорғау қызметкерлері «жылы» сөйлеп, шығарып салды. Бұған да шүкірлік еттік. Оның алдында (шілденің бірі күні) «31» телеарнаның тілшілері көшенің арғы бұрышынан сығалап қана қайтқан еді.

Сот процесіне келген журналистердің айтуынша, ашық істің жабық өтуіне қарағанда «сопыларға» қарсы істің тапсырыспен жасалғаны байқалады. Менің ойым соған саяды. Әйтпесе неге жасырады, неге жабық өтеді?
Құрметті оқырман, осы блогым арқылы сіздерге осы мәселенің барысын алдағы уақытта жеткізіп отырамын.
dauren.kazjur.kz
10 пікір