Мәсімов "масяняның" кім екенін білетінін айтты...

Конференция барысында түртіліп алынғандар:

Хиджап жайлы. Саяси реңкі басым боп жатыр дейді. Францияның мысалын келтірді.

Теміртаудағы мектептің қазақ тіліне көшірілуі жайлы сұрақ. Орыстілді журналис (Киселев) «хлықтың жанайқайын» жеткізді, қазақша қылмауын сұранып жатыр дейді жұрт.

МӘСІМОВ: «БАРЛЫҚ ҚАЗАҚТАР ҮШІН ҚАЗАҚ ТІЛІН БІЛУ ШАРТ!»

Мәсімов "… бірақ орыс тілін ұмытпауымыз керек. Біз негізі бүкіл әлем мәдениетін орыс тілінің дәнекерлігімен үйрендік".

Мәсімов: «Дағдарыс кезінде елулікке кіреміз деп жүріп, керісінше, алшақтап кеттік ол елуліктен»

Тіл саясаты. Алматыдан Едіге қазақ тілі курстарының жоғары бағасын айтыпты. Астанадан Данияр қазақ тілінде балаларға әдебиеттің жетіспеушілігін айтып шағымданыпты. Премьер тіл мәселесі сезімтал мәселе екенін тілге тиек етті. Елбасының мақұлдаған бағдарламасын еске салып өтті. Барлық қазақтар үшін қазақ тілін білу міндетті болуы керек дейді!

Кеден Одағы туралы. Қазақстан елі мен азаматтары бұдан не ұтты? Қазір тек бағалардың өскенін көріп отырмыз.
Мәсімов: Екі күн бұрын Мәскеуден оралдым. Үш келдің премьерлері жолықтық. Мәскеудегі мінберден "Қазақстан тәуелсіз боп қалады" деп айттым. Тіл мәселесін де айттым, "Қазақ тілі мемлекеттік тілі" деп. Әлбетте, ұтамыз. 1 шілдеден бастап Ресеймен кеден шекарасы жоқ. Декларациясыз тауарларды тасымалдауға болады. Экономикамыз шағын Индустрияландыруды жақсы жүргізу, шетел инвестициясын шикізатқа тәуелді емес нарыққа тарту үшін жақсы рынок керек. Бұл мықты мүмкіндік Қазақстандық қауым мен бизнеске беріліп отырған. КО шеңберінде ортақ валюта мәселесі жоқ. Қазақстанда валюта теңге боп қалады. Еуроодақтағы, мысалы, көкейтесті мәселелерді көріп отырмыз. Иә, бұл мәселеге саяси астар беріледі. Біз бұны дұрыстап түсіндіріп отыруымыз керек. Бүкіл әлемнен тарс жабылып ап өркендей аламыз ба? Жоқ! Келесі қадам — ДСҰ кіру.

Мәсімовпен интернет-конференция кемінде 80% орысша, 20% (тіпті одан да төмен) қазақша өтіп жатыр.

Мемлекеттік органдардағы белгіленген уақыттан асыра жұмыс мәселесіне қатысты қойылды сұрақ. Түнге дейін кеңседе тұрақтап қалу, жұмыс кестесінің сақталмауы көптеген жастардың семья құрауына кедергі, басқа да қиыншылықтар туындайды. Одан соң, жұмыс кестесіне қатысты, жұмысты ертерек бастап, сағат 17.30 бітірсе қалай болады деген ұсыныс білдірілді.
Мәсімов қазірге бұған дайын жауабы жоқ екенін айтты.

Мәсімов: «Стингтің концертіне билет сатып ала алмадым, үлгере алмай қалдым».

Сұрақ: «Масяня лақапаты кімге телінетінінен хабардармысыз?»
Мәсім​ов: «Иә, біраз сайтта Масяня деп маған қатыстырыла айтылатынынан хабардармын».

Мәсімов: «Сіздерден кейін (www.zakon.kz) басқа платформалар арқылы да конференция ұйымдастырам. Келесі кезекте Азаттық, оларға уәде бердім, уәдемде тұрамын».
Бөлісу:

12 пікір

Nurgisa
Интернет конференция тікелей таратылымда көп үзіліп жатты, бір үзіліп, бір қосылып. Кейбір маңызды нәрселерді естімей қалған болуым мүмкін.
sammita
Рахмет! Ерінбей аударып салғаныңа
KILYZAMAN
МӘСІМОВ: «БАРЛЫҚ ҚАЗАҚТАР ҮШІН ҚАЗАҚ ТІЛІН БІЛУ ШАРТ!»
— … сөзім таусылып қалғаны
Zhan
Сұрақ: «Масяня лақапаты кімге телінетінінен хабардармысыз?»
Мәсім​ов: «Иә, біраз сайтта Масяня деп маған қатыстырыла айтылатынынан хабардармын». — Спокойна айта салыпты,
Nurgisa
Мырс-мырс етіп күле айтты.
Сосын ішкілікке де кетәрі емес екенін, бірақ дозасы мен шамасын білетінін, одан асырмай ішетінін айтты.
Күніне, деді Карим Кажымканович, бір жарым-екі сағаттайды интернетке арнаймын, тек оны негізінен жұмыстан тыс уақытта істеймін деп жар салды.
Zhan
Жарайды қанша ішсе де, не ішсе де өзі біледі ғой, құрсын. Бірақ, осы кісінің миығынан күлетіні меня бесит.
Nurgisa
Енді кімнің қалай, қай жерінен күлетіні де, әлгіндегіге өңгерсең, жеке іс. Дегенмен харизмасы мен аурасы тартыңқыра қоймайды деп айтушылар легі толастар емес.

Аршат бағана бір жақсы пікір білдіріп еді. "Қазақша сөйлетіп қинап нелері бар, бірден орысшалата бермей ме" деген сарында. Қазақшасы әлі де балаң деңгейде екенін көрдік.

Содан соң, Ресей төрінде «Кеден Одағына кіргенімізбенен, Қазақстан тәуелсіз ел боп қалады» деп айтқанын шегелеп қадады. Қисынды ұғыңқырамадым, сонда кейбір топтар Ресейдің боданы болдық дегендей дақпыртты ушықтырғалы жүр ме?

«Маған менің жұмысым өте ұнайды!» деді сосын, айтпақшы… "Ұнамаса бұны істеп нем бар. Еңбекқормын (трудоголик)" деп қоштады онысын тағы.
Zhan
Содан соң, Ресей төрінде «Кеден Одағына кіргенімізбенен, Қазақстан тәуелсіз ел боп қалады» деп айтқанын шегелеп қадады. Қисынды ұғыңқырамадым, сонда кейбір топтар Ресейдің боданы болдық дегендей дақпыртты ушықтырғалы жүр ме? — Басқа балтық елдері осы орағаңдарға жағынбай-ақ өз күндерін өздері көріп жатыр. біздікілер әйтеуір Митяға ма басқаға ма сүйкенбесе жүре алмайды. мүмкін күштілерге жағынып емес, типа тілін тауып жүрміз дегісі келе ме екен?
Onlasyn
осы кісінің миығынан күлетіні меня бесит.

Айтпа , мені де
saken
миығынан күлетіні меня бесит
айтпа!!!
JAKO
Жаны ашымастың қасында, басы ауырмас.Қазаққа жаны қиналмас біреу ғой.