Мышық пен ит

мен мышықты (біреулер мысық дейді) «піш-піш» деп шақырам. бір Жезқазғанның жігіті «міш-міш» деп шақырамыз дейді. соған қарағанда «піш-піш», «міш-міш» деген сөздер мышық деген сөздің қысқартылған түрі сияқты. Шымкенттік жігіттен сұрап едім «кис-кис» дейді.
ал бізде итті «кә-кә» деп шақырады. «кел-кел» деген сөздердің қысқарған түрі ғой деймін. әлде «комне» немесе «камон» деген сөзден бе?
Бөлісу:

28 пікір

asaubota
Шы мен Сы спорный дыбыстар ғой. түркітілдес халықтардың көбінде көп сөздерде осы екі әріп айырмашылығы болады. біздің тілімізде де бар. негізі дұрысы мысық қой, бірақ мышық деп те айта береміз, есекті ешек деп.
satibaldi
Осы ерекшеліктің негізінде қырықпышақ болып пышқатасып, ата жауға айналып кетсек қалай?
boztorgai
бұ екеуін не үшін шақырмақсыңдар?
saken
бала кезімізде піш-піш деп шақырушы едік. Кейін бір қаладан келген балаға еріп кіс-кіс (кис-кистің қазақшасы) деп шақыратын болдық мышығымызды )))
chimaq
myshyq degendi bugin estip otyrmyn ....bizde mysyq deimiz aiteu ..mych mych dep chaqyramyz...)))
Altygradus
жапондар ваааще ния-ния деп шақырад
AKY
соған келе ме?
Altygradus
кс-кс десең ұқпайд екен
chimaq
qytaidar mi mi dep chaqyrady...))
Gulistan
@balzaminka — Үндістанда қалай шақырады?
satibaldi
Олар ұстамайтын шығар: олардың діні бойынша мысық — әжең, ит — пақан болып шығуы мүмкін ғой.
balzaminka
Jergilikti halyk ustamaidy, alde men kormedim Kowede jabaiy kop 1ak, al bizdn uidegi atyna elendeidi, Kuzya dese boldy ogan
nurjanbay
орыстар мышықтарына ат қойып, сол атын атап шақырады ғой. біздің үйдегі мышықтың да аты бар — миллион. миллион десең қарамайды да. бірақ мен мышықтарды өмірі атымен шақырып көрмеппін. қай мышық болса да піш-піш десең келеді. иттер мысыққа қарағанда есі бар. өз атын біледі. ауылда аққасқыр деген аппақ итіміз болушы еді. ақмашина, ақкаструль, ақ… бірдеме деп мазақ қыламыз. «ақ» деп бастағанда «мені шақыра ма екен» деп жалт қарайды да «каструль» дегенде «ойнамаңдарш» деп ренжігендей теріс қарап жата беретін.
satibaldi
Исматолла ағзамның ілімі бойынша, мысық ұстау — харам емес пе?
satibaldi
«каструль» дегенде «ойнамаңдарш» деп ренжігендей теріс қарап жата беретін.
Шын мәнінде ол танымал мотор майының маркасымен атағаныңызға ренжіді.
nurjanbay
"құтаяқ", "құтжол" деген иттеріміз де болды. құтаяқ сұры түсті ит болды. бөтен адамдар оны басында түлкі деп ойлайтын. сиырлар құтаяқты көрсе жын көргендей қуатын. құтжол деген ит үлкен төбет болатын. қой бағып жүргенде "қоян-қоян" деп айқайласаң жан жағына алақтап, иіскелеп қоян іздеп кететін. сосын аспанға секіріп қоянды жоғарыдан көруге тырысады. «ложный тревога» екенін қайдан білсін.
Пікір түзетілген: 15 шілде 2011, 10:50
satibaldi
сиырлар құтаяқты көрсе жын көргендей қуатын.
Бұқаларымыз да қабаған еді, шынжырда тұрмайд десең иә?
konvict
Ауылда мал бақпаған адам
Gastarbaiter
Ауылда мал бағып көру дәреже ма не?
konvict
Қазақша понттар хит-парады
Gamk
Мәстен деген мысық болған. Ол аты ма, жасының атауы ма білмеймін.

Біз жақта шақырсаң жәй ғана «піш-піш-піш» дейсің. Ал кет дегің келсе, даусыңды жуандатып «піш!» десең ұға қояды. Тыңдамай жатса бір тепсең келесіде тыңдайды.

Бальзаминканың бір мысығы бар еді ғой, туа беретін.

Өзбектер «пышық» дейтінін білем.
AKY
Қуғанда «пырс» демейсіңдер ме?
Gamk
«Брыс» деген сияқты дейсің бе? Жоооқ.
balzaminka
Ol tagy da 2kabat, bugn-erten jenildeitn wygar dep otrmz, mazasy kawp, abirjp jur, komagailygy da ustap jur aitpakwy
Gamk
Лібәд, үйіңде сондай сиырың болса ғой ия туа беретін. Арман-ай десейш...)))
Lyaila
Мысықты жеккөрем, тіпті одан қорқам Бала кезімде түнде мысықты басып кетип, «бажылдаған» даусынан зәриманым ұшқаны тағы бар… Сондықтан, мысықты шақыру дегенді білмид екем Ал, қуғанда «піш, әй, піш» деп айтатынмын, сонда «кел-кел» дейтін болғанмын ба бәсе, сол сәтте айналшықтап неге қасымнан кетпей қалад десем…
Gamk
Бір күні еріккен ит пен мысық адамдарды қорқытпақшы болады. Келісім бойынша бірінші мысық бастайды да, көшеде кетіп бара жатқан @Lyaila-ның желкесіне секіріп мінеді. @Lyaila мысықтың «бажылдаған» даусынан
зәриманы ұшып, қашып кетеді. Кезек итке келеді. Қараса бір ер адам кетіп барады екен. Қасына барып үрмек боп жүгіріп барыпты да, шорт бұрылып кері қашып келіпті.
— Не болды?
— Ой түктібаймайд, айтпайсың ба кәріс деп..!
Lyaila
 ияяя, біз жақтың кәрістері иттердің «жауы» гой
Gastarbaiter
Осы ерекшеліктің негізінде қырықпышақ болып пышқатасып, ата жауға айналып кетсек қалай?