Қалыңдықтың “қара” көйлегі





Қазір жаз айы, яғни тойдың қызатын кезі. Сол тойдың ең басты кейіпкері әрине ақ көйлекті қалыңдық. Ақ түс – тазалық пен пәктікті және нәзіктікті бейнелейді. Тойға ақ көйлек кию негізінен Англияда пайда болған. 10 ақпан, 1840 жылы Виктория ханшайым бірінші рет аппақ қардай көйлекпен герцог Альберт Саксен-Кобург-Готскиймен некесін қидырады. Осы күн Викторияның герцогтың заңды жұбайы ғана емес, ақ көйлекті қалыңдықтың тұңғыш авторы болуымен де тарихта қалады.

Бір қызығы, тойға қара көйлек киетін де қалыңдықтар бар. Бұрындары әлемнің көптеген елдерінде қалыңдықтың қара немесе күңгірт түсті көйлек кию себебі, оның еркін де ерке қыз күнімен қоштасқанын білдірген екен. Қара түсті киімді кісі қаза болғанда, ел басына күн туған кезде аза тұтудың көрінісі ретінде жамылады. Ал оны өміріндегі ең маңызды сәтке киюді көпшілік қабылдай бермейді. Қара киімді қалыңдықтар тек готтарда ғана кездеседі. Бұл бұл ма, тойға қызыл көйлек киетін де қалыңдықтар бар-мыс. Қызыл түс – өмірлік қайратты, белсенділікті, мақсатшылдықты білдіреді. Мәселен, Қытайда қалыңдықтың қызыл көйлегі – байлықты білдірсе, Жапонияда – отбасылық берекені сипаттайды. Шығыс елдерінде қалыңдықтың қызыл түсті көйлегі қалыпты дәстүрге айналса, керісінше ақ түс азиаттарда траурді тұспалдапты.

Бәрін айт та, бірін айт, «Қыз Жібек» фильміндегі Жібектің қалыңдық көйлегін айтсайшы! Өзіміздің салт-дәстүр бойынша ұлттық немесе Еуропалық көйлектің қайсысын таңдаймын десе де, қалыңдық өзі біледі. Бір байқағаным, соңғы кездері оңтүстік жақта қалыңдық ұзатылған кезде қазақша көйлек киеді, ал үлкен тойда Еуропалық көйлекпен шығып жүр.

Суреттер мен материал www.wedding-magazine.ru-дан алынды.
Бөлісу:

11 пікір

chimaq
bizde toi jasaghanda qyzyl kigizedi,aq turin yrymdap kigizbeidi....
VKM
Меніңше, ақ киген дұрыс)
Beytanis
Хауыздың түбінде неке қидырғандар жайлы да құлақ естіп, көзіміз көрген… Таңғалмаймын ештеңеге.
alisha
Бұл бұл ма, тойға қызыл көйлек киетін де қалыңдықтар бар-мыс.
Соңғы кезде біздің батыста қыздың ұзатылу тойында қызыл көйлек киюі үрдіске айналып келеді.
Delhi
Я, бізде сіңліміз үйден ұзатылып кеткенде алқызыл көйлек киген болатын. Қазірде көпшілігі солай болып жатыр гой.
Nurgisa
«Түбінде тұрмысқа шығатын қыз-келіншектің мимырт тірлігі»
Delhi
Тойда қыздарға шляпа киюге болмайды дейд.мыс. Сол распа. Тек ондайды екінші рет үйленгендер киеді екен. Ал киген жағдайда айырылысып тынады.мыс.
Zhan
Мүмкін-ау, айтқаның… Сәйкестік пе, жоқ тағдыр ма, бір алыс ағайындарымыздың тойында жеңгеміз басына панама сияқты фата киген-тұғын, солар кейін ажырасып кетті.
Delhi
мен ондайдын бір емес бірнешеуін байқадым.