Қарбыз жедім мен міне



кеше базарға барып қарбыз сатып алып, оны жедік. дәмді екен қарбыздар. шопақтары қап қара. шопақтарын да жедік. бұрын шопақтарын жемейтінмін. іште қап кетіп, қарбыз болып шығады деп қорқытатын ағам. қазір ағам ауылда болған соң шопақтарын қорықпай жей бердім. енді ол кезде кішкентай едім. қазір дау болдым ғой. қарбыз жеу зиян дейді біреулер. несі зиян?
Бөлісу:

104 пікір

tolagai
айтпақшы қарбызды базардан алдық. ал менің көршім супермаркеттен сатып алады екен. екеуінің бағасы екі түрлі. әрине базардағы қымбат
TERISKEY
керісінЧе емес пе?
tolagai
бізде керісінше Шымқалада. супермаркетте кг 25 тг, ал базарда 30. это нонсенс!
Beytanis
Дарбыз жемегелі бір жыл болыпты!  ыңхым-ыңхым
Пікір түзетілген: 13 шілде 2011, 21:10
Gulistan
шемішкесін солай айтасыңдар ма?
Onlasyn
ОҚО-да солай айтады
tolagai
ОҚО-да солай айтады
Жерлес болдық қой дейм. сразу біліп қойдың ғой шымқала форевер!
tolagai
аха шемішкесін. шопақ дейміз
Zilola
шопақ, дәшек, тәшек деп айта береді бізде
AKY
шопақтарын да жедік.
Gulistan
негізі біртүрлі естіледі екен.
tolagai
кейде әртүрлі де естіліп жатады
Onlasyn
Шемішке деген әдем-і-і-і естіліп тұр
tolagai
Шымқала кеп айтып көрші, ешкім түсінбейді. шемішке деп кәдімгі шағатын шемішкені айтады
TERISKEY
«шемішке деп кәдімгі шағатын шемішкені айтады» — Шымкентте оны пісте демеуші ме еді?
tolagai
пісте деп те шемішке деп те. шыли оңтүстігінде пісте деп, беріректе шемішке деп
alisha
Сатекеңнің «Шопағымды жеме» дейтіні бар ғой
Пікір түзетілген: 13 шілде 2011, 16:10
nurjanbay
асқабақтың сап сары шопақтары *54
Gulistan
Қилызаман атай Сатекеңе ренжігенде «ана дәу басыңда ми орнына шопақ» деп айтатын ба еді?
konvict
Қарбыз егуден кәрістер алдына жан салмайды ғой
satvaldo
шөп еккенде де алдарынан елес өтпейтiнiн қосып қойыңыз. Қызылордалық амиголар жақсы бiлед…
Пікір түзетілген: 14 шілде 2011, 02:31
Delhi
Қарбыздан ғөрі ШОПАҚтарын көп сипаттаған екенсің)). Мадес. Ас болсын. Бірақ базарға ерте түскен қарбыздардың нитраты көп болып келеді. Адам ағзасына тигізер пайдасынан, зияны мол. Ал баппен піскен бұл жемістің дұрыс таңдай білсе, адам денсаулығына оң әсері көп. Тіпті дәрігер-диетологтар осы кезеңде денсаулықты түзеп алуға да болады деп есептейді.
tolagai
мүмкін. осыны айтып қояды ана қарынбай Серік те. бірақ үй ішімізбен жеп жатырқ. ниртатқа қарайтын біз жоқ
sammita
Бірақ базарға ерте түскен қарбыздардың нитраты көп болып келеді
шілде түгілі маусымда піседі қарбыз. Әр өңірдің өз мерзіміне қарай. Сосын әлгі нитратты ішіне салмайды ғой, сондықтан ол қарбыз емес басқаның бәрінде болар еді.
Gastarbaiter
кеше базарға барып қарбыз сатып алып, оны жедік.

Кеше базарға барып екі сабын сатып алдым. Біреуімен жуындым.©
tolagai
маладес! құтты болсын!
Gastarbaiter
Кеше базарға барып екі дамбал алдым. Біреуін кидім.©
tolagai
екіншісін басыңа киіп алмадың ба?
Delhi
Қарбыз кішкентай балаларға зиян. Оларға көп беруге болмайды. 100 грамы жеткілікті. Қарбыз адам бойындағы хо¬лестиринді шығарады, бұл жү¬рек-қантамырлары ауруларына шалдыққандарға пайдалы.
Бүйрегіне тас байланған жандарға осы жемісті күніне 2 кг жеуге болады. Қарбыздың жақсысы арықтауға пайдасы мол. Оны жеген кезде тез тойып қаласын да, басқа тамаққа тәбетін тартпай қалады. Ода калория өте аз. Мммм тағы қандай пайдасы бар еді… Айтпағандай ШОПАҚТАРЫН ))) пайдаға асыруға болады.
Құрғақ дәндерін үгітіп сүт қосып ішсе паразиттерден тазарасын.)))
tolagai
Құрғақ дәндерін үгітіп сүт қосып ішсе паразиттерден тазарасын.)))
паразит деген не?
Delhi
паразит дегеніміз — кез келген адамның ішінде болатын кішкентай қытайлар.
konvict
паразит дегеніміз — кез келген адамның ішінде болатын кішкентай қытайлар.
 Мынаны Ху Цзин Тао естісе у ішіп кетер
alisha
Бүйрегі ауратын бір досыма дәрігер: «Ваннаға су толтыр да, ішіне отырып, бір қарбызды /қарбызды ваннаға салмайсың/ түгел тауыс, дәрет сындырғың келсе, ваннаға жібере бер. Бүйректегі тастар зәрмен бірге шыққанын көзіңмен көресің» депті. Бірақ досым олай жасамады.
sammita
))) жақында оқыдым журналдан. Тазару тәсілі: 2 шөлмек сыраны ішіп алып, баспалдақпен әрі-бері жүгіру керек бірнеше минут. Сосын ана жаққа барасың.
asaubota
сыра ішіп отырып, туалетке бармайтын болып кеттік. түсетіннің бәрі баяғыда түсіп қалған шығар, да?
sammita
жүгіру керек, жоғары-төмен
AKY
ана жаққа барасың.
анадай әрекеттен, жанның жәһаннамнан шығуы ғажап емес
nurjanbay
сенен 1 секундқа кешігіп қаппын.
sammita
кешір, жүлдені @AKY әкетті, келесі жолы..
Пікір түзетілген: 13 шілде 2011, 17:29
nurjanbay
Сосын ана жаққа барасың.
өлесің деген сөз бе?
Altygradus
Тазару тәсілі: 2 шөлмек сыраны ішіп алып, баспалдақпен әрі-бері жүгіру керек бірнеше минут. Сосын ана жаққа барасың.
Бұл әдіс көбіне өттегі тастарды шығаруға арналған. Өттегі тастың үлкендігіне қарай 0,5 ммден аз болу керек, әйтпесе өт жолдарында кептеліп қалады да, тек операция ғана қалады
Пікір түзетілген: 14 шілде 2011, 07:54
Altygradus
«Ваннаға су толтыр да, ішіне отырып, бір қарбызды /қарбызды ваннаға салмайсың/ түгел тауыс, дәрет сындырғың келсе, ваннаға жібере бер. Бүйректегі тастар зәрмен бірге шыққанын көзіңмен көресің» депті. Бірақ досым олай жасамады.
@alisha дәретті ваннаға сындырмай ақ жасаса да болады ғой, дәрігер қатты кеткен екен, бастысы жинап-жинап барған дұрыс, напормен шығады тастар.Бірақ бір жасағаннан шыға қоюы екіталай, алдын-ала дайындық керек.
Пікір түзетілген: 14 шілде 2011, 23:38
tolagai
мәәә, мына кісі (ұл ма, қыз ба білмедім) көөөөп нәрсені біледі екен!
asaubota
шопақтың ішіндегі ұрығы да кетті ме ішке?
tolagai
кетті  не болса да
satibaldi
Бұтееем ойбай, жыртылып кетпесе игі еді
tolagai
бұтың жыртылса көп берме
Janasil
Бізде шопақты тауықтарға береді.
tolagai
сонда ментауық болдым ғой
satibaldi
Бізде шопақты тауықтарға береді.
Извращенец
asaubota
ешқандай диалектте "әтшәу" деген сөз мен ойлап тұрған нәрседен басқа мағына бере ме екен?
Gulistan
Керекте диалект тақырыбы әлі кең талқылана қоймаған сияқты
AKY
қазір кең талқыланып отыр ғо
Gulistan
әзірге «шопақ»
nurjanbay
Қызылордадан қайын жұрт беріп жіберген қарбыздарды осыдан бір ай бұрын жегенбіз. ол кезде сол жақта келісі 20 теңгеден деп еді. қазір Ақтөбенің базарында 50, көшелерде 70 теңгеден сатып жатыр.
Пікір түзетілген: 13 шілде 2011, 16:32
Delhi
Ия. Кешегіде 60 тенгеден алдым.)) Қашан 20 тенге болар екен біз жақта...?
satibaldi
Бізде шопақты тауықтарға береді.
Ермек Тұрсынов: «Ох шешесс, идея э...»…
konvict
 Келін-2 нің жалғасы?
meirzhan
Қарбыз жеудің ас қорытуға да әсері бар. Көп жеуге болмайды.
Қарбыздың ішіндегісін дән деп атаушы еді.
nurjanbay
Қарбыздың ішіндегісін дән деп атаушы еді.
сен де Ақтюбеліксің бе?
meirzhan
Көп жерлерде солай атайды деп ойлаймын.
Nurgisa
Қарбызды дарбыз деу де бар.
Ағам былтыр әсіресе көп жеді доқтырлардың кеңесімен. Негізі, кейіннен айтқаны, шынымен жақсы әсер еткен ұқсайды денсаулығына.
Өз басым, қарбызды лепешкамен жеуді ұнатамын. Қауынды да. Астанада «Артемда» сатады балаусаларын. Негізінен Шымкенттен әкелінген дақылдар.
Қауынның миниін Шымкентте әңкелек дейміз. «Діңке» дейтіндерді де естідім.
Ең дұрысы, сатып алғасын сыртын тазалап жуып, екіге бөліп, тоңазытқышқа қою. Жақсылап салқындағасын кереметтей қылып жеу.
Қабығын сиырларға беру құп. Ауылда әйтеуір сөйтетінбіз. Қалада тезірек қоқысқа тастауға тырысасың: шыбын-шіркей де құмар бұ пәлеге.
sammita
Шымкентте қара қауын өседі ғой, сондай тәтттті, жұмсақ, езіліп тұрады. Не деп аталады? Соны арнайы маған әкеп берген Шардарадан, орап, корапқа салып абайлап. Бал екен. Олар біздің жаққа «экспорттауға» жарамайды, шыдамсыз дейді-мыс.
satibaldi
Шопақтары қандай екен?
sammita
тура @tolagai жеп отырғандай.
tolagai
шопақ жеген жақсырақ чем, құтақ-тай жегеннен
TERISKEY
Толағай-ей! Абайлап сөйлесеңші, білеміз, ауыз сенікі! Ойыңды, сөздеріңді дұрыста!
tolagai
Ойыңды, сөздеріңді дұрыста!
сен мені түзейтін кімсің?
Gastarbaiter
Давай бәріміз Толағайға көңіл бөлейік
saken
қара қауын
күләбі қауын ба?
konvict
Негізі Шардаралықтар қарбызға селитраны көп қосады. Біздің Таразға алғаш келетіндер де солар ғой. Кейін өзіміздің ауыл жақтікі шыққасын ешкім Шардараға қарамайды
madlen
Сэмми, кемпір қауын дегенді айтасың ба?
Gastarbaiter
Шопақ, пәлек, дәнек, ұрық
Gulistan
Менің естігенім — Семей жақта қауынды діңке, ал қарбызды қауын дейді

Былтырлары Кездесу кейзетте Шымкенттің/Жаңатастың бір жігіті қыздарды қарбызға лықа тойғызам деп сендірген, сол бозбала қайда екен?
nurjanbay
мен Семейде болдым. олар шынымен де
қауынды діңке, ал қарбызды қауын дейді
AKY
Семейлік құрбым нақ солай айтад
Gastarbaiter
Кейбір жерлерде қауынды қауын дейді екен © Сатыбалды.
Баян болған тақырып қой.
asaubota
діңке деген дынька дегеннен шыққан шығар?

біздерде қарбызды қарбыз дейді, қауынды қауын.
meirzhan
Бәрі емес бірақ.
AKY
Өй, ел болғандарыңды! Шопақты айта бергенше, барыңдар ана шовинизм жайлы тақырыпқа!
tolagai
Өй, ел болғандарыңды! Шопақты айта бергенше, барыңдар ана шовинизм жайлы тақырыпқа!
бүгінгі айтқа сөзіңнің алды болды на хрен!
AKY
нақмет, қозғалдым, рақтың.
satibaldi
Бізде абрикостың сүйегін — тас дейді
AKY
Бізде ағаштың сабағын бұтақ дейді.
Gulistan
Бізде бізді «біз» дейді
Gulistan
Әйтеуір, маусымына қарай жылына бір рет қауын-қарбыз Керектің тақырыбына айналып жүр.
balzaminka
Karbz kazan boluga jakyn kaldy bizde, okiniwti (( 1ak 3 ai erkin jedim, reniwi jok bolar magan degen))) Kazir endi mangonyn sezony urp tur dep India jagdainan da habar berip koyaln))
saken
адам бір жазда өз салмағымен тең қарбыз жеу керек дегенді естіп едім. 
Бөтекесін тазартып алу үшін.
boztorgai
шопақтарын да жедік
бізде қарбыз жейді… шопақ жемейді
satibaldi
AKY дің сүйікті посты
AKY
қызық тақырып еді, шіркін…