Жапония күнделігінен: "Көзілдірік-көпір" немесе Нагасаки кеші

Көктемдегі Жапонияға саяхатымның осы Керектегі ақырғы нүктесі қойылар күн жақын екенін қуана хабарлай келе, соңғы үш жазбамның алғашқысын ұсынбақпын (былайша айтқанда «начало конца»).
Осының алдында Керек жабылып қалып, жазуларымыз жетімсіреп, кішкене тоқырау болып еді, міне оның да орны толып, сіздермен тағы бір рет өткенге саяхат жасағанды жөн көрдім.
Нагасакиде көп бола бермегендіктен, ондағы бос уақытты мүмкіндігінше қала аралауға жұмсадық, кезекті сенбінің бір кешінде Жанна мені осы «Көзілдірік-көпірге» алып келді, суреттер легі:













көпір маңындағы жүргіншілер:

Ыдыс сататын дүкен маңы:

«НұрОтанға» сайлау


Деджима ескі көпестер қалашығының макеті қойылған:

Нақты көрінісі:




Одан соң портқа бардық:



Порт жағалауындағы паркте:





Жапониядағы Нагасаки Университетінде оқитын тағы бір жерлесіміз, медик Жанна кешке қонаққа шақырып қойған еді, соған сыйлық алмаққа гүлдер дүкеніне бас сұқтық:









Жаннаның дастарханынан бір көрініс, духовкада піскен капуста (cauliflower):

Салат:

және… дададам… Жапон елінде татқан қазақ дәмі, жылқы етінен жасалған беш (жайпақ табақ болмады):

отырыс түн жарымына дейін созылды. Келесі күнге жоспар құра отырып, үйге тарқастық. Шаршаған жоқсыңдар ма?!
Бөлісу:

33 пікір

TERISKEY
қала тап-таза екен! Ілмектерде Қайрат Нұртас няғып жүр деқояд бір ойым. Сайлау ит — кеңк-кеңк))
meirzhan
Өте әдемі жерлер екен. Мысықтар мен иттер, балықтарды жақсы көретін сияқтысыз. Әлде көргеннен соң, түсіре салдыңыз ба.
Қайрат Нұртас Жапонияда не істеп жүр екен.
Gulistan
Ит-мысық демекші, мысықтарды жек көрмеймін, бірақ ұстауға жүрегім дауаламайды душа не лежит Біреулер иіскеп өліп жатқанда біртүрлі болам. Ал күшіктерді жақсы көрем, әсіресе қорбаңдаған аю күшіктерді сүймей-ақ құшақтауға бармын әрине егер қаппайтын болса
Балықтар? — енді айналада қыбырлаған, жыбырлағанды түсіре бердік қой. Негізі біздің жақ пен ол жақта жануарларда үлкен айырмашылық бар, мысалы мәліш қой сияқты құйрықтары бар мысықтарды көріп күлгем, ойлап қарашы, арықша келген мысық пен бұлтыңдаған құйрығы Еріксіз табиғаттың жаратпайтыны жоқ-ау дейсің.
Ал иттері? — иттерінің ұсқынын жоғарыдан көріп тұрсыздар, қанден ит сияқты бір жапырақ дүние, содан да болар 2-3ден асырайтындары
KILYZAMAN
мысалы мәліш қой сияқты құйрықтары бар мысықтарды көріп күлгем
-фотоеспке кірмей қалыпты ғой… Дұрыстап түсіріп суретін қоярсың!
Gulistan
кейінгі посттарға ілініп қалар.
KILYZAMAN
Алдын ала РАХМЕТ
мысықтарды көріп күлгем, ойлап қарашы, арықша келген мысық пен бұлтыңдаған құйрығы Еріксіз табиғаттың жаратпайтыны жоқ-ау дейсің.
бірге тамашалайық
meirzhan
Әрине қызықты жануарлардың суреттерін іліңіз. Тек гүлдерді ұмытып кетпеңіз.
AKY
Пай-пай, Жаннаның дастарханы-ай
KILYZAMAN
3150 иен гүлдің бағасыма?
satibaldi
Барлығын өзің сияқты қайыршы көресің бе? Бәдіктенуіңді қашан қояр екенсің осы?
AKY

Қымбат қой шынымен
Gulistan
қымбаты қымбат, бірақ салыстырсам, ол жақта орхидеялар арзанырақ екен.
KILYZAMAN
Тесікке күлгенің оғаштау Жыртық…
Gulistan
Қилеке, базр дүкендердегі гүл нарығын білмеуші ме едіңіз? Арзан гүл жоқ, оның үстіне анандай композициялар қымбат тұрады.
KILYZAMAN
1 иенаңыз 1 теңге 8 тиын екенін кейінірек барып еске алдым(онда да инеттің көмегімен)… Былайынша теңге байқұсты доллармен немесе евромен салыстрыа есептеуге әдеттеніп қалғанның да себебі болып кетті… Былайынша-аса қымбат емес екен
Пікір түзетілген: 6 шілде 2011, 16:53
AKY
1 иена 10 теңгедей емес пе ед?
Altygradus
ҚИлызамандікі дұрыс бір иен 1,8 теңгедей шамамен
AKY
Аа, онда шынымен қымбат емес екен
xawgim
ozingmen birge sayahattap kelip, eng songinda ana tamahtardan damin tatip, xarxay uyge haythanday boldim
Gulistan
 Қайрат Нұртас пен Никольдің өлеңдерін тыңдап жазғам осы постты
meirzhan
Шашы ұзын қыз
Қандай сұлусыз
Қырдың гүліндей
Құлпырып тұрсыз
Шашы ұзын қыз
Жанары мұңсыз
Күндей күлімдей
Нұрланып жүрсіз
Пікір түзетілген: 6 шілде 2011, 16:56
Beytanis
Фотолардың арасында шашы ұзын қызды көріп қалдым. Сіз бе?
Gulistan
Шашы ұзын қыз — Жапонияда қыдырыста болған осы Керектік деп біліңіз.
Пікір түзетілген: 6 шілде 2011, 16:48
Beytanis
 Танысқаныма қуаныстымын!
AKY
Шашы ұзын қыыыз, қандай сұлусыыыыз )))))
direct
Жапонша музыкамен мына сүгіреттеріңізді слайдшоу жасасаңыз қатып кетер еді!
Erkekyz
Қала әдемі, бірақ көбірек порт ұнады. Су жағалауын жақсы көремін
Altygradus
ана қабырғамен трамвайды түсірген сәт еске түсіп. Былай тұр десем, дәл кадрға кірген саған, ойбай кет кет үлгермей қалам түсіруге деп паника болғаным
Gulistan
Қысқасы, Жапонияға жолыңыз түсіп Жаннамен кездесер болсаңыз немесе ол Қазақстанға келгенде, әрине онымен фотоға түсерсіз. Содан басталады фотосессия: әрі, бері, қиыс, енді былай, енді былай, обшым, өзіңді шағын жұлдыз санап кетесің
AKA
Балықтарды қызықтап тұрған суретіңіз ерекше ұнады!
VKM
суперсуреттер)
xawgim
tamahtari hitaydikine uhsap haladi eken