Шөл раушаны немесе менің шопырым


Адамның материалдық жағдайы жақсарып, өзін де балашағасын да қамтамасыз етіп, артық дүниесі банкте сақтап, сол үшін уайымдайтын жағдайға жеткен кезде, қауіпсіздігі мен жағдайын ойлап, қайда барса да көлікпен алып жүретін шопыр мен оққағар жалдайтыны анық. Немесе басқа варианттарды таңдауы мүмкін.
Бұл постым Астана күніне келмей қалған Стингке, нақтысы оның «Desert rose» клипіне қатысты. Бұл клип 2000шы жылы шығып еді. Осы әні арқылы Стинг әлемге кеңінен тағы бір танылып еді. Бұл ән сіздің сүйікті әндеріңіздің плэйлистінде тұрған да болар. Мен уақыт сағатымен осы әнді тыңдап тұрам.
Осы клип арқылы менде бір арман пайда болған еді, соны айтайын.
Клипте Стинг қолына цифрлыкамерасын көтеріп алып шөлдалада жүредіғой, не істеп жүргені беймәлім енді, экзотика іздеп жүрген шығар деп ойлаймын өзім. ол камерасымен ана жақ мына жақты түсіріп тұрады да, «Ягуар» (бәлкім басқа) автокөлігіне келіп отырады. Ал оған есікті ашып жауып, көлікті жүргізуші — бізге бейтаныс бір қыз.

Болашақта бизнеспен айналысып, байып кетіп, Пежо автокөлігін сатып алып, менде бір қызды шопыр етіп жалдаймын деген арман — сол клипті көрген соң пайда болып еді. Клипті көрген сайын, қалайда сол арманыма жетемін деген құлшыныс пайда болатын.
Міне, арадан 11 жыл уақыт өтіпті, көлік түгіл — көліктің дөңгелегі де жоқ менде әле))) 11 жылда дүниеге, байлыққа, ақшаға деген көзқарасым біраз өзгеріп кетті, қазір бұл арманымды іске асыру басты орында емес, байлығым асып тасып кетсе де.
Бірақ, қызық үшін немесе экзотика үшін Пежо көлігін сатып алған кезде шопыр қыз жалдап, елдің өзім қалаған жерлерін бір аралап шығуым әбден мүмкін нәрсе))
Клиптен кадрлар:


Мынау клиптің өзі:

Сілтеме www.youtube.com/watch?v=C3lWwBslWqg
Астана күні құтты болсын қазақтар!!!
Армандарыңыз орындалсын керектестер!!!
Бөлісу:

25 пікір

Gulistan
Арманың «жынды» болған екен
direct
Айтпа)
Шыныменде кереметқой шопырың қыз болса!
Маған клиптегі шопыр қыз өте ұнады. Үстіне киген қарат түстегі киімі өзіне сондай жарасымды. Менің ойымда осындай қара форма жасату болған. Жұмыспен басың қатып жүрген кезде, жоғарыдағы бірінші суреттегідей шопыр қызың күлімдеп отса жақсы емес пе? Агрессиядан сәл де болсын аулақ болатын)
meirzhan
Небір қиялдар болған екен сенде. Әр клип көрген сайын осындай армандар туып отырды ма?
direct
Ооой, сұрама)
Ондай қиялдар жетіп артылады, Майкл Джексонның «Black or White» клипіндегі биге қызығып, өз тобымды құрып атақты биші боламын, клиптегідей әлемдік гастрольға шығамын! деп армандағам десем ия?))))))))))))))))))))
Қиялдап армандағанда неғой, шынайы өмірге тура келсе, іске асыруға болатын дүние болса ғана армандайтынмын, қалғаны әр кәлләда бір қиял дегендейғой)
meirzhan
Армен деген өзгеретін нәрсе екен.
direct
Ол енді өмірлік ұстанымың өзгеру/өзгермеуіне байланысты.
Altygradus
ұнайд осы ән маған
omarbirat
Осы әнде Стингпен бірге ән айтатын Шеб Мами қазір түрмеде жатыр дейді.
meirzhan
Сол баяғы нашқорлықтан қорлық көріп жатқан шығар.
omarbirat
Жоқ, басқа бап бойынша. Нашаға қатысы жоқ әйтеуір. Жүрген қызын ұрып-соғып, қамаған. Аборт жасатқызбақ болған екен. Шынымен кінәлі ме, әлде жала жабылды ма, ол жағы бізге беймәлім ғо.
Пікір түзетілген: 6 шілде 2011, 23:24
omarbirat
Әлқисса, мен мына пікірді жазып жатқанда, Шеб Мамидің түрмеден шығып, үйінде жатқанына төрт ай болған екен. Жалған ақпарат бергенім үшін жоғарыдағы пікірді оқығандардан жік-жапар болып кешірім сұраймын.
AKY
Осында кететін күні әуежайға айел таксистпен келгем)) Ну енді, макияж мен прическа жасаса, тож сұлу болатын шығар)))
Gamk
Бір көкеміз бір жерге асығып шығады да, такси тоқтатады. Есікті ашса, жүргізіп келе жатқан шопыр әйел кісі екен. Бұл сол арада суырып салады:
— Ай, шопыр қыз, шопыр қыз,
Машинаңа отырғыз.
— Ай, замандас-ау, қызың не мен қатынмын ғой,-депті сонда шопыр.
— Ал, онда шопыр қатын, шопыр қатын,
Машинаңда орын бар ма отыратын? — депті көкеміз мініп жатып.
direct
2009дың күз айы еді, кешке жұмыстан пәтеріме келдім, құрдасым «лсылай да осылай, бір қыздың туған күні, соған барамыз» дейт, дауай дедімда әртіс киімдерімді киіп, көшеге шығып қол көтеріп тұрып алдым, бір гольф келіп тоқтады, есігін ашып қарасам бір әпше отыр, Жетісайда әйел таксист көрмегемғой, темболее кешкі уақытта) содан не дерімді білмей «о о орта орталыққа ба бару керек еді...» деп едім «отыр» деді. Жолда ыңғайсызданып отсам такси әпше әңгіме бастады «Бүгін қарайтын сериал жоқ еді, үйде отырып іш пысып кетті, содан таксовать етіп қайтайын деп шығып едім» дейді, а«а а… ия дұрысқой...» деп отыра бердім, барар жеріме жетіп түсіп қалдым. Туған күнде отқан кезде соны айтып біраз күліп алдық)
Шопыр қызың болса керемет екен, бірақ нивкоемслучи шопырлыққа әпше тура келмейтініне сол кезде көз жеткіздім)
meirzhan
Шопыр қыз енді когда-нибудь әпше болады ғой.
direct
Ол енді өзінен кішілерге әпше болады, маған емес)
satibaldi
Туған күнде отқан кезде соны айтып біраз күліп алдық
Ия, пездес күлкілі екен нақ.
direct
Ооой айтпа, күле беріп ішегіміз үзіліп кетейін деді, дер кезінде күлкімізды тыйдық.
konvict
Бұны айтқан Шорабек Айдаров қой. Біз жақта жыр ғып айтады
Gamk
Мына сөзге қыздар қалай қарайтынын білмеймін. Ел ішінде бар. «Рөлдегі әйел — граната ұстаған маймыл» деген.
(Кететін шығар минустар)
Ottegin
граната ұстаған маймыл

Дәлірек айтсақ: «чекасы жұлынған гранатаны қолына ұстаған мас маймыл»
araika
шопырдың қыз болғаны құптарлық: біріншіден-тазалық, екіншіден-ішімдіктен аулақ, үшіншіден-жол ережесін көп бұзбайды :)
meirzhan
троллингің бар болсын :)
araika
саған да керек пе сондай шопыр? :)