Күміс қатерлі ісікті емдей ме?

Күмістің адам ағзасына пайдасы зор деседі. Күмістің денсаулыққа пайдасы ғылыми түрде дәлелденген бе?
Нұржан Құныпиянов, Алматы қаласы

Қазақ халқы ежелден күмістің адам ағзасына пайдасы бар деп сеніп, күміс ыдыстан тамақ ішіп, күміс әшекейлер тағып, сәби дүниеге келгенде нәрестені күміс теңге салынған суда шомылдырып, «Баланың күні күмістей жарық болсын» деген жоралғы жасаған. Металдың өзінің әдемілігімен қатар, таңғажайып емдік қасиеті де жоқ емес. Күмістің емдік қасиеті медицинада дәлелденген. Емшілер өте ерте заманда-ақ күмістің қасиетін ерекше бағалаған. Мысалы, Үндістанда, Египетте, Ресейде күміс қосылған суды түрлі ауруларға ем ретінде пайдаланған. Адамдар мұндай судың өмірлік қуат беретін ерекше сиқыры барлығына сенген. Ғалымдар болса, күмістің бұл қасиеттеріне ХІХ ғасырдың аяғында ғана мән беріп, зерттей бастапты. Күміс сумен әрекеттескенде иондалып, оның құрамында ұзақ сақталады. Сондықтан күміс қосылған су ағзадағы көптеген зиянды микроағзаларды жояды. Адам ағзасының тұмау және жұқпалы ауруларға төтеп бере алмауының себебі иммундық жүйедегі күмістің азаюынан болады. Күміс тек қана ауру тудыратын элементтерді жойып қоймай, ағзадан зиянды токсиндер мен микробтарды шығарады. Тіпті ағзада аз ғана күміс жетіспеушілігі байқалған жағдайда адамның жұмыс істеу қабілеті төмендеп, қорғаныш қасиеті азайып, тез шаршау пайда болады. Шетелдік дәрігер Роберт Бекер күміс иондарының адам ағзасындағы жасушалардың көбеюіне әсер ете алатындығын дәлелдеген. Ол өзінің ғылыми кітабында күміс иондарының қатерлі ісік ауруына шалдыққан адамдардың жасушаларын қайта тірілтіп, көбеюіне көмегі барлығын жазған. Алынған жері
Бөлісу:

16 пікір

KILYZAMAN
«Күміс» суды үйде жасауға арналғана иондаушы(ионизатор). Бұл құрылға 60 тонна суды күмістей алады екен. Үш адамнан тұратын жанұяға бұл су бес жылдам астам уақытқа жетпек.

Құрылғы екі түрлі күміс су жасай алады:

1. Ауызсу, күміс иондарының концентрациясы — 35 мкг/литр. Мұндай су санитарлық нормалара бойынша тамаққа(әшуге) жарамды деп саналады (СанПиН 2.1.4.539-96 бойынша ауыз суының күмістік құрамы 50 мкг/литр)ге шейін. Дәрігерлер бұл суды сусын ретінде және түрлі кеселдерді болдырмау шарасы ретінде де пайдалануға болады деп кеңес береді.

Орасан зор пайдасы — асқазан мен ішек жолдарындағы ауыруларды емдеуі(болдырмауы). Тамақ даярлаған кезде де қолданған дұрыс. Түрлі тосаптар мен тұздаулар жасағанда да пайдасы зор. Ыдыстар мен бала ойыншықтарын жуу арқылы бактерияларға қарсы шараларға да таптырмайды.

2. Күміс иондарының концентрациясы 10 000 мкг/литр болатын су. Мұндай суды өкпе-бронх ауыруларына қарсы(ингаляция), жуынуға, өсімдіктерді суғаруға, жеміс-жидектреді жууға қолданған абзал.
(19.81 Kb, 349x372)(5.69 Kb, 233x223)
Пікір түзетілген: 6 шілде 2011, 19:49
meirzhan
Мен жалпы әшекейлерді адамдардың не үшін тағатынын түсінбейтінмін. Әсіресе ер адамдардың. Одан да пайдалы заттарды, тұрмысқа жарата алатын заттарды неге сатып алмасқа деп ойлайтынмын. Күмістің пайдалы қасиеттері бар екенін білмеппін, нақтырақ айтқанда ұмытыппын. Ал басқа әшекей заттарының пайдалы қасиеттері бар ма? денсаулық үшін. мәселен, алтынның.
KILYZAMAN
Ежелден күмістің адам ағзасына пайдасы бар екенін білген халқымыз күміс ыдыстан тамақ ішіп, күміс әшекейлер тағып, дүниеге келген нәрестені күміс теңге салынған суда шомылдырып келе жатқаны да металдың қасиетінің көрінісі шығар. Күмістің емдік қасиеті медицинада да дәлелденген.
толық нұсқасы
KILYZAMAN
Күмістің пайдалылығы ежелден белгілі. Әлемге әйгілі патша Ескендір Зұлқарнайын (Александр Македонский) жорыққа шыққанда күміс құтымен бұзылмайтын, керемет шипалы су алып жүреді деген аңыз бар. Ал судың ерекше қасиетке ие болып бұзылмай сақталуы күміс ыдысқа байланысты екен. Күмістің емдік қасиеті мол. Ол тістің қызыл иегін зақымданудан сақтайды, түрлі бактерияларды жойып, асқазан-ішек жолдарын тазартады. Сондықтан, мүмкіндігі бар адамдар күміс қасықтарды пайдаланады. Қасық жұмсақ қақталған ақ күмістен жасалса, тіпті жақсы. Мұндай күмістің иондары суға бөлініп, ерітінді түрінде ағзаға сіңеді. Қолданыла келе күміс қасықтың жиегі мүжіле бастайды. Бұл ағзаның күміс иондарын қаншалықты пайдаланғанын көрсетеді екен.
Күміс қасық, әсіресе, жас балаларға өте пайдалы. Балаға балды, тосапты және т.б. тағамдарды күміс қасықпен қою күйінде берсеңіз, бала ағзасы күмісті жеткілікті түрде қабылдайды. Өйткені, бала қасықты аузында көбірек ұстаған кезде күміс иондары оның ағзасына көбірек тарала бастайды екен.
Дененің көгерген жерлері тез және оңай емдеуге көнеді. Бірақ, оны үй жағдайында өзің емдеумен қатар, қай кезде дәрігерге қаралу керектігін де білген жөн. Көгерген жердің ауырсынуын басудың ең жақсы тәсілі – сол жерге мұз қою. Мұны мүмкіндігінше көгеру бойына, шамамен 10 минут бойы ұстау керек. Әдетте көгерген жер екі апта бойы кетпейтін болса, мұз қою оны жеделдетеді әрі жеңілдетеді.
Емдеудің тағы бір тәсілі – соғылған жерді, мысалы, аяқ немесе қолды 24 сағат бойына жоғары көтеріңкіреп, қозғалтпай ұстау керек, ал содан кейін ыстық сүлгімен ораған жөн. Бұл соғылған жерге қанның көбірек келуін қамтамасыз етеді.
Егер, тері зақымданбаса, онда көгерген жер білінбеуі үшін косметикалық кремдерді немесе опаларды жағуға болады. Тізенің асты көгерсе, ол басқа жердегілерге қарағанда ұзақ сақталады. Бұған жоғарыда айтылған әдіс, яғни 10 минут мұз қоюдан кейін ыстық сүлгімен орау жақсы көмектеседі. Сондай-ақ, санда, сирақ бұлшықетінің арт жағында және басқа да жерлерде көгеру пайда болса немесе мұрыннан қан кетсе, етеккір мол келсе, жарақаттанған жерден кеткен қан тоқтамаса, міндетті түрде дәрігерге бару керек. Себебі, бұл басқа аурулардың белгісі болуы да мүмкін.
алынған жері
satibaldi
Күмістің адам ағзасына пайдасы зор деседі. Күмістің денсаулыққа пайдасы ғылыми түрде дәлелденген бе?
Нұржан Құныпиянов, Алматы қаласы
satibaldi
Нұржан Құныпиянов, Алматы қаласы
satibaldi
KILYZAMAN
Сені емдейтін күміс емес, құйысқанға жабысқан қи…
satibaldi
Күмістің адам ағзасына пайдасы зор деседі. Күмістің денсаулыққа пайдасы ғылыми түрде дәлелденген бе?
Нұржан Құныпиянов, Алматы қаласы
konvict
Мұсылман ер адамдарға тек күміс тағу керек деген осыдан қалған ба?
Gamk
Бұрынғылардың қолына күміс тақпаған келіншектің құйған шәйін ішпегенін оқығам.
Abilakim
ол келіншек ауық -ауық қолын шәй құйған кесеге малып отыратын болған шығар)))
Gamk
Салмайтынын біле отырып неге айтасыңыз Әбике?
Meru
Апамның күміс білезікті басым ауырғанына пайдалы деп білегінен тастамайтынын білемін, бірақ шынымен көмектесетіні туралы сұрамаппын))
Abilakim
Бір жігіт былтыр ішіп алған кезінде мынандай әңгіме айтқантын.
«Менің желкем ауырады ғой, оны талай айтып та жүрмін.күміс пайдалы дегенге бағана мына шынжыры құрығырды сатып ап ем,қазір жақсы боп қалды» Осыдан ақ күмістің тез әсер ететінін білуге болады
KILYZAMAN
Ана ионизаторды(сол принципте жұмыс жасайтындай қылып) жасап алу әдістемесі бар екен…