Wordpress-те импорт / экспорт немесе блогты қалай көшіру керек?



Wordpress-тегі блогты көшіру қазір актуальды тақырыптардың бірі сияқты. Әсіресе wordpress.com жүйесіне Қазақстанда жол жабық болғасын және жаңа блог жүйелері ашылғасын. Осы импорт / экспорт туралы қысқаша түсіндіре кетейін.

Алдымен жаңа блогыңызды ашасыз. Қаласаңыз ішіндегі алғашқы жазба, бет, айдарларды өшіріп тастаңыз.

Сосын ескі блогыңызға кіресіз де Export (Экспорт) дегенге басасыз. Сол жерден блогтағы барлық жазбаны экспорттауға болады. Егер блогта жазба саны көп болса, жазбаларды айдарларымен бөлек-бөлек бірнеше экспорт файлын жасап сақтауға болады.

Сосын жаңа блогыңызға келіп Import (Импорт) дегенді басамыз. Ол жерден Wordpress дегенді таңдаймыз. Сосын ескі блогтан сақталған экспорт файлын жүктейміз. Егер суреттерін де көшірсін десеңіз, импорттау кезінде оны да белгілейміз.

P.S wordpress.com-дағы блогтан экспорт жасау үшін Опера турбо арқылы немесе Билайн арқылы кіріңіз.

P.S.S егер көмек керек болса жекеге хабарласыңыз, көшіруге көмектесемін.
Бөлісу:

12 пікір

asaubota
осы әдіспен Әбіләкімнің блогы 2 жарым минутта көшірілді
Abilakim
Сағаттар сырғиды, минуттар жылжиды, блогтар көшеді
Aikona
kazjur.kz жаңа блогтұғыр ма? Бәріміз тіркеле аламыз ба?
timurrr
kazjur.kz-ға да qazaqblogger.com-ға да барлығыңыз тіркеле аласыздар.
TOTY
@asaubota, рахмет!!! Қиналып «миым жетпей» жатса, хабарласам!!!
Пікір түзетілген: 27 маусым 2011, 12:10
asaubota
Қазнетке қызмет етемін
seken
Жарайсың! Алла разы болсын!
urimtal
«импорт» пен «экспорт» талғаулары Құрал-саймандар тақтасының — құралдар (Tools) бөлімінде
Jacqabaies_Chirac
JACQABAIES.TK уортперсстің импыртын мынаған қалай тіркейміз а нақ?
Пікір түзетілген: 27 маусым 2011, 12:29
timurrr
Аршат, мақалаң жақсы ғой, бірақ суретті не бейнелі болса қатып кетер еді… Өзің айтпақшы пойыздан түскендер бар…
asaubota
wordpress.com менде ашылмағасын скрин қоймадым. басқа платформаның скринын қойып жұртты шатастырмайын деп.
timurrr
Аааа… түсінікті… кешіріп қоярсың… Түсініктірек болсын дегенім еді ғой.