Мүшел дегеніміз не?
Қазақтың ырымы, наным сенімдерінің бірі — мүшелді бәрің білетін боларсыңдар? Міне осы мүшел төңірегінде әңгіме қозғамақшымын. Мүшел дегеніміз — қазақтың және жалпы шығыстың жыл санауындағы ( 1)тышқан 2) сиыр 3) барыс 4) қоян 5) ұлу 6) жылан 7) жылқы 8) қой 9) мешін, маймыл 10) тауық 11) ит 12) доңыз) 12 жыл. Ең бірінші мүшел 13 жас одан әрі 25, 37, 49, 61… он екі жыл қосылып әрі қарай кете береді. Осылардың ішінде 25, 37, 49 жастарды қауіпті кезеңдер санап, аман -есен өтуі үшін құран бағыштап, өзінің қатты жақсы көретін киім — кешектерін жақын жуықтарына тарату сияқты ырым жоралғыларын жасап жатады. Жақында бір отырыста осы қауіпті кезеңге байланысты қызылкеңірдек болып айтыстық та қалдық Олардың барлығының түсінігінше 24, 36, 48, жастарды қауіпті кезең болып санайды екен. 25, 37, 49 жастарға жеткенде қауіпті кезеңнен өттік деп ойлайды екен. Мен оған қарсы болдым. Өйткені 25, 37, 49 жастарда болып жатқан бақытсыз жағдайларда: ойбүй байғұсай мүшел жаста екен ғой деп жатады ғой. 24, 36, 48 жастарда болса олай айтатынын естіген жоқпын өзбасым. Осыдан түсінуге болады емес пе? Жоғарыда айтқан жоралғыларды да осы себепті жасайды ғой. Міне сондықтан әрбір мүшелдің бастапқы жылынан аяғына дейін жетсем деген ырыммен жасалады осы нәрселер. Осыны түсіндіре алмай әлек болдым әлгілерге, онымен қоймай сендердің Ойыл жақтарыңда сөйтетін болып тұр ғой деп мазақ қылады адамды күйдіріп ептібайымайдтар Мүшел туралы басқа сендер не айтасыздар достар? Таңертең келе сала гуглдетіп едім, мына мақалада толық жақсы жазылған екен.
Негізі бар ғой, осы жылы қиын боп тұр, бірақ АЛЛАға шүкір, бәрі оңалайын деген сияқты. Жиырма төрт пе, бес пе білмеймін, сенуге де болмайды ғой. Бір бұйырғаны болар ау…
Лузерліктің мүшел жасқа ешқандай қатысы жоқ.
Бір қазақ емес, жалпы, Орта Азия халықтарының көбінде адам өмірін 5 мүшел тобына және адамның ұзақ өмір сүруіне қарай мүшелдерге бөледі. Мүшел топтары — балалық, жігіттік, кісілік, кәрілік және таусыншық кезеңдермен сәйкес келеді. Ал мүшелдердің тізімі — 13 жас — ер жете бастау, 25 жас — жігіттік шақ, 37 жас — ақыл тоқтату, 49 жас — орта жас, 61 жас — немере сүю, 73 жас — қарттық, 85 жас — кәрілік, 97 жас — қалжырау, 109 жас — шөпшек сүю, 121 жас — немене сүю болып есептеледі. Әрбір мүшелдің 12 жастан тұратынында да астрономиялық байланыс бар. Айталық, 12 жылда Юпитер өз орбитасымен Күнді бір айналып шығады, ал Күн жүйесі планеталарының ғарыш кеңістігінде өзара бір қалыпта орналасуы бір үлкен мүшелде (5 жай мүшел) қайталанады. Оны былай қойғанда, күнтізбекке көз жүгіртейік. Бір жыл он екі айдан, бір тәулік 2 он екі сағаттан, ал бір сағат 5 он екі минуттан, тиісінше, 1 минут 5 он екі секундтан тұрады емес пе?! Айналып келгенде, күн санау, 60-тықпен (60 секунд, 60 минут) есептелсе, адамның бір үлкен мүшелі де 60 жылды құрайды. Ұқсастық орасан.
Мүшел санаудың биологиялық негіздері де өте көп. Адам ДНК-сы 12 оралымнан тұрады. Әрбір он екі жыл сайын адамның физиологиялық дамуында ерекше құбылыстар болып тұрады. Айталық, 13 жас — жыныстық кәмелеттің басталуымен тұстас келсе, 25 жаста — бой өсіретін гормон жұмысын тоқтатады. Ал 49 жас — ұрық қабілетінің азая бастауымен ерекшеленеді.
жалғасы www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=1013