Анар

Тақсам ба екен мойныңа дала шығын,
Дейсің бірақ, даланың баласымын.
Жанарыңнан жатырқап мына менің,
Анарыңа қадалған қарашығым.

Ірікілетін мың ойым ішімдегі,
Кеудеңдегі бұлқынған күшің бе еді?
Сол анарың сонау бір Семейдегі,
«Қыземшек» тауын еске түсіргені…

Анар деп басталатын асыл атың,
Көкірегіңе самал жел асылатын.
Шархатпен көмкерілген шағи көйлек,
Төсіңдегі дөңесті жасыратын.

Қою шашың өрнекті өрілетін,
Арқаңа толқындана төгілетін.
Әйелдік қасиетің мен бар болмысың,
Анарыңда жатқандай көрінетін.

Қымтап қойсаң денеңе қуатыңды,
Еркек көзін басқаға бұратын-ды.
Жолыққанда өзіңмен еріңдерім,
Атыңды жүз қайталап тұратын-ды.

Төсегіңнен тұрғанда ертеменен,
Төсіңе күн телміріп ентелеген.
Сен де әлі қойныңа құлатарсың,
Өмірге әкелгенде тентек өрен.

Бөбегің қойныңнан бал жұтар керім,
Бебеулетіп бойыңнан құт әндерін.
Бар әлемді тербетіп отырарсың,
Анарыңнан аңқытып жұпар лебін.

Содан соң ұйқысырап көз ілерсің,
Мейірімнің шуағына көмілерсің.
Анардың шын бағасын ей, адамзат!
Анаңның құшағында сезінерсің.

Олжас ҚАСЫМ
Бөлісу:

73 пікір

ushkin
Ех… Не деген керемет өлең!!!
boztorgai
бөбектің атымен әдіптемесе қазақша эротика
Aizhantabyn
ер адамдар «о высоком, но так по земному» жазады ғой…

ұнады бәрібір
konvict
Соңғы екі жолы болмағанда минус қояр едім.
meirzhan
Осы біз — пен қорқытуды қашан қоямыз?
Altygradus
сол ғой енді біздікі
konvict
Ешкім минуспен қорқытып отырған жоқ. Минус, плюс деген жазылған посттың ұнау ұнамауы үшін берілген деп ойлаймын. Маған өлең ұнамады. Бірақ, соңғы екі жолы ғана жақсы екен.
Altygradus
жаңадан тіркеліп жатқан адамға минус қоюға батпадым
Соңғы екі жолы болмағанда минус қояр едім.
мен керісінше сол үшін қойдым ортадағы марканы, менше не әрі не бері емес өлең. Мейірімі туралы айтып жатқаны, «анарының» әдемілігі туралысы, ортада қалған сияқты керемет өлең сүйер де адам емеспін бірақ сондай впечатление бір қарағанда
Delhi
Жақсы өлең екені рас,қым -қиғаш))) Ана мен баланы эротикаға салып сипаттаған екенсің, аямай тұрып…
satibaldi
Ұлы Кезеңде өмір сүріп отырмыз. Мың, бәлкім бес мың жылдан кейін архелогтар бас сүйегімізді тауып алып: «Поэзия деген өнер бопты, мыналар — соңғы куәларының қаңқасы» дейтін болар. Мұражайда тұрған қаңқамызда үңірейген көз сүйегіміз ұрпақтың алдында жерге кіріп кете жаздап тұрар. "Әттең, тірі кезіміздегідей көзді төмен салып жіберер ме ед!" деп, аңсап тұратын шығармыз…
Beytanis
«Ақындар», «ақынжандылар» түрлі мамандық иелеріне арналған өлеңдер (көңілді болсын ең бастысы шығарсаңдаршы. Өмірлеріне ең құрығанда бір үміт, бір серпіліс беретін, билеуге жарайтын әуендер болса. Әйтпесе, шыны керек «махаббат», «сезім», «адамдардың дене мүшелеріне», т.т. арналған жылауық әндер мезі етті.
satibaldi
Бұ пяншіктер класс, өлең шығарып, мектеп төңірегіндегі жинаған авторитет пен жақсы көзқарасты Интернетте де қалыптастырғысы келед. Болғаны сол. Нақтың.
Kasymolzhas
Әй, Сатыбалды! Не қыртып отырсың. Пяншігің кім? Бұл жерде отырғандардың біразы өлеңнің құрылысын да білмейді.Сөйтіп адамға күйе жаққысы келеді. мен интернетті жарнамаға айналдырып отырған жоқпын. Керектен басқа да жарияланған жерлерім көп. Олар сіздерге қарағанда қайта түзу көзқарастағы адамдар. Сондықтан, ауызға келгенді былапыттамай бір сәт ішкі жан дүниелеріңді тазартыңдар. Сынаған сайын өздеріңізді мықты сыншымын деп есептейтін шығарсыздар.Ал шындығында бұл өлеңдер үлкен ақындардан оң бағасын алып қойған.
Пікір түзетілген: 26 маусым 2011, 15:35
AKY
Хмм, окырмандарымен пикир таластырып отырганды Массагандагы Беккожы дегеннен гана корип едим… Окиништи, арине…
«Когамдык сотка озин шыктын ба дурыстап сотталсайшы» © деген еди бир амиго. Улкен акындардан он багасын алып койган болса несине куйип-писесиз? Арким оз пикирин жазуга кукылы. Ешкимнин аузына какпак бола алмайсыз.
zhazular
«аузымда қақпақ жоқ» деп оттай да беру жаман әдет емес пе екен негізі…
AKY
Оны енді әркімнің өз ар-ұятына қалдырайық
zhazular
мұның да дұрыс, бірақ «сыншы» көбіне қуып кетеді. мына жігіт соған ашынып кеткен ау деймін
Gastarbaiter
)))Сатыбалды, біреуге ұрысса да күлкілі да, «сабай түс жалаң төсіңді» дегенінен ақ бұттан кетіп жатасың))…
Шындығында ашу жанжалдың факторы көбейіп кетті сайтта. Меніңше біреудің әзіл көтере алмауына, ал оларша менің жауыздығымнан.
Кім кінәлі болса да, сәл тормоз бермесек, кісі шығынымен аяқталуы мүмкін.))
Понедельниктен бастап сайттың ізгі күштері баланс орнатыңдар, аса қарқынды жауынгерлер мен қара ниетті күштер аттың басын тарта тұрсын.))
Пікір түзетілген: 27 маусым 2011, 03:01
zhazular
ақ күштері
олар кімдер?
zhazular
сосын сатыпалды деген сен бе? кім өзі?
Пікір түзетілген: 27 маусым 2011, 03:03
Gastarbaiter
Кеннедиді өлтірген жігіт ғой.
zhazular
шешессс, янкиларға сдавать етіп жіберер ме еді өзін
Gastarbaiter
Нұрғиса, Омарбырат, Әбіләкім, Қисық, Архун, Секендердің негативін байқамадым. Солар ақ күштер шығар.
Қыздардан, Базука, Еркеқыз, (ВКМ- кейде), Айжанатабынның қонжығы (өзі емес, жалпы хайвайды айналып жүретіндер.
Қара күштер хайвайды өздері іздеп, немесе соған араласуды күтіп отырғандар.
zhazular
 ұрыс керіс көбейіп кетті шынымен. тиылу керек аздап. мен үшін «айдаһарларға» қарсы шыққандай көріндің. рахмет.
Gastarbaiter
Басында сен үшін болған шығар, бірақ ар жағы боқтан жасалған доппен волейбол ойнауға айналып кетті.(
zhazular
мен бәрін бақылап отырдым.
konvict
Өлеңнің жазылу мақсаты не? Соны айтшы.
KILYZAMAN
Ұйқас қуды деуге де келмейтін сияқты… Анаға немесе болашақ анаға(жалпы әйел затының табиғатына) деген сезімнің шешімін таппай қалған түйнегіне ұқсайды
zhazular
қыртым өлең! бірақ ақын баланың талабы зор деп айтуға болатын сияқты.
ken
негізі, керемет нәрсе ғой… керемет…
satvaldo
немене пәле мынау? іiiй, кiлең азабөшкiлер…
qisyq
Очм, өлеңнің логикалық қисыны (әлде қисынды логикасы) былай ғой. Бір жігіт бір қыздың анарын қааааатты ұнатады. Әлгі арудың есімін ерні жыбырлап, қайта-қайта қайталап, төсінен көз алмай қарайды. Жігіттің реалист болуына байланысты, ол әлгі қызбен болар болашағын әлдебір алып-ұшқан романтикамен емес, кәдуілгі отбасылық мамыражай тірлікпен елестетеді. Яғни, міне сонша жыл өтті, бұл керемет анардың иесі менің келіншегім, құшағында әні баласы бар, ол менің балам, анар, анар, анар…
Пікір түзетілген: 28 маусым 2011, 12:33
konvict
Бір жігіт бір қыздың анарын қааааатты ұнатады.
Памело Андерсондікін көрсе талып түсер
VKM
 _)Қисыыық,қатырасың!
konvict
ОРАМАЛ

Ақ ниеттің әнін айтып жырларым,
Тыңдап бәрін мен қасында тұрғамын.
Қарай-қарай мен артыма кеткенде
Қара түнде ақ орамал бұлғадың.

Онда ештеме жоқ та шығар айтулы,
Ойлама сен саған қарай қайтуды.
Көңілімдей көк аспаннан үзілмей,
Ақ орамал сияқтанып Ай туды.

Сенде, шіркін, мейірім қандай көп еді,
Сезбесең де қандай сиқыр бөгеді…
Айға айналған орамалың әлі де
Саған арнап ақ сәулесін төгеді.

Алтын табақ төбемнен күй толғаса,
Өзгердім ғой өткеніме жалғаса.
Әсем өмір көрінеді ажарсыз,
Аналардың әлпештеуі болмаса.
Артығали Ыбыраев
Лирикаңдыссссс!
sammita
оның несіне күлдің Дос?
meirzhan
А-ля Конви стиліндегі әзіл ғой Дос
sammita
Артығалиға күлгендей көрініп кетті. Дос.
meirzhan
каким-то образом Орамал мен Анарды ұқсатып жіберген ғой.
asaubota
мынау күшті өлең екен. неге ренжіп кетті екен бұл бала? мен бірінші рет оқып отырмын бұл баланың өлеңдерін, ана Қанардан кейін.
meirzhan
Қазақ осы виртуалды өлімнен кейін бағалайды деген рас екен-ау.
alisha
Артығали Ыбыраев деген Қасым Олжас па не?
Abilakim
Кетш, сен таза қуып кеттің ғой)))
sammita
Қасым Олжас деген Kasymolzhas.
Артығали… түсіндірудің өзі ұят. Тап саған.
Пікір түзетілген: 29 шілде 2011, 14:36
alisha
мен Аршаттың
мынау күшті өлең екен. неге ренжіп кетті екен бұл бала? мен бірінші рет оқып отырмын бұл баланың өлеңдерін, ана Қанардан кейін 
дегеніне жазғам, не болды сендерге?
sammita
қой ештеңе болған жоқ))
Меніңше Аршат жоғарыдағы «Анар»ды сілтеген сияқты. "Қанар«дан ауып келдік өзіміз де бұнда.
alisha
мүмкін соны жазған шығар. Артығалиды тап маған түсіндіріп қажет емес, хм-хм
Пікір түзетілген: 29 шілде 2011, 14:30
sammita
Артығали Ыбыраев деген Қасым Олжас па не?
қайдан білейік, сұрағыңа қарап. Қасымның тірі екендігін айта қояйық деп
alisha
менің қателігім сол — смайл қоюды ұмытып кеткенмін де… біреу минус қойып үлгеріпті ғой
sammita
мен емес. нанмен тамақ жеп отырмын. сенсең.
alisha
Жоға, сізден көріп отырғам жоқ Дәу де болса Мейіржаннан келді
sammita
Жойылсын жалғыз сөз соғыс деееген
meirzhan
Әзілің шығар. Мен + қойдым.
Әлде Саммита сияқты барлық комменттерге минус қойып шығайын ба.
sammita
күнәмді көтересің бе? Жалақор
meirzhan
чын солай болды ғой.
мын жақта емес. басқа постта
жай әншейін жазып отырмын.
sammita
мен онда айттым алдын ала. Міне саған минус қоям ендеше деп.
meirzhan
Міне саған минус қоям ендеше деп.
Бейне бір сыйлық (силық) берейін деп жатқандай «міне» депсің ғой.
жүйелі, жоспарлы түрде минусты қоятын адамды кездестірмеппін.
sammita
жалаға ерегесіп қойғам.
meirzhan
ол жала болған жоқ. просто әзілім біртүрлі
alisha
Ойнап айтам Әзіл ғой, сенің пікіріңнен кейін сол тұс қызарып қалыпты
meirzhan

Қызарып қалса, ұялғаны да.
Abilakim
Бәлкім сендер бұл өлеңді бірер апта бұрын оқығандарыңда Олжас Қасым қазір арамызда отырар ма еді((((
alisha
мен сол жарияланған күні оқып үлгердім, ұнады.
meirzhan
Қасым Олжас деген Арғын болса,
Берік Сұлтанов кім?
sammita
ооййй, кешір шатыстық.