Жұлдыздарға қанша шығындаламыз?

Әншілер мен әншісымақтар жайлы мына жерде бұрынырақта жазып кетіппін. Біраз пікірталасыппыз да. Бүгін тағы осы төңіректегі жазба жазылыпты .әрі қарай не жазуға болады?! Ақшаңыз банктегі шотыңызға симай бара жатса, бауырыңыздың не болмаса өзіңіздің тойыңызға әншілерді шақырғыңыз келді делік. Кімге қанша шығындаламыз?
Мен төменде әншілердің Қарағанды қаласына келетін бағасын келтіре кетейін.
Қайрат Нұртас — 2000 долларға 5 ән айтып кете алады. Бұның үстіне шешесі екеуінің ұшақпен келіп кетуі мен қонақ үй, тамақтану ақысын қосыңыздар.
Мақпал Жүнісова апамызға жобамен 700-750 мың төлеу керек.
Нағима Есқалиеваға ән салғызғыңыз келсе 600 мың теңгені дайындай беріңіз.
Ескендір Хасанғалиев ағамыздың өз аузынан «Азиада алауын» тыңдағыңыз келсе 450 мың теңгеңізді шотыңыздан сыпырып ала беріңіз.
Нұрлан Абдуллин деген жігіт ағасы тойыңыздың сәні болсын десеңіз 900 мыңның жобасында шашылуыңызға тура келеді.
Жанна Орынбасарова (кім,қандай өлең айтады білмейді екенмін)атты әнші 600 мыңның әр жақ бер жағында келісім беріп қалады.
Бөлісу:

58 пікір

edige
ТаныМАЛдау адамды шақырсаң…
Жақсы жағы: "Құлақ жауыр" ауыл асабасынан жаңалық күтіп өмірі өткен көпшілікке өзгеріс болады.
Жаман жағы: Ел әншілердің столына бара береді, жолды бөгеп кедергі болады «сиретке түсіп» дегендей. Шал кемпірге не жоқ деп қаламын сол кезде. Дәнекердің суретінің…

Бәрін айт та бірін айт: Ауылдағы Әбдірәшқа жетпейт ше… 3 кун алдын апаратын қойып кетеді… тексеріп кетуге келдім деп екі күн "ішіп кетеді". Той күні қайтпай бәле болады… 3000 теңге ақшасын «лготтан төлеймін» десең де келіседі…
Пікір түзетілген: 23 маусым 2011, 16:24
a63a1
Мейрамбекше?
Abilakim
Оның жеке бағасын білмедім
asaubota
шынымен андай ақша төлей ме адамдар?
Nurgisa
Бұл аз. Бір прейскурантты көргенімде, ең жоғары баға Батырхан Шүкеновке тиесілі еді. Одан соң JCS… МұзАрттардыкі де құбылмалы: тек үшеуі «минусовкімен» шықса бір баға да, түгел «толпа» боп труппамен шықса, өзге сома.
Abilakim
адамдарды білмейм, мемлекет төлейді іс-шаралар кезінде. «Салықтың ақшасы қайда кетті демеңдер нақ» дегендей…
edige
Жұбаныш 3000 мен барады деп есітіп жүрмін
Janasil
Орда, Ерболат, Жігіттердің келу ақысы қандай екен?
Abilakim
Қарағандыдағы концертінен соң өзім Қайрат Нұртасты 1000 долларға бір тойға апарғанмын.Кеп тұрғаннан соң түсірді бағасын.
saken
Нағиманы тойға келмесін деп төлер едім ана сумманы мысалға…
asaubota
лібә андай бағаға шақырып оларды ырбаңдата бергенше аз ақшаға болса да жергілікті әншілерді шақырған дұрыс қой. олар да адам олар да ән айта алады, айырмашылықтары тек аттарының танымалдығында шығар.

біздің батыс жақта сөйтеді әйтеуір, танымал адамдарды көп шақыра бермейді. Атырау жақта понт үшін шақыратындар бар деп естідім.
Abilakim
Менің де ойым сол ғой. Төсі Мәдинанікінен кем емес әнші қыздар бар. Бірақ екі айда бір кеп кетеді Мәдина әкімат жаққа.
edige
Төсі Мәдинанікінен кем емес
 күлкіден құладым
alisha
ой, Әбіл-ай… сенің шыққыр көзің төстен өзгені көрмейді екен
19852407
қазақ байыса қатын алады
байлар бәсекелесе беретін болды ғо қазір
omarbirat
Таныстарымның тойға барған әншілермен түскен суреттерін көргенде, тойға емес, сол әншілердің концертіне барған ба деп қаламын  Лібә, әлгі тойға бармаған әнші қалмаған екен.
balzaminka
Kurbymz uzatylp jatr Astanada. Kudalar Atyraudan. Sodan kzdn agasy namyska tyrysp kymbat restoran, kymbat anwi-biwiler dep wawyldy endi. Toiga kelgen halyktn jastarda, tilek aituwy men asabada waruasy jok, anwilerdi jagalap, jarsp suretke tusp 1az mazany algan edi. Agasnyn bar zadumkasy byt-wyt boldy desem artyk bolmas
satibaldi
Лібә, қазззақтардың астанасы — Аццсотонода мынадай қойня болыпты деп естідім нақ: біреу мегатой жасап, жынД сюрприз болад деп барлығын қызықтырып қойыпты. Христианы бар, дінсізі, үш намазы қаза болғандар бар, әйтеуір дүйім бомонд барыпты-мыс.
RIXOS Алаша ма, Палас па, әйтеуір бір гигақымбат жердің ресторанында өтіпті той. Лібә, тойдың ортасына қарай, залдың шамдары сөндіріліп, қайта жағылғанда, қақ ортада… ом манэ падме хуум! — ABBA-ның өзі тұр дейді!!!
Ох шешесс, ән үстіне ән айтқызып, мәз болып жатқанда, MTV-ді құр жібермей көретін шәйнаңдаған бір қыз:
— ABBA кеше ГРЭММИ-де жүр еді ғой, қалай келіп үлгірген? — деп, отырған жамааттың тасынан тартып қоймапты.
Сүйтсе, АВВА — Омбылық аферистер дейд, ммуах-ха-ха-ха-хааа, бұттан ақты нақ біржола
Abilakim
мынандай әңгімені де естіген ем. Бір министр той жасапты. «Ақ маржанның» орындаушысын алдырыңдар" деген нұсқау беріпті адамдарына. Заттыбектің жаңа шығып жүрген кезі екен, екі мың долларға әкеліпті. Қап-қара Заттыбекті көрген көкеміз «Мә, ақшаңды алда қайта берш» депті…
Aizhantabyn
кезінде тойымда міндетті түрде МузАртқа ән айтқызам деп ойлағам, қазір «жаба душит») Онанда сол ақшаға жақсы етіп дем алмаймын ба??

Бұйырса, тойда ән айтатын әншіні (жайский) өзім таңдаймын. Опера әншісін шақырғым келеді. Міндетті түрде Дива болмай ақ қойсын, тек әдемі альт болса болады))
satibaldi
Омбының аферистері лақтырып кетпесін
Arhun
Жақсы табады екен ақшаны, жұлдарымыз…
Қызығын көрсе — өзіміздің жұлдырдамыз көрсін
Makhabbat
Нұрлан Абдуллинге де 900мың бере ме?

боска ысырап барі
Qojeke
Ақымақ халық осындай әншілерге ақша шашатын. Ақымақ бас екі қалтаның соры.
Пікір түзетілген: 23 маусым 2011, 20:37
Zhanylai
"әншілер, теңге, доллар, баға, мені шақыра салыңдар, қырсам 40 мың, алам"
Одан да Қарағандыдан Әбіләкім ағамды шақырмаймын ба???
Zilola
Мен егер ұзату тойымды дүркіретіп жасар болсам:
Бейбіт Сейдуалиева, Гауһар Қаспақова, Роза Әлқожа, Баян Нұрмышова, Ғаділбек Жанай, Ақылбек Жеменей, Рамазан Стамғазиев деген кісілерді шақырамын
satibaldi
Ферросплавты сатып жіберетін болдыңдар ма не?
saken
Мәдина ше, Мәдина???
Zilola
оны көрмек түгіл, естісем
saken
эххх, заман-ай десеңші…
кезінде 2нің 1інің қалтафонында «Сүйген жүрек» шырылдаушы еді
Zilola
ол кезде көптің бақшасында піспейтін гүл еді, қазір қайда барсаң да Мәдина, қажыдым
alisha
Ол мейлінше беймәлім, жұмбақ кезінде қызығырақ боп еді, «Махаббат жалынын» қалай тыңдап ек?! Қалай танымал бола бостады, солай сүйкімділігін жоғалтты.
Altygradus
сол өзі ана Азиададан кейін де ұялмай әлі ТВға шығып жүр ме
AKY
Не де болса Мәдина — сұлу!
Altygradus
фуф қойш
19852407
сұлу болуды мықты меңгеру де — өнер ғой
AKY
Бейбіт Сейдуәлиеваны мен де жақсы көрем.
Zilola
Маған ұнайтыны, сахнада өзін ұстауы. Ән орындағаны, бас игені бәрі өзіне жарасып тұрады
AKY
Даусы да жағымды
chimaq
urimjige qazaqstannan anchiler keled dep qazaqcha kanaldardan aityp jatady,ishimnen barghym kelip otyradi....asirese orda toby odan erbolat qudaibergenov keled degende,aqyry bireuine bara almadym..
VKM
Тойды жергілікті жұлдыздармен жасай салса, арзааааннн....Әншілерге 100 доллардай береді. Біз биге 1 биге 5000нан аламыз.Ең аз дегенде 3 би
Beytanis
Тойды «жұлдыздарсыз» туған-туыс, дос-жаран билеп, билеп, билеп қайта салса қызық болмай ма?
VKM
профи болса жақсырақ сияқты, худ. самодеятельность емес)
Beytanis
Ішіп алған адамдар әртістерге көңіл бөлмейді де ғой, әнеубір Мейрамбек түскен кинодағы той секілді.
edige
Билейсіңдер… еще ақша аласыңдар ма?
VKM
мәссаған, тегін билеймін бе?)
Abilakim
минустасаңдарда осы сұрақты қояйынш. ақша қысатындар бар ма? Ең көбі қанша қысты?
Beytanis
Жұрттың көзінше бұлай істей қоймас. Жігіт-желең, еркектер болып отырғанда болмаса…