«Ойтөбе» ашылды!

Абай.кз сайты «Ойтөбе» ашылды! деп, мақала жазыпты. Осыған қарап: "Іс жүзінде ашылғанынан бірнеше айдың жүзі болса да е "өлісі", е «тірісі» белгісіз жатқан блог-тұғыр ресми түрде ашылған болар" деп ой түйдім.… блог-тұғырдың ресми ашылған уақытын Ойтөбеде былай деп көрсетіпті: Ойтөбе 2011 жылдың маусым айында іске қосылды. Төбенің бастауында тұрған – «Абай-Информ». Сонымен, Ойтөбе деген не зат десек:
«Ойтөбе» — әлеуметтікке бағытталған блог-тұғыр.
«Ойтөбе-news» бөлімінде күнделікті жаңарып отыратын жаңалықтарды бағалауға, оларды талқылауға да, тіпті әлеуметтік сайттарда достарыңызбен бөлісуге де болады.
«Ойтөбе» — онлайн life-style журнал. Бұл бөлімде біздің блог-тұғырда жарияланған жазбалардың үздіктері мен ерекше назарға ілінгендері шығып тұратын болады. Бұл бөлімнің ерекше перспективасын әлі қарастырып жатырмыз.
«Бүгін төбеде» — бұл танымал блогерлерді одан да танымал ететін промо-бөлім. Бір күнде ерекше талқыланып, назарға іліккен жазба мен оның авторы марапатқа ие болатын болады.
«Ойтөбе» блог-тұғыры негізгі екі ірі бөлімнен тұрады. «Төбе» — жеке блогтар және «Мінбер» — қауымдастықтар. «Төбе» — әр тіркелген блогердің жеке блогында жарияланатын жазбалары. Бұл бөлімдегі жазбаларды тек блогқа жазылған достары ғана оқи алады. Ал «Мінберде» жарияланған жазбалар қауымдастыққа мүше әр блогер оқи алатын ортақ жазбалардан тұрады.
oitobe.kz/index/about
Бөлісу:

21 пікір

e_zhalgas
Назар аударғандарыңа рахмет! Өзім «Ойтөбенің» ашылуы ретінде осы жаңа формат пен концептке көшкен уақытт деп есептеймін. Негізі, сайттың мақсаты мен бағытталған аудиториясы дәл осындай болуы керек. Жаңалықтық сипат алуы керек деп есептеймін!
asaubota
бұрынғы концепттен құтылуыңмен коллега! сәттілік тілеймін, осындай Ойтөбе, Керекинфо сияқты блог-платформалардың көбейгені жақсы. қазақша контент тез дамиды.
konvict
Қарасақалың төбеде отыр ғо, я?
meirzhan
Сол ғой сол. Царь горы деген ойын болушы еді бұрын. Кім дөңге шығып алады. сол жеңетін. сол сияқты.
Победителю — все.
chimaq
qandai eken korip keleiin...basqa nickpen…
qisyq
Құтты болсын, Жалғас) Бұрынғы Ойтөбені шалыс басқан блогшыларды айдап жіберетін Итжеккен немесе Барсакелмес деп қалжыңдаушы едім, мына нұсқасы жаман емес секілді. Сәттілік!)))
edige
ия ия құтты болсын… АЛҒА ТЕК
meirzhan
Енді Ойтөбеге айдалу арман.
Zilola
айдалмай жаза берсең болмайды ма?
тіркелу ақылы ма?
meirzhan
Менің ең жақсы көретін кином — Желмен айдалғандар.© @VKM
Жоқ, бұл доменді тіркеу емес, профильді тіркеу ақысыз.
Пікір түзетілген: 24 маусым 2011, 18:29
Zilola
Енді Ойтөбеге айдалу арман.
деген пікіріңе жазған едім да, арман болып кетпей тұрғанда тұрақты жазарман деген статус алып ал
VKM
@meirzhan,қандайсың?))
meirzhan
ренжіп қаласың ба деп уайымдағанмын.
VKM
неменеге ренжимін? Бірақ ақырғы кезде тенденция: менің қатемді тексерген адамдар көбейіп кетті.Бір күні «орысша форум,қайдасың?» болмасам болды.
meirzhan
«орысша форум,қайдасың?» деуге кез-келген уақытта үлгересің. Бірақ сен онда (сол орысша форумда) жүрек түкпіріндегі сезімді оятатын, ұлтжанды, жаныңа жақын жазбаларды оқи алмайсың. Қазақтың дархан мінезін байқай алмайсың.
""қазақ дәстүр, тарихын білемін " деген негізгі мақсатыңнан ауытқисың.
сондықтан да… позитив ля-ля-ля деп жүре берсей
VKM
Отырғанмын орысша форумдарда да, достарым көп болған…