"Мен сендердің төбелеріңнен қарап тұрамын"

Бүгін Алматыда Студенттер сарайында белгілі, талантты журналист Руслан Бөлебайды еске алу кеші өтті. Кеште естеліктер мен жақын араласқан достары келді. Ол 1985 жылы Қызылорда облысы, Шиелі кентінде көп балалы отбасында дүниеге келген. Қазақ журналистикасында өзіндік ізін қалыптастырған, ерте жұлдызы жанған, 15 жасынан бастап қазақ Бұқаралық ақпарат құралдарында тырнақалды мақалалары жарық көріп, 2002 жылдан бастап республикалық, қалалық газеттерде тілші қызметін атқарды. 2005 жылы КТК телеарнасының тілшісі, 2008 жылдан бері «Қазақстан» ұлттық арнасының «Таңшолпан» бағдарламасының жүргізушісі болды. 24 жасында құйрықты жұлдыздай ағып түскен жас журналист, талантты тілші қысқа да болса ғұмырында талай биіктерді бағындырып үлгерді. Руслан Бөлебай 2003 жылы «Еуразия айналымы» 2-ші халықаралық жастар форумының бас жүлдегері, республикалық студенттер Олимпиадасының журналистика секциясы бойынша 1-ші орын иегері, 2004 жылы ВВС радиосының «Мен ВВС Қазақ қызметінің басшысы болсам» атты байқауының бас жүлдесін жеңіп алған. Осыдан бір жыл бұрын ағасының жолын қуушы Айнұр Бөлебай «Айдындағы аруыма» атты естелік кітапты шығарған болатын. Концертте Руслан жайлы қобызшы, өмірде де, өнерде де досы болған Ақерке Тәжібаева былай деп еске алды: Руслан өмірден озарынан 2-3 күн бұрын Ақеркеге Көктөбеге шығайық деген. Сонда Көктөбеге шығып Русланның айтқан сөзі мынау болған: «Кейін мен сендерді Алматының төбесінен қарап тұрамын» деген. Ал, Р.Бөлебайдың соңғы жасаған хабары көлік апаты жайлы және одан сақтану жолдары туралы болған. Алла өмірден озарын осылай білдірген шығар, жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!
Бөлісу:

8 пікір

patick
"Өлген сиырдың бәрі сүтті" — Бұны шығарған қазақтың өзі. Әрине, Руслан марқұмға еш наразылығым жоқ. Просто, өлгеннен кейін ұлы қылатын қазақты түсінбеймін.
omarbirat
Қазақ журналистикасында өзіндік ізін қалыптастырған, ерте жұлдызы жанған, 15 жасынан бастап қазақ Бұқаралық ақпарат құралдарында тырнақалды мақалалары жарық көріп, Ол 1985 жылы Қызылорда облысы, Шиелі кентінде көп балалы отбасында дүниеге келген.
деген жері маған жетістіктерге жетіп алғаннан кейін дүниеге келген сияқты әсер қалдырды. Сөйлем құрылысы дұрыс па?
Abilakim
Сиви Махмуди деген қыз Руслан марқұмға бір қатысым бар деп жүруші еді…
19852407
сен секілді төс қалтасына суреттеін жинап журмепті, бірақ қатысы тошно бары ып-ырас
Gastarbaiter
Қазақ ғана емес Патик. Адамдар сондай. Ал Русланға қазір бәрібір. «Мен өлген соң итке тастасаңдар да бәрібір» дейтін еді әжем ренжіген кезінде.